Қаңлылар-Қаңлы тұрғын үйіне сипаттама жасау.
Бағалау «Екі жұлдыз,бір тілек»
М:Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпаларының ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалдары шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді.
1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті. Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.
Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бұлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәдениетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қарағанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.
Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы юечжиге, ал солтүстік бөлігі ғұндарға тәуелді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 1-ғасырында мүндағы жағдай өзгеріске ұшырайды. Бүл кезде Амудария мен Сырда-рия аралығындағы юечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күшеюіне мүмкүндік береді. Қаңлылар одағының құрамына жоғарыда аталған бес иелік кіреді. Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы мен Орал өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды.
https://www.youtube.com/watch?v=kNUmyH58Yuc Мультимедиа.
ЦОР6сынып
.ЦБР 112. Қаңлылар.
«Ежелгі Қазақстан тарихы»
Оқулық, мәтіндер. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.
Сергіту сәті
2 минут
«Таңда да, таста «стратегиясы Сергіту сәті: «Таңда да таста» стратегиясы қолданылады.
Оқушылар қағазға бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты сөздерді жазып, умаждап бір-біріне лақтырып ойнайды.
Содан кейін бір қағазды таңдап алып ішіндегі сөзді оқиды.
Сол сөз бүгінгі сабақтың тақырыбына сәйкес келетіндігін анықтайды, мағынасы ашады.
«Таңда да, таста»стратегиясы
Аяқталуы
Сабақты бекіту.
5 минут
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
5мин
Кері байланыс
3 минут