Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Шай ішу
|
Мақсаты
|
Шай ішу адам денсаулығына пайдасын білуге,. сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қойып қолдануға үйрету, оқулық материалдарынан тыс кең көлемде түсінік беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер, нақыл сөздер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.Алған білімдерін пысықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі:- Бүгінгі сабақ Балалар, біз бүгін ас туралы тақырыпты жалғастырып, шай және кофе туралы әңгіме жүргіземіз. Шай бізге қайдан пайда болғанын білеміз. Шайды дұрыс шығару ережелермен танысамыз.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс.
Шайдың Отаны - Қытай. Ол Еуропаға кофемен бір ғасырда әкелінген. Шай көп елдерде аса сүйікті сусынға айналады. Қою шығарылған шай ағзаға кофе сияқты әсер етеді.
Шаймен бірге қант, конфеттер, лимон, кілегей беріледі. Олардан кейін бутербродтар, кекс, печенье, жемістер береді.
Қонаққа шай беру үшін арнаулы ыдыс керек. Шай құюға бәрінен де фарфор, қышпен бірге күміс ыдыс та жарайды. Ыдысты сода салып, тек қана ыстық таза сумен жуады, химиялық кірден тазартатын заттардың ешқайсысы қолданылмайды. Шай қайнату үшін шәйнекті алдын ала ыстық сумен шайып алу керек. Құрғақ шайға қатты қайнаған ыстық су құяды да, дастарқанға әкелерден бұрын 5 минуттай шығарып қояды. Шайды жабылатын ыдыста сақтау керек, өйткені ло иісті оңай сіңіріп, дәмінен айырылады.
Өлеңді тізбектей отырып, кезектестіріп оқыту.
Кім көп біледі?(сұрақ -жауап әр сұрақ жүз теңге)
Сурет бойынша әңгіме құру.
1. Шайды немен ішеді? (Флипчартта сөйлем жазу)
2. Оқулық арқылы
- Суретте кімдер бар?
- Суретте ата, әке, ана отыр.
- Бір сөзбен қалай айтамыз?
- Бір сөзбен айтқанда отбасы деп айтамыз. Отбасы сөзге қандай синонимдер білесіңдер?
- Отбасы сөзіне синонимдер жанұя, семья, шаңырақ.
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Суретте отбасы шай ішіп отыр?
- Шайды кім құйып отыр?
- Шайды анасы құйып отыр.
- Дастарқан үстінде не жасалып тұр?
- Дастарқан үстінде табанан, бауырсақ, құрт, сүт жасалып тұр.
- Қалай ойлайсыңдар отбасы мүшелерінің көңілдері қандай?
- Отбасы мүшелерінің көңілдері жақсы деп ойлаймын, себебі қазақтардың мақалы бар «Шай ішсек — көңіл жай».
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
Жаңа материалды пысықтау.
Грамматикалық тапсырмалар
1. Қарамен жазылған сөздерді қалай атаймыз?
(Шылау сөздер)
2. Септеулік шылаулары бар сөйлемдерді дұрыс құрастырып, бастауыш пен баяндауыштын астын сызыңдар.
Сөйлемдер:
Шаймен бірге қант, конфеттер, лимон, кілегей беріледі.
Қонаққа шай беру үшін арнаулы ыдыс керек.
Шай құюға бәрінен де фарфор, қышпен бірге күміс ыдыс та жарайды.
Дәптермен жұмыс.
Кішіпейіл бол деген, бауырмал бол, тіл алғыш, мейірімді, ынтымақшыл.
|
Үйге тапсырма
|
Үй жұмысы: Какао туралы жұмбақ жазу;
Шай, кофе, какао туралы аңыздар іздеп, жазу;
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Тамақтануды тиімді ұйымдастыру
|
Мақсаты
|
Тамақтануды тиімді ұйымдастыру туралы мәлімет беру. Тиімді тамақтанудың қағидалары мен ұсыныстарымен таныстыру. Оқуға, білімге құштарлығын арттыруға баулу. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, жаңа технологияларды тиімді қолдану.
.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Мен сіздерді ортаға шақырамын. Балалар, бүгінгі сабағымыз жақсы өтіп, сендерге сәттілік тілеймін, бәрі бір біріне өзінің тілектерін айтады.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
II.Үй тапсырмасын сұрау. «Шай» тақырыбына жазған әңгімені оқытып,
талдату.
III.Өткен материалдан білімдерін тексеру. «Кластер» құру арқылы мәтіндерді әңгімелеу
( мұғалім шайнек пен кофенің суретін аударып қояды ). Екі топтан бір оқушы щығып әңгімелейтін мәтіндерін сол суреттер арқылы таңдайды.
1ші топ: Кофе ішу
2 ші топ: Шай ішу ( «Дастархан әні» ).
IV. Мақсат қою кезеңі:-
Тамақтануды тиімді ұйымдастыру. Бүгінгі сабақта біз тамақтануды қалай тиімді ұйымдастыру керек үйренеміз.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Мағынаны тану
|
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
мақтануды тиімді ұйымдастыру дегенді қалай түсінесіңдер? (неге?)
(Интерак. тақтадан тамақтануды тиімді ұйымдастыру туралы мәліметпен таныстыру, аудару)
1 — ші топ: Алғашқы үш сөйлемді көшіріп, септік жалғауларын анықтаңдар.
2 — ші топ: Қалған үш сөйлемді көшіріп, септік жалғауларын анықтаңдар.
Тиімді тамақтанудың қағидалары мен ұсыныстарымен таныстыру
( интерак. тақтада тірек-сызба. ) Балалар, сендер осы берілген қағидалар мен ұсыныстарды сақтайсыңдар ма? Неге сақтаумыз керек? Өйткені, сақтамасаң денсаулығымыз нашарлап, жиі ауыратын боламыз. Солай ма, балалар?
«Бес жол өлең» құрастыру (әр топтан оқушы шығып, өз тақырыбын таңдайды)
1- ші топ: Еттен жасалатын тағам
2-ші топ: Сүттен жасалатын тағам («Дастарқан әні») шығып тұрады және тағам түрлері инт. тақтада слайд шоу.
Зат есім — 1
Сын есім — 2
Етістік – 2-3
Сөз тіркесі — 1
Ұғым – 1Сәулет-сән
Сөздердегі ә дыбысының жіңішке естілуін байқау.
48-жаттығу1. Сөйлемдерді көшіріп жазуБіз ауамен дем аламыз.Адамға таза ауа өте қажет.Әуе ашық, таза.2. ауа, әуе сөздеріндегі а,ә дыбыстарын салыстырыңдар.Қайсысы жуан , қайсысы жіңішке айтылған?
|
Пысықтау
|
Жаңа материалды пысықтау. ««Кубизм» стратегиясы. Мақал мәтелдің мағынасын ашыңдар.
а) Ас — адамның арқауы. д) Той тамағы тәтті.
ә) Ас атасы – нан. в) Асы бар аяқтан аттама.
б) Ас қадірін тоқ білмейді. г) Ас тұрған жерде ауру тұрмайды
VII. Дәптермен жұмыс. Мақалдарды көшіріп жазу.
|
Үйге тапсырма
|
Асқа байланысты мақал- мәтелдер жаттау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |