V. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі
Тапсырманы тыңдаңдар. Берілген сөздердегі жоқ әріпті тауып, фонетикалық талдау жасаңдар.(тақтаға әр топтан бір оқушы шығады)
Қ...лақшын, ет...к, к...йлек, бәте...ке
- Балалар, тақтаға қарап, тапсырманы тексерейік.
- Келесі тапсырма «Ойнайық та ойлайық» деп аталады.тәуелдік жалғауын қайталайық. (мұғалім допты лақтырып, «менің» деп айтады. Допты қаққан оқушы «қолғабым» деп айтуы керек. Сөйтіп «қалпақ, етік, көйлек» сөздерімен ойын жалғасады.
Берілген сөздерді септеңдер: етік, пима, қолғап
Келесі тапсырма «Пирамида» ойыны. Берілген сөздерден сөз өрбіту.
Бөрік. Бәтеңке.
Мынау – бөрік Мынау – бәтеңке.
Мынау – менің бөрігім. Мынау – менің бәтеңкем.
Мынау – менің жылы бөрігім. Мынау – менің қара бәтеңкем.
Мынау – менің жылы,қара жейдем. Мынау – менің ұзын, жаңа бөкебайым.
Ойын: «Қуыршақты киіндіру» деп аталады. (сурет қуыршақты әр топқа жыл мезгіліне қарай киіндіріп, қандай киім кигізгендерін айтады)
Үлгі: Мен қуыршақтың басына құлақшын, аяғына пима, қолына қолғап, үстіне тон кигіздім.
Эссе жазылады "Спорт киім" тақырыбы бойынша.
Сергіту сәті: Басымда спорт киімі
Аяғымда крассовака
Сөйлеймін мен жетік,
Күнде аламын «бестік» .
|