Сабақ тақырыбы: Ана тілім Жалпы мақсат



бет43/49
Дата17.04.2017
өлшемі7,17 Mb.
#14042
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Саулық – байлық негізі


Мақсаты

Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және ауырмаудың алдын-алу жолдарын үйрету., жақсы, саналы, білімді азамат болу үшін мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің сау болуын, басты байлық — денсаулық екендігін түсіндіру.

- Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дүрыс үйымдастыруын қамтамасыз ету.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, дауыссыз дыбыс әріптері, қима карточкалар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

Оқушыларға үлестірмелі карточкалар тарату, карточкалардағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.



IV. Мақсат қою кезеңі.Біздің тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар туралы түсінікті жаттығулар барысында кеңейту.Төрт түліктің бірі түйе мен оның төлі ботақан туралы білетін боласыңдар.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Осы кезде залға «Қарақұс» ұшып кіреді. Аспанда қарақұс ұшып жүріп: Балалар сендердің жарысып ойнап жатқандарыңды көрген соң келдім, мені де жарысқа қосыңдаршы.

Балалар: Онда «Тордағы құс» ойының ойнайық. Біз дауыстаймыз, қайсымыз екенін өзің тауып ата.

(Ойын «тордағы құс» ептілікке, шапшаңдыққа үйретеді)

(қарақұс балаларды дұрыс тауып атайды, ойын бернеше рет қайталанады)

Қарақұс: Мен сендерді дұрыс тауып аиадым. Енді сендер денсаулық жайында тақпақ айтып беріңдерші.

1-бала:


Денсаулық – ол шыныққан,

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

2-бала:
Ал, халайық, халайық,
Табиғатқа қарайық.

Жер, су, ауа тазарса,

Пайдалы екен бұл аса.

Же р Шары – дәу әлем,

Қоршаған ауамен.

Ауамен тыныс ап,

Өсті өмір, ырыс, бақ.

3-бала:


Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Қарақұс: Рахмет, балалар, енді маған мақал-мәтелдер айтыңдар.

1. Тазалық – саулық негізі.

Саулық – байлық негізі.

2. Шынықсан, шымыр боласың.

3.Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы ғана жетуге болады.

4.Дені саудың – зор байлық.



Дәптермен жұмыс.

20-жаттығу. Дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

21-жаттығу. Сөйлемдер құрастырып жазыңдар.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сұрақ-жауап арқылы: 1

1.Тазалық денсаулық кепілі,

Тазалық денсаулық негізі.

2. Ұйқы тынықтырады,

Спорт шынықтырады.

3. Денсаулық теңіз,

Ән мен спорт егіз.?

VII. Бекіту.

Сөздік диктантын жаздыру.Сөздердегі дауысты дыбыстардың астын екі рет, дауыссыз дыбыстардың астын бір рет сыздыру.



Үйге тапсырма

Спорт жайлы әңгіме құру


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Дәрігерлік қызмет көрсету


Мақсаты

Ережені, сөздіктерді меңгереді. Оқушылар күрделі сөздер (қос сөздер) мен ұйқының пайдасы туралы айтып, ой қозғайды.Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қоры жетіледі, ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Деңгейлік тапсырмаларды орындай

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, алфавит, суреттер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

III . Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

«Құстарды жемсауытқа орналастыр» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Әр құстың артында қайталау сұрақтары жазылған.



IV. Мақсат қою кезеңі. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Қазақ алфавиті» және төрт түліктің бірі «Жылқы» малымен танысамыз.Қазақ алфавиті туралы және Жылқы малы туралы жан-жақты білетін боламыз.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс:


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

V.Жаңа сабақ.

алалар мектептің дәрігерлік бөлмесінде тұр. Мектепке емханадан дәрігерлер келді. Олар балалардың денсаулығын тексерді. Дәрігер апайдың аты – Анна Васильевна. Ол – жақсы дәрігер.

2-тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

ІІ деңгей

дәрігер бала дәріхана ауырды тыңдады

дәрігерлік бөлме

ІІ деңгей

Бұл – бөлме. Дәрігерлік бөлме. Самат ауырды. Дәрігерге келді. Дәрігер тыңдады.

ІІ деңгей

Бұл – дәрігерлік бөлме. Балалар дәрігерлік бөлмеге келді. Мектепке дәрігерлер келді. Олар балаларды тексерді.

І. 3-тапсырмадағы диалог бойынша жұптық жұмыс істеу. Тапсырманы сауатты оқу дағдысын шыңдау үшін мәнерлеп оқу, кейін практикалық жұмыспен жалғастыру.
VI . Дәптермен жұмыс жүргізу.

22-жаттығу.Алфавиттегі әріптерді ретімен оқып жаттату.Алфавитте дауыссыз дыбыс әріптерінің қалай оқылатынын айтқызу.Алфавиттегі а,е,ә әріптері арқылы оқылатын дауыссыздарды топтап айтқызу.Қай таңбалардың оқылмайтынын сұрау.



Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға «Жылқы» мәтінін толықтай жүргізіп оқыту.



VI .Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Сұрақ-жауап арқылы Алфавит деген не? Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?

VII. Бекіту Сөздік диктант жаздыру.Сөздерді алфавит ретімен жазып көр

Үйге тапсырма

А 25-жаттығу 29 бет.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Таза ауа


Мақсаты

Жаңа тақырып бойынша білім беру, сөздерді меңгерту. Табиғат жөнінде әңгімелесу, мәтін бойынша жұмыс жүргізу.

Оқушылардың сын тұрғыдан ойлау, есте сақтау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың амал-тәсілдері: 1) баяндау

                                                 2) сұрақ-жауап

                                                 3) қайталау

                                                 4) түсіндірме

                                                 5) аударма

                                                 6) пысықтау



Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар, қосымша суреттер, жемістер, жидектер және көкөністердің муляждері, себеттер, ағаш суреті т.б.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1 Таза ауа–денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.Ауа мөлдір түссіз.Ауаның пішіні жоқ. Ең алдымен ауадағы оттегі өкпеге барады, ол бүкіл ағзаға тарайды. Зиянды заттармен тыныс алған адам тез шаршайды. Ол әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Адам жақсы демалуы үшін оған таза ауа қажет. Теңіз жағалауында, орман ішінде таза ауа болады. Ауаға зиян келтіретін экологиялық жағдайлар болады.
Ал жер бетіндегі ауа құрамында денсаулыққа зиянды қоспалар араласып жүреді. Әсіресе өндірістік қалаларда ауа көп ластанады. Ауаның тазалығын сақтауы үшін ірі кәсіп орындар фабрика, зауыттар, жылу орталықтарының моржаларына қондырғылар орнатылады.Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде ұлы заттарды бөліп шығарады. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандыруды маңызы зор.
Өсімдік ауа құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып оның орнына оттегі бөліп шығарады. Әр адам жасыл өсімдіктерді отырғызуға атсалысуы керек.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Суретпен жұмыс.

Жуан сұрақтар құрастыру.(дәптерге жазу) Ең қызықты ең жуан сұрақ.

Қалай ойлайсың, ........ ?

Не себепті ................. ?

Сенің пікіріңше...........?

............... маңызды ма?

..қиын ба, әлде .. қиын ба?

.. оңай ма, әлде .. оңай ма?

.... қиын ба, әлде оңай ма?

............. қажет пе?

........ үшін не істеуге болады?

РАФТ Ереже
Е. Поззия сәті. Балалар, табиғат, таза ауа туралы қандай өлең білесіңдер.
Эйдотехника . Шығармашылық жұмыс.

Үйге тапсырма: табиғат туралы әңгіме

Қорыту. Кубизм


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Салыстыру кестесі

 


Бау

Бақша

Ағаштар

Көкөністер

Алма

Қияр, капуста

Алмұрт

Қызанақ, сәбіз

Шие, жүзім

Картоп, пияз

Жаңғақ

Қызылша

Айырмашылығы:

 

Бұтақта, ағашта өседі.

Жерде өседі.





















Үйге тапсырма

Жеміс-жидектердің суреттерін салу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет