Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Сөйлемдерге талдау жұмыстарын жүргізе білу.
Венн диаграммасы
Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Компоненттері тиянақты тең дәрежеде байланысады. Жалғаулық шылаулар, интонация арқылы байланысады
Алғашқы компонент тиянақсыз, бағына байланысады, қосымшалар арқылы байланысады. Бағыныңқы, басыңқы
Синтақсис құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді
Мыcалы: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Бір сөзді қайталай бергенше, менің комбайынды жүргізгенімді айтсаңшы.
Тестпен жұмыс жүргізу.
129 – жаттығу.
Үлгі: Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты. Жасы менімен шамалас бола тұра, ақылы, мінезі, жүрегімен ел ағасына ұқсайды. Ара-тұра шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса, бұл тақырда көз тоқтатарлық еш нәрсе жоқ.
Кім зерек ойыны арқылы қарсылықты бағыныңқы сабақтасты табу.
Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі-үш шақырым шамасы бар. Екі ат терлегенше, бір ат терлесін. Күн райының қабағы түйіле түскеніне қарамастан, көркем Қарқаралыны тағы да бір аралап түспек болдым.
130-жаттығу.
Үлгі: Мустафа одан жаман кектене түскенмен, мен енді ол үйден кетпеуге бел байладым. Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.
INSERT әдісі бойынша жұмыс жүргізу
V
Мен үшін түсінікті
-
Мен үшін түсініксіз
+
Жаңа ақпарат
?
Мен үшін жұмбақ
IV.Үйге тапсырма:
Әдебиеттен қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер тауып жазу