ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақ халқының қонақжайлылығына байланысты жиі қолданылатын сөз оралымдарын жазып келу. (Төрге шығыңыз, шай ішіңіз, төрлетіңіз, жоғарылатыңыз, қош келдіңіз, астан алып отырыңыз.)
ІІІ Өткен сабақты пысықтау.
«Кім жылдам?» ойыны. Топтарға сұрақтар беріледі. Ұсынылған әріптерден басталатын сөздермен жауап береді. Қ, м, е. Ш, қ, б.
Қазақтың қандай халық? (қонақжай)
Қазақтың ұлттық тағамдарын ата. (қуырдақ, қазы, мәнті)
Үстеудің түрлері. (мезгіл, мекен)
1. Қазақ дастарқанының сәні не? (Бауырсақ)
2. Қазақтың ұлттық сусындары. (шұбат, қымыз)
3. Мезгіл үстеуіне мысал келтіріңіз. (биыл, бүгін, қазір)
ІҮ Жаңа сабаққа кірігу.
1. Ой шақыру.
-Балалар, топтарыңның аты қандай, қандай сөздер құрадыңыздар?
-Асхана
- Ас мәзірі
-Дұрыс. Демек, біздің сабағымыз не туралы болмақ?
- Асханадағы ас мәзірі туралы.
2. Лексикалық минимум.
Кіреберіс, ас мәзірі, сұйық, біріншіге, сорпа, палау, тұшпара, дүнген кеспесі, сүт, шай, даяшы.
Ү Сөздік жұмысы.
Кіреберіс – вход
Ас мәзірі – меню
Сұйық – жидкое
Біріншіге – на первое
Еш нәрсе – ничего
Сорпа – бульон, суп
Палау – плов
Тұшпара – пельмени
Дүнген кеспесі – дунганская лапша
Сүт қатқан шай – чай с молоком
Даяшы – официант
Әркім өзіне-өзі қызмет етеді – самообслуживание
Тапсырма
1-топ. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.
2-топ. Жаңа сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыру.
ҮІ Жаңа сабақ.
Лексикалық тақырыпты меңгерту. Мәтінмен жұмыс
А) Тыңдалым.
Асханадағы ас мәзірі
Біз мектепте үзілісте асханаға барып тамақ ішеміз. Біздің асханамыз бірінші қабатта. Асхана кең, тап-таза, жарық, әдемі гүлдер өсірілген. Асхананың кіреберісінде ас мәзірі ілулі тұрады. Ас мәзірінде қою тағамдар, сұйық тағамдар, салат түрлері, тәттілер жазылып қойылған.
Бүгінгі ас мәзірінде қандай тағамдар бар екен? Түскі асқа біріншіге сорпа, кеспе көже, борщ бар екен. Екіншіге: палау, қуырдақ, қуырылған картоп, дүнген кеспесі, мәнті, тұшпара. Әрине, қалауың бойынша сүт қатқан шай, кофе, сусындар алуға болады.
Біз не аламыз? Мен біріншіге еш нәрсе алмаймын. Екіншіге мәнті аламын. Ол өте дәмді. Сосын сүт қатқан бір кесе шай алайын, өйткені мен шайды жақсы көремін. Достарым да өздеріне ұнайтын тағамдарын алады. Біздің асханамызда даяшы жоқ, біз өзіміз кезекке тұрып, керек тағамдарымызды аламыз. Тамақтанып болған соң, өзіміз жинап кетеміз. Әркім өзіне-өзі қызмет етеді.
Ә) Оқылым. Мәтінді тізбектеп оқып шығыңыз.
Б) Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
В) Тілдесім. Жұптық жұмыс. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
Грамматикалық тақырыпты меңгерту.
Берілген синонимдік қатардағы артық сөзді табыңыз. 1-тапсырма
Ас, тамақ, тағам, дәм, сарт.
Дайындау, әзірлеу, жарқ-жұрқ, даярлау.
Дәмдес, дастарқандас, жалт-жұлт.
Дәмді, тәтті, тарс-тұрс.
ЕРЕЖЕ. Еліктеу сөздер (подражательные слова)- айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден пайда болған сөздер.
(Слова, которые передают различные звуки живой и неживой природы: человека, животных и предметов.)
Еліктеу сөздер
|
Еліктеуіш сөздер
Звукоподража-
тельные слова
|
Сыбдыр-сыбдыр
Сылдыр-сылдыр
Сықыр-сықыр
Қарқ-қарқ
Тарс-тарс
Тық-тық
Сақ-сақ
|
Шуршание камыша
Журчание ручья
Скрип-скрип
Кар-кар
Стук-стук
Тук-тук
Подражание смеху
|
Бейнелеуіш сөздер
Образоподража-тельные слова
|
Қаз-қаз
Шошаң-шошаң
Жалт-жұлт
Ағараң-ағараң
Қараң-қараң
|
Неуклюжая походка
Быть вертлявым
Выражающее блеск
О белеющем вдали предмете
О мелькании силуэта в темноте
|
Г) Жазылым. 2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
1) Біз мектепте үзілісте ... барып тамақ ішеміз.
2) Асхананың кіреберісінде ... ілулі тұрады.
3) Мен ...... еш нәрсе аламаймын.
4) Әркім өзіне-өзі ...
Қажетті сөздер: асханаға, ас мәзірі, біріншіге, қызмет етеді.
Д) Постермен жұмыс. Топтық жұмыс.
1. Тамақты жер алдында нені ұмытпау керек?
2. Бүгін мектеп асханасының ас мәзірі қандай?
3. Асхана қабырғасында ілініп тұруы тиіс сөздер.
Асхана қабырғасында ілініп тұруы тиіс сөздер:
Темекі шегуге болмайды!
Ас дәмді болсын!
Тәбетіңіз ашылсын!
Бізде өзіне-өзі қызмет көрсетеді!
ҮІІ Сабақты бекіту.
1. Сөйлесім. Үлгі бойынша диалог құрастырыңыз.
Үлгі:
Сәлеметсіз бе, аспаз!
Сәлеметсің бе, балақай!
Екінші тағамнан не бар?
Мәнті, палау бар.
- Маған палау мен шай беріңізші!
Міне, ала ғой.
Рақмет!
Ас болсын!
Алтын сандық ашыл!
Тағам дәмі – тұз.
Дүниеде тас қатты, тасты еріткен ас тәтті.
Білгенге – маржан.
Орташа есеппен алғанда, адам өз ғұмырында 6-7 жыл тамақ ішеді екен. Өмірінің 1 жыл 195 күні ас дайындауға кетсе, шамамен 40 тонна ас ішеді екен.
ҮІІІ Үйге тапсырма беру.
Ас, тағамға байланысты 5 мақал-мәтел жазып келу.
ІХ Бағалау.
Фишкалар арқылы бағалау.
Мадақтау.
Х Кері байланыс. Стикерлерге дастарқан батасын жазғызу.
Дастарқаның мол болсын! Көбейе берсін мал басың!
Қазан-ошағың май болсын! Өсе берсін жан басың!
Төрт түлігің сай болсын! Үйіңе құт қонып,
Бала-шағаң бай болсын! Бақ-береке орнасын!
Отбасыңыз мерекелі болсын! Еш жамандық болмасын!
Дастарқаныңыз берекелі болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |