Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Электронды оқулық, үлестірме қағаздар
|
Оқыту әдістері:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
|
Шарлар арқылы топтарға бөлу.
|
Қызығушылықты ояту
|
Қосымша сұрақтар:
1. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?
2. Қазақ тіліндегі септіктер саны қанша? Атап шығыңыз.
3. Септік жалғаулары дегеніміз не?
4. Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
Өткен сабақты қорытындылау.
|
Жаңа тақырып
|
Жік сөзін түсіндірме сөздіктен іздеп, зат есімнің жіктелуі деген тақырыпты талдау. Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Қазір бізде қазақ тілі сабағы.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жіктелуі».
Сен жіктелу, жік - жігімен ажырату сөзінің мағынасын білесің бе? Жік - жікке бөлінді дегенді естіп, немесе қолданып көрдің бе? Жік - жікке бөліну адамдарға қатысты айтылғанда жақ - жаққа бөлініп, белгілі бір мақсаттағы қимыл - әрекетті жүзеге асыруға байланысты. Ал, сөздердің жіктелуі сөйлемдегі сөздердің байланысуына қызмет етеді. Мән беріп, толығырақ танысайық.
Жіктік жалғауы да басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым - өатынас жасау мүмкіндігін тудырады. Жіктік жалғауының негізгі қасиеті – оның баяндауышқа тән жалғау екендігінде. Ал, біз сөз соңына келіп, баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есімдерді жиі кездестіреміз. Жіктеу есімдігі бастауыш болып тұрған сөйлемдегі баяндауыш болатын сөз бастауышпен бір жақта келіп, тиісті жіктік жалғауын қабылдайды.
Оқулықтағы 39-жаттығу. Әр топ 1 азат жолды талдайды.
|
Сергіту сәті
|
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
|
Оқушылар сергіп, демалады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |