Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл 1-сағат Жалпы мақсат


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті



бет7/36
Дата11.01.2017
өлшемі3,69 Mb.
#7491
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.




Шарлар арқылы топтарға бөлу.



Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі» тақырыбын ББҮ кестесі арқылы түсінемін.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады.

 








Түйық етістік—етістіктің ерекше түрі. Мағынасы

жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды.сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, бар-у, кел-у, т.б. бұл сөздер қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып түр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін темір құрал), сабау (жүнді сабайтын шыбық), т.б. сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді.

Тұйық етістік тікелей септеле де көптеле де, тәуелдене де алады. Бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістіктің емлесі.

1.Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағыдауысты
болып жалғанады: бар-у, кел-у, т.б. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің
-у жұрнағы дауыссы болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, т.б.

2.  Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы


жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп
кетеді де ол (у) дауысты болып есептеледі. Мысалы: оқы+у—оқу, тасы+у—тасу, т.б.

3.  Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы


жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ дыбысы ғ-ға,

к дыбысы г-ға айналып кетеді. Мысалы: ақ+у—ағу, кеп+б—кебу, т.б.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады.

Ережесін ,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын,түрлене ма?,емлесін,




Дәптермен жұмыс


Сергіту сәті

Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты,
Керемет-ау кернеуі –
Тасты кесіп, жарыпты!
                                                 (Өзен)
Басы доғал,
Мұрты бар,
Аузы апандай,
Ұрты бар.
Түрі китке ұқсайды,
Терең судан шықпайды.
                                               (Жайын)

Шығармашылық жұмыс

Кім жылдам?

1.     Етістік нені білдіреді? Етістік нені білдіреді?

2.      Етістік қандай сұраққа жауап берді?

3.      Дара етістікті ата.

4.      Күрделі етістікті ата.

5.     Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата.

6.     Сабақты етістікке қай септік керек?

7.     Салт етістікке қай септік керек?

8.     Сабақты етістікті салтқа айналдыратын етіс түрі?

9.     Салт етістікті сабақтыға айналдыратын етіс түрі?

 1.Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

 1.Тұйық етістік дегеніміз не?

2.Ол қалай жасалады?

3.Бір мысал ойла,септе.

4.Бір тұйық етістікті тәуелде.

2.Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

3.ББҮ кестесін оқушылар топпен бірге талқылап түсініреді.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды



Үйге тапсырмасын беру

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау


Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Жалпы мақсат:

Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру. өз ойын тиянақты жеткізуін қамтамасыз ету, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту. Оқушыларды жаттығулар орындату арқылы ізеттілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау




Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.





Каталог: uploads -> doc -> 0db8
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0db8 -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру Ситуациялық жағдай туғызу. Ағаштар жайлы әңгіме
0db8 -> Сабақ тақырыбы: «Координаталық түзудегі нүктелердің ара қашықтығы.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет