Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл 1-сағат Жалпы мақсат


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті



бет19/36
Дата11.01.2017
өлшемі3,69 Mb.
#7491
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.




Шарлар арқылы топтарға бөлу.



Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

Бұйрық рай іс-әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге қаратылып, бұйыра,талап,тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды!

Бір жаққа қаратылып,қимылдың іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі бұйрық рай деп аталады..



Жаттығумен жұмысМәтінді көшіріп жазып, бұйрық райлы сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын,олардың мағыналық ерекшеліктерін көрсетіңдер. Әңгімеге ат қойыңдар.

Топпен жұмыс: Екі топ бұйрық райда тұрған мақал-мәтел айтып жарысады.

Мысалы: Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атаңа ауыр жүк артпа!

Аға алдында пейіліңді көрсет,

Іні алдында мейіріңді көрсет.


Сергіту сәті

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

Оқушылар сергіп, демалады



Шығармашылық жұмыс


1. Бұйрық рай дегеніміз не?

2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар?

4. Ашық рай қалай жасалады?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды


Үйге тапсырмасын беру

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Шартты рай

Жалпы мақсат:

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, шартты райдың жасалу жолын түсіндіру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау




Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет