Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл 1-сағат Жалпы мақсат


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті



бет27/36
Дата11.01.2017
өлшемі3,69 Mb.
#7491
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.




Шарлар арқылы топтарға бөлу.



Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Үй тапсырмасын бекіту
І. А) Ой қозғау (сұраққа жауап алу). Шарты: белгілі уақыт ішінде қойылған сұрақтарға жауап беруі керек.
Ой қозғау сұрақтары:
1. Синтаксис нені зерттейді? Мысал
2. Сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал
3. Сөз тіркесіне тән қасиеттер? Мысал
4. Тұрақты тіркес дегеніміз не? Мысал
5. Күрделі сөздер дегеніміз не? Мысал
6. Есімді тіркес дегеніміз не? Мысал
7. Етістікті тіркес дегеніміз не? Мысал
8. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеге бөлінеді, қандай түрлері бар? Мысал
9. Сөздердің байланысу тәсілдерін атаңдар.
10. Қиысу ережесі, мысал
11. Матасу, ережесі, мысал
12. Меңгеру, ережесі, мысал
13. Қабысу, ережесі, мысал
14. Жанасу, ережесі, мысал
Ә) Бойжазар кезеңі:
Сөздердің байланысу түрлері (дұрысының тұсына + белгісін қою)
№ Мысалдар Қиысу Матасу Меңгеру Қабысу Жанасу
1. Алтын сәуле
2. Адамның еңбегі
3. Уақыттан озған
4. Сендер сөйлеңдер
5. Былтыр тапсырды
6. Әлсін құлық түреді.
7. Білгенге маржан
8. Екі дос
9. Біздің ауыл
10. Сен таныссың
4. Жаңа сабақтың мақсаты: 
Синтаксистік қатынастарды, анықтауыштық қатынасқа байланысты оқушылардың білімдерін тиянақтап, нығайту. Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
5. Жаңа сабақ (Алдымен анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштың ережесі мен сұрақтарын сұрау)
Синтаксистік қатынастар: Анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас, пысықтауыштық қатынас 
1.Анықтауыштық қатыныс: баланың кітабы, ұлттық мектеп, әдемі бойжеткен, жақсының ісі.
2.Толықтауыштық қатыныс: сұраққа жауап, оқуды бітірді, жазушымен кездесу, балуанмен күресті.
3.Пысықтауыштық қатынас: шапшаң сөйледі, даладан қайту, асығып келу, 
төмен түсу.
... алақаны, ... оқушы, ... ұстаз, ... азамат
Кімнің? Ненің? Қай? Неше? Қанша? Нешінші? Қайткен?
6. Жаңа сабақты бекіту
А) Сәйкесін тап 
Анықтауыштық қ. Толықтауыштық қ. Пысықтауыштық қ.
Шапшаң тұру, қонаққа сәлемдесу, тымағын шешті, далаға шықты, әжемнің дауысы, мәнді сөз, оқуыд аяқтады, сабырдан айрылды, оқу үшін, мұғалімге қарады, Асанның дәптері.
Ә) «Ойлан тап, ізден»
Тақтамен жұмыс жүргізіледі. Шарты: кестеге сөз тіркестерін жазу.
І оқушы ІІ оқушы ІІІ оқушы

Сергіту сәті

« Атомдар мен молекулалар » 

Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады 


Оқушылар сергіп, демалады



Шығармашылық жұмыс


«Ойлан» «тап» «Ізден»
1.Зат есім+зат есім 1. Есімдік+зат есім 1. Үстеу+ етістік
2. Сын есім+ зат есім 2. Септеулік шылау+етістік 2. сын есім+ етістік
3.Сан есім+ зат есім 3. Зат есім+ етістік 3. Сан есім+ етістік
Б) «Кітап – білім бұлағы» кітапппен жұмыс
278- жаттығу( байланысына және сөйлем мүшесіне талдау, өздік жұмысы ретінде орындалады)
Талапты ерге нұр жауар. Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады. Адамның қасиеті ортақ іске ат салысумен өлшенеді. Данышпанның сөзі дәулеттен артық болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды



Үйге тапсырмасын беру

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Толықтауыштық қатынас

Жалпы мақсат:

Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту арқылы тақырып бойынша білімдерін тереңдету; толықтауыштық қатынасты жаттығу жұмыстары меңгерту.

Дамытушылық: теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз елін, жерін қорғай білетін ұлтжанды, бойында патриот сезімі ұялаған,өз ойын көркем, толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға тәрбиелеу.  

Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты меңгерту

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау




Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет