Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл 1-сағат Жалпы мақсат


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті



бет4/36
Дата11.01.2017
өлшемі3,69 Mb.
#7491
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !



Күліп өмір сүрейік!

Шарлар арқылы топтарға бөлу.



Қызығушылықты ояту

Қосымша сұрақтар:
1. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?
2. Қазақ тіліндегі септіктер саны қанша? Атап шығыңыз.
3. Септік жалғаулары дегеніміз не?
4. Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
Өткен сабақты қорытындылау.

Жаңа тақырып

Жік сөзін түсіндірме сөздіктен іздеп, зат есімнің жіктелуі деген тақырыпты талдау. Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Қазір бізде қазақ тілі сабағы.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жіктелуі».
Сен жіктелу, жік - жігімен ажырату сөзінің мағынасын білесің бе? Жік - жікке бөлінді дегенді естіп, немесе қолданып көрдің бе? Жік - жікке бөліну адамдарға қатысты айтылғанда жақ - жаққа бөлініп, белгілі бір мақсаттағы қимыл - әрекетті жүзеге асыруға байланысты. Ал, сөздердің жіктелуі сөйлемдегі сөздердің байланысуына қызмет етеді. Мән беріп, толығырақ танысайық.
Жіктік жалғауы да басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым - өатынас жасау мүмкіндігін тудырады. Жіктік жалғауының негізгі қасиеті – оның баяндауышқа тән жалғау екендігінде. Ал, біз сөз соңына келіп, баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есімдерді жиі кездестіреміз. Жіктеу есімдігі бастауыш болып тұрған сөйлемдегі баяндауыш болатын сөз бастауышпен бір жақта келіп, тиісті жіктік жалғауын қабылдайды.

Оқулықтағы 39-жаттығу. Әр топ 1 азат жолды талдайды.

Сергіту сәті

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

Оқушылар сергіп, демалады



Шығармашылық жұмыс


Берліген сөздерді жекеше, көпше түрде жікте. Ұшқыш, батыр.
Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда, оған І,ІІ жақта жіктік жалғауы жалғанады.
Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше түрде жалғанады:
жекеше көпше
І жақ -бын, -бін -быз, -біз
-мын, -мін -мыз, -міз
-пын, -пін -пыз, -піз
ІІ жақ – сың,сің -сыңдар, -сіңдер
ІІІ жақ

Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Үйге тапсырмасын беру

41-жаттығу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Критерий арқылы бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Сабақ маған .... »



Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Жалпы мақсат:

Білімділік: Зат есімніңсөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру,

Дамытушылық: зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру

Тәрбиелік: бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін даытуға ықпал жасау

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа,электронды оқулық

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Құстар әні » видеоролигін ұсынады.


Сөйлем мшелеріне байланысты топқа бөліну

Қызығушылықты ояту

місе таз,кідлеуәт,сптлеуе,леуіжік,метқыз- деген адасқан әріптерді орнымен орналастыру

Оқушы қызығушылығын арттыру

Жаңа тақырып

Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады.Журналдың әр парағында тақырыптар берілген:

1. Қайталау – оқу анасы;

2. Жаңа сабақ құпиясы;

3. Кітап – досың,ақылшың;

4.Білімді мыңды жығар; 5.Жеті жұрттың тілін біл;

6. Біліміңді байқап көр.

Әр беттегі тақырыпты аша отырып тапсырмаларды орындаймыз.

1. «Қайталау – оқу анасы». Өткен сабақтарды,үй тапсырмасын сұрауда алғашқы «Қайталау – оқу анасы» парағы ашылады.Әр қатарға өткен сабақ бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.

1-қтар оқушылары бірлесіп зат есім бойынша тірек-сызбасын салады,түсіндіреді,ережесін айтады.
кім? не? дара, күрделі негізгі, туынды


Зат есім

жалпы, жалқы көптеледі


деректі, дерексіз септеледі тәуелденеді


2-қатар оқушылары бірлесіп зат есімді орыс тілімен салыстырып көрсетеді.

Қазақ тілінде

Ортақ белгісі

1.Зат есім

2. Кім деген сұрақ адамға қойылады

3. Не деген сұрақ адамнан басқа

нәрселерге қойылады.



1.Заттың атын білдіреді.

2.Сұрақтары: кім,не.

3.Жалпы,жалқы болып бөлінеді.

3-қатар оқушыларынаүй тапсырмасын оқытып,тексеремін.

2.Жаңа сабақты түсіндіруде «Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз.

а) «Ой қозғау». Бастауыш,орта буында алған сөйлем мүшелері туралы түсінігін,түрлерін сұраймын.

ә) Мысалдар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.

- Балалар, мына мысалдарды оқып,сөйлем мүшелеріне талдайық.

Оқушылардың талдап түсіндіруі бойынша бірлесе отырып зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтап,ережесін шығарамыз.

1.Тіл – ұлттың жаны.Атау септікте тұрып,кім,не сұрағына жауап беріп,бастауыш қызметін атқарады.

2.Тіл – адамның ойын білідіретін құрал.Зат есім жіктеліп келіп,сөйлемнің баяндауышы да болады.3-жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды.

3.Тіл – идеяның,ойдың,сезмнің жанды көрінісі.Зат есім ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады.

4.Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып,өзге тілді сүйе алмайсың.Зат есім табыс,барыс,шығыс,жатыс,көмектес септікте тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

5.Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.Зат есім түбір тұлғада мезгілдік,мекен-бағыттық,себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш та болады.



Сергіту сәті

« Биік шыңға ұмтылу»
Оқушыларға аяқталмаған сөйлем беріледі
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады(парақ таратылады) тақтада сөйлемнің басы жазылған:
Ашық айтқанда, маған әлі қиын...
Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...
Ашық айтқанда, маған ұнамайды...
Ашық айтқанда, мен қуанамын...

Оқушылар сергіп, демалады



Шығармашылық жұмыс

«Серпілген сауалдар:» стратегиясы.

Кез келген топ мүшесіне сауалдар қояды.
1. Жалғаулардың түрлерін ата? (көптік, септік, жіктік)
2. Көптік жалғаудың қосымшалар қандай? (- лар,- лер;- дар,- дер;- тар,- тер)
3. Жинақтық мәндегі көптік жалғаулы сөз дегеніміз қандай сөздер?(бір заттың төңірегіндегі заттардың көптігін Жансеріктер т. с. с.)
4. Тәуелдік жалғаудың неше түрі бар?(Оңаша және ортақ тәуелдеулер)
5. Оңаша тәуелдеу мен ортақ тәуелдеудің айырмашылығы қандай? (1. Заттың иесі біреу, 2. Заттың иесі бірнешеу)
6. Септік жалғаулар нешеу, қай септікте қосымша жоқ. (Жетеу, Атау септікте)
7. Бағытты нұсқайтын септіктің түрін ата? (Барыс септігі)
8. Мезгіл, мен мекендік мағынаны білдіретін септік түрін ата? (Жатыс септігі)
9. Жай септеу мен тәуелді септеудің айырмашылықтарын ата? (Жай септеуде – түбір күйіндегі зат есімдер, Тәуелді септеуде ең бірінші тәуелденіп, сосын септеледі!
10. Қай септіктерде тәуелді септеуде қосымшаларында өзгерістер бар? (Барыста – а,- е; Табыста – н, Жатыста - нда,- нде)
11. Нысанды көрсететін септікті ата? (Табыс септік)
12. Затты меншіктейтін септіктің атауы қандай? (Ілік септігі)

«Жеті жұрттың тілін біл» парағы ашылады.

Оқылған мақалдағы айтылмай қалған сөзді тауып айту,орысша,ағылшынша баламасын тау.

а) Жігітті намыс өлтіреді, ... қамыс өлтіреді (қоян – заяц – hare)

ә) Баланың тілі - ... (бал – мед – һunу). Ананың тілі - ... (бал –мед – һunу)

б) Оқусыз ... жоқ, ... күнің жоқ.(білім – знание – khowiedge)

г) Өнер алды – қызыл ... (тіл – язык – tongue)

ғ) Көп сөз – көмір

Аз сөз - ... (алтын – золото – gold)

д) ... – оттан да ыстық»Отан – Родина – Motherland)

е) Ашу – дұшпан,ақыл - ... (дос,друг – friend)

ж) ... өссе – жердің көркі(гүл – цветы – flower)

... өссе – елдің көркі (қыз – девочка – girl)

з) Айтылған ... – атылған оқ(сөз – слова – word)


Үйге тапсырмасын беру

47-жаттығу, ереже жаттау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Критерий арқылы бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Сын есімнің түрленуі

Жалпы мақсат:

Білімділік:Сын есімнің түрленуі туралы түсінік беру,

Дамытушылық: сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеу машықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа,электронды оқулық

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті
 Сәлеметсіңдер ме, балалар! Терезеге қараңдаршы! Қандай тамаша! Аңдар мен құстар, таулар мен өзендер – бәрі қуанышты. Өйткені бәрі-бәрі бір-бірімен дос. Айналадағы ортамен достықта болған қандай керемет!

Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік.

Айтамыз алғыс қайталап,

Тыңдайды бізді шартарап.

Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт!

Пазл арқылы топтарға бөлу

Қызығушылықты ояту


Түрі

Ережесі

Мысалы

Салыстырмалы шырай

?

Ауырырақ,кішірек,үлкендеу,жылылау,ақшыл.

Күшейтпелі шырай

?

Сап-сары,өте жарық,аса көрікті,тым үлкен.

Оқушылар кестедегі бос торкөзге мысалды негізге ала отырып, ережесін құрап жазады. Соңында оқулықтағы ережемен сәйкестендіріп, өздеріне баға береді.



Жаңа тақырып


Түрлену
Түрлену сөзіне класстер сызу.
Күшейткіш буындар Салыстыру
Қосымша жалғану Тіркесу
49-жаттығу. Әр топ екі сөзден алып, талдайды.

52-жаттығу. «Адами қаситеттер» тақырыбында шағын пікір жазыңдар.



Сергіту сәті

Күнде аспанға қараймыз,


Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
Оқушылар сергіп, демалады

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Сын есімнің шырайлары тек сапалық сын есмнен ғана жасалады /иә,жоқ,себебі/

  2. Сын есім мағынасына қарай 4-ке бөлінеді? /иә,жоқ,себебі/

  3. Сын есім құрамына қарай 5-ке бөлінеді? /иә,жоқ,себебі/

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Үйге тапсырмасын беру

53-жаттығу. «Бүлдірген,таңқурай мен қарақат дәрілік өсімдіктер ме?» тақырыбында ойтолғау жазыңдар


Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Критерий арқылы бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай.

Жалпы мақсат:

Сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру .Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау




Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Ана» видеоролигін ұсынады.

Түрлі түсті қағаздар арқылы топтарға бөлу.



Қызығушылықты ояту


Жұрнақ түрі

Мысал

Ережесі

Өнімді

Көгірек,биіктеу,тарлау,

?

Өнімсіз

Дымқыл,көгілдір,сұрша, бозаң,сарғыш

?

Оқушылар кестенің бос торкөзін толтырып, өз жазған ережелерін оқулықтағы ережеен салыстырып, түзетулер енгізеді



Жаңа тақырып

Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т.б

Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады.

–рақ,-рек,-ырақ,-ірек

–лау,-леу,-дау,-деу

–аң,-қай,-ша,-ше

–шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

1-топ,55-жаттығу, 2-топ-26-жаттығуды орындау. Салыстырмалы шырай жасау.


Сергіту сәті

Бейнеклиппен бой сергіту

Оқушылар сергіп, демалады

Шығармашылық жұмыс

Салыстырмалы шырай туралы сөзжұмбақ құрастыру

Оқушылар топ болып салыстырмалы шырайға байланысты ережені қолданып, сөзжұмбақ құрастырады

Үйге тапсырмасын беру

58-жаттығу. «Бізді қоршаған түрлі-түсті әлем сипаты» тақырыбында әңгіме жазу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Критерий арқылы бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Күшейтпелі шырай. Асырмалы шырай.

Жалпы мақсат:

Білімділік: Күшейтпелі, асырмалы шырайлардың жасалу жолдарын білу.

Дамытушылық: алған білімдерін дамыту

Тәрбиелік: ынтымақтаса жұмыс жасауға тәрбиелеу

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Шырайлардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Диалог  әдісі арқылы когнитивті ойлауды дамыту;топтық ортада с Сыйласымдылық орнату арқылы бірін-бірі тыңдауға үйрену.



Сабақта қолданылатын материалдар:

Электронды оқулық

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет