Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.
|
Шарлар арқылы топтарға бөлу.
|
Қызығушылықты ояту
|
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.
|
Талдау,жинақтау,қорыту
|
Жаңа тақырып
|
Жақсы балалар, етістік жайында жалпы білімдеріңізді көрсете алдыңыздар. Бүгінгі жаңа сабағымызда етістікпен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Осы бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қояр едіңіздер?(оқушылардың жауабын алу. Өз ойымызды жүйелі жеткізе отырып, танымдылығымызды дамыту)
Мұғалім: Экрандағы сөзжұмбаққа көзімізді жүгіртейік. Сөзжұмбақтың шешімін табу.
«Ойлан тап» Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз, сөйлем құра.
Жазды, айтты, оқыды, барды, келді.
Үлгі: Жазып жатыр. Айнаш әжесі туралы шығарма жазып жатыр.
Оқулықпен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті, етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жыршы жыр.... Ақын өлең.... Дәрігер ауруларды....
Мұғалім балаларды.... Сауыншы сиыр....
Тақтамен жұмыс.
Деңгейлік тапсырма: «Сәйкесін тап»
Оқысаң... -------------------- сусын ішесің
Аяғың ауырса... ----------- күн жылынады
Көп ұйықтасаң ------------ қолыңмен сүртпе
Шөлдесең... ---------------- басың ауырады
Көзің ауырса... ------------- көп жүрме
Жаз шықса... --------------- түсінесің
|
Сергіту сәті
|
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
|
Оқушылар сергіп, демалады
|
Шығармашылық жұмыс
|
«Тақия тастамақ» ойыны. Оқушыларға сұрақтар қою.
1. Есімшенің жұрнақтарын ата.
2. Нақ осы шақ қалай жасалады?
3. Тұйық етістік қалай жасалады?
4. Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
5. Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
|
Үйге тапсырмасын беру
|
Оқулықтағы тапсырманы орындау
|
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
|
Бағалау
|
Формативті бағалау
|
Топтардың бірін-бірі бағалауы
|
Рефлексия
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру
|
«Екі жұлдыз, бір тілек »
|
Уақыты:
|
Қазақ тілі
|
Мұғалім:
|
Сынып:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Етістіктің шақтары туралы түсінік
|
Жалпы мақсат:
|
Білімділік: Етістіктің түрленуі туралы мәлімет беру, етістіктің шақ категориясын ажырата білуге үйрету, шақ түрлерінің бір – бірінен айырмашылығын таныту. Берілген сұрақтарға толық, анық, нақты жауап беру. Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі тапсырмалар беру.
Тәрбиелік: Ұлттық салт – дәстүрді қадірлей білуге, жан – жақты дамуға адамгершілікке, ізгілікке, ақындар салған жолмен түруге үйрету, табиғатты сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру, бірлікке баулу.
Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау, машықтарын қалыптастыру. Сөздік қорын ьіл байлығын дамыту. Талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту.
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы
Үлестірме материалдары
|
Оқу нәтижесі:
|
Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа
|
Оқыту әдістері:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |