Сабақ тақырыбы: Б. Момышұлы «Жауынгер тұлғасы»



Дата26.08.2017
өлшемі56,57 Kb.
#29136
түріСабақ
Күні:

Пәні:Әдебиет

Сабақ тақырыбы:Б.Момышұлы «Жауынгер тұлғасы»

Сабақтың мақсаты:



  1. Б.Момышұлы өмірі мен шығармаларынан мағлұмат беру,әңгіменің мазмұның меңгерту.

  2. Оқушыларды жаңа білімді игеру арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге, әдеби тілде сөйлей білуге дағдыландыру.

  3. Мәтін мазмұны арқылы,жауынгерлер тұлғасы арқылы оқушыларды елін, жерін сүюге баулу

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс тәсілдері: тізбектей оқу,жоспар құру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көркемділігі: Б.Момышұлы портреті,естеліктер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын тексеру. Ә.Сәрсенбаев өмірі, «Туған жер» өлеңін жаттауға, лирика туралы оқып келуге берілген.


Лирика

3.Жаңа сабақ. Б.Момышұлы

а) Б.Момышұлы өмірі.

ә) Б.Момышұлы туралы естеліктер.

б)Кітеппен жұмыс. «Жауынгер тұлғасы»

- Тізбектей оқу.

-Оқи отырып, әңгімелеу.
4.Сұрақтар мен тапсырмалар.

а) Әңгімеде қай жерде болған оқиға баяндалады.

ә)Полковник Б.Момышұлынан нені баяндауды талап етті:

б)Жауынгердің намысқа тырысуы дегенді қалай түсінесің?


5.Жүйелеу. Оқығандарын жоспарға жүйелеу.
6.Үйге тапрсырма беру: а) Б.Момышұлы өмірі

б)Деректер

в) «Жауынгерлердің тұлғасы»

7.Бағалау.


Күні:


Сабақтың тақырыбы: Батырдың нар тұлғасы

Сабақтың мақсаты: Оқушылар Ұлы Отан соғысы, Б.Момышұлы туралы білімдерін арттырады.

Міндеттері:

1.Б.Момышұлы туралы, оның шығармашылығы туралы біледі, әңгіменің мазмұнын игереді, көркем тіліне назар аударады.

2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастырады.

3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді.


Қолданылған әдіс тәсілдер: “Шығарма кестесін толтыру” стратегиясы, “Екі түрлі түсініктеме күнделігі” стратегиясы, “Дөңгелек стол” стратегиясы, эссе жазу.

Көрнекіліктер: Шығарма кестесі, екі түрлі түсініктеме күнделігі, плакаттар, ақ парақтар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.


Кіріспе.

1. Біз өткен сабақта қандай шығармамен таныстық?

2. Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылған?
І..Қызығушылықты ояту.

Шығарма кестесін толтыру” стратегиясы.




Шығарманың аты

Шығармада кездесетін мақал-мәтелдер

Тұрақты тіркестер

Ерлік, батырлық, қырағылық туралы мақал-мәтел

“Жауынгердің тұлғасы”

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Төтреу түгел болса төбедегіні алады.

Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

Мың қабат торқаңнан, тоқтышағымның терісі артық.


Түсін жылыту, сәті түсу, сыбағасын бердік, ет жеп, сорпа ішкендей болды, беті қайтты, шүйдеден соғу, жолы болу, түкірген түкірігі жерге түспеу.т.б.

Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі. Айлалы батыр алдырмас. Батыл болмай, батыр болмайсың. Батыр бір оқтық. Батыр мың қол бастайды, шешен тар жерде сөз бастайды. Ерлік білекте емес, жүректе.


ІІ. Мағынаны тану.

1.“Екі түрлі түсініктеме күнделігістратегиясы.



Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділер

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікірің

Сен полк командирі болдың, ол-полктің ақылы, миы, басы. Өз ұлтыңның “білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады” деген мақалы әр уақытта да есіңде болсын,-деп қайталады әскери ақсақал.
Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қара құрымдай қаптаған күшінен қобалжыған кезде, қуат та, медет те, себеп те болған қазақтың ер намысына тидіре айтқан екі ауыз мақалының күші еді.

Генерал Бауыржан атамызға сенім артып, ақ батасын беріп аттандырды. Ал атамыз бұл сөзерді есінен шығармай өз қармағындағы әскерлерді ақыл-парасатымен басқара біліп, отан алдында борышын адал атқарды.
Бауыржан атамыз айтқан мақал соғыстың қиын-қыстау кезінде жауынгерлерге рух берді. Ата- бабаларымыздың айтқан бір ауыз сөзінің құдірет – күшін көрсетіп берді.


Ойашар.

2. “Дөңгелек үстел” стратегиясы.

Оқулықпен жұмыс.

5-сұрақ.

Жауынгердің тұлғасы сенің ойыңша қандай болуы керек?

Оқушылар алдарына берілген бір бет ақ параққа 1 минут ішінде өз ойларын жазып, дөңгелете отырып алғашқы оқушыға қайтып келген соң, жазғандарын дауыстап оқиды.

3.Ой толғаныс.



Эссе. “Қанмен жазылған кітап…”

Қорытынды:

Сабақты Б.Момышұлының “Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын” деген сөзімен қорытындылау.



Бағалау.

Үйге тапсырма:

6 сұрақ, 153 бет.



Ұлы Отан соғысы туралы өздіктеріңнен шығармалар оқығандарың бар ма?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет