Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет70/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау
1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Қазақстанда қала мәртебесіне ие 86 елді мекен бар. Олардың 14-і – облыс орталықтары, екеуі - республикалық маңызы бар қала. Республика тұрғындарының 56%-ы қалаларда шоғырланған. Елімізде барлығы 2500-ден астам ауыл аймақтар бар.

Қала – бұл ірі елді мекен. Бұл дамыған шаруашылық, экономика, мәдениет пен әкімшілік басқару орталығы. Қаладағы адамдар өнеркәсіп өндірісі нысандарында: зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейді. Ғылыммен, біліммен,
спортпен айналысады. Қалада көптеген мәдениет орындары – театрлар, мұражайлар, концерт залдары көп. Қала ауыл тұрғындарын көлік түрлерімен, тұтыну тауарларымен, тұрмыстық техникамен, киіммен қамтамасыз етеді. Ертеде адамдар соғыс уақытында жаудан қорғану үшін жасалған, қоршаумен қоршалған бекіністі қала деп атаған.

Ауыл – шағын елді мекен. Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Қазақстанда ауыл шаруашылығына басты назар аударылады. Біздің ел әлемдік астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша озық елдердің бірі болып табылады. Солтүстіктегі егіс алқаптарының 70%-ында астық және техникалық дақылдары – бидай, арпа, тары өсіріледі. Еліміздің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіреді. Қазақстан бау-бақша өсімдіктерімен танымал. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының озық саласы болып табылады.

Оның негізгі бағыттары – ірі қара мал, жылқы, түйе және қой өсіру. Республикада сонымен қатар құс және балық шаруашылығы дамыған. Ежелден ауыл ұлттық салт-дәстүрлерді, шежірелер мен ұлттық мәдениет ерекшеліктерін сақтайтын жер болып саналған.

Оралдағы кеме шығаратын зауыт 1941 жылы құрылды. 1921 жылы Ленинград қаласында негізі қаланды. Бастапқыда зауыт әскери қажеттілік үшін салынған болатын. 1996 жылдан бастап зауыт «Зенит» Орал зауыты акционерлік қоғамы деп аталады.



Ауылда өсімдік түрлерін өсіреді, үй жануарларын асырайды. Алынған өнімдерді дүкендерге жеткізеді. Ауылда ферма, егістік, бау-бақша бар
Әр қала мен ауылда көрікті жерлер бар. Бұл ең әдемі және ерекше жерлер.



Сабақты «Ауыл немесе қала» тапсырмасын орындаудан бастаңыз. Бұл тапсырманы топта орындауға болады. Оқушыларға қала мен ауыл фотосуреттерін араластырып, таратыңыз. Әр суретте не бейнеленгенін анықтауы тиіс. Әр топ фотосуреттерді ауыл және қала деп екі топқа бөледі. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

«Қала мен ауылды қалай анықтадыңдар?» «Қала мен ауылдың қандай ұқсастығы бар?»






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет