Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет76/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.2.2.1 ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау
1.2.3.1 жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Жыл мезгілдері – бұл жылдық цикл шартты түрде бөлінген төрт кезең. Әр жыл мезгілі белгілі бір ауа райымен және табиғи өзгерістермен сипатталады. Ауа райы – қысқа уақыт мерзімі аралығында сол немесе басқа жерде болған атмосфералық жағдай. Ауа райы шуақты, жаңбырлы, желді, қарлы болады.Ертеде қазақ халқының шаруашылық қызметінде табиғат құбылыстарын мерзімді бақылаудың тәжірибелік мәні зор болған. Көшпенді шаруашылық табиғат құбылыстарының мерзімділігін түсінуді және уақыт есебін білуді талап етті. XVI- XVII ғ. халық арасында метрологиямен және уақыт есебімен айналысатын кәсіпқой есепшілер болды. Олардың кәсіптері әкеден балаға беріліп отырды. Есепшіде көптеген ұрпақтар тәжірибесі болды, жылдан жылға бақылаулар жасап тұрды, маусымдық жұмыстар үшін бір жерден екінші жерге көшу уақытын анықтады, ауа райы болжамын жасады, қазақ халық күнтізбесінің толық жылдарын белгіледі.
Барлық халықта ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын көптеген ауа райы болжамдары бар. Бұл көптеген адамдардың шаруа қожалықтарын жүргізуімен байланысты және үйдегі әл-ауқат және береке ауа райына байланысты болды. Осындай болжамдарға мыналар жатады: Егер жаңбыр немесе боран жұмаға қарай басталса, онда ол келесі жұмаға дейін созылады. Егер жазда күн қатты ысыса, жаңбыр жауады. Аспанның түсі көгілдір болса, күн ашық, қалыпты ауа райы болады. Күн қызарып батса, ауа райы жақсы болады.

Сабақты П.И.Чайковскийдің «Қыс» шығармасын тыңдаудан бастаңыз. Оқушылардан әуенді тыңдап, терезеге қарауын сұраңыз (бұл сабақ қыста өткізіледі). Олардан сазгер бұл әуенді жазған кезде не туралы ойлағанын сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз және бұл шығарма «Қыс» деп аталатынын айтыңыз. Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» шығармасы – бұл сазгердің оның жүрегіне жақын өмір кезеңдерін, кездесулер мен табиғат суреттерін бейнелейтін музыкалық күнделігі.
Табиғат құбылыстары. Бұл тапсырманы топта орындаған дұрыс. Ол үшін оқушыларға жыл мезгілдерінің суреті бейнеленген үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Осылайша сізде 4 топ құрылады. Әр топ жыл мезгілінің біреуін сипаттайды. Оқушыларға оқулықтағы суреттерді қарауға ұсыныңыз. Жауап бергенде олардың назарын өз өмірлік тәжірибесін қолдануға болатынына аударыңыз. Топ кем дегенде 5 құбылысты анықтауы қажет.
Күз: 1) жаңбыр жауып тұр; 2) жапырақтар түсе бастады; 3) жел соғып жатыр; 4) құстар жылы жаққа ұшып кетеді; 5) суытады.
Көктем: 1) қар ериді; 2) жылғаларданағады; 3) ағаштар бүршік жарады; 4) бәйшешектер өсіп шығады; 5) жыл құстары ұшып келеді.
Қыс: 1) қар жауып тұр; 2) аязды күндер басталды; 3) тайғақ; 4) ұйқы басатын кез; 5) ағаштарда жапырақтар жоқ.
Жаз: 1) ыстық; 2) айналада барлығы гүлденеді; 3) құстар сайрайды; 4) барлығы шомылып жүр; 6) масалар шағады.
Барлық топтардың жауаптарын тыңдаңыз. Жақсы жұмыстарды атаңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға беріңіз.
Зертте. Бұл айдар тапсырмасын «Қимыл» ойыны түрінде өткізсеңіз болады. Оқушыларға адамдардың әр жыл мезгілінде әртүрлі ойындар ойлап тапқанын айтыңыз. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беруін ұсыныңыз. Ол үшін оқушылар өз
сүйікті ойындарын қимылмен және ыммен көрсетуі тиіс.
Жауабы: Қыс – шаңғы, коньки, шана тебу, қармен ойнау. Көктем – суға кемелер жіберу. Жаз — суға шомылу, футбол ойнау.
Бір топ көрсетеді, ал екінші топ жауабын айтады. Ойын біткеннен кейін оқушылардан неліктен балалар әр жыл мезгілінде әртүрлі ойын ойнайтынын сұраңыз.
Жауабы: Қыста аулада қар, мұз, ал жазда ыстық және өзендегі су жылы.
Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінді оқуға беріңіз.
Орындап көр. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға ауа райын бақылауға тапсырма беріңіз. Егер мүмкіндік болса, оқушылармен бірге мектеп ауласына шығу қажет. Оларға бақылау парақтарын таратыңыз. Оқушылар ауа райын бақылап, деректерді бақылау парағына түсіреді (бұлтты, температура, жел және т.с.).
Сен білесің бе? Бұл айдар мәтінін оқу алдында эксперимент жүргізіңіз. Көкжиек тұстары көрсетілген Қазақстан картасын төсеңіз. Қазақстанның солтүстігі жағына желдеткіш және мұз салынған кішкентай шелек қойыңыз. Қазақстанның оңтүстігі жағына фен қойыңыз. Екі бөлігіне де термометр бекітіңіз. Оқушылар термометр бойынша көрсеткіштерді анықтайды және тұжырым жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет