Сабақ тақырыбы Бердібек Соқпақбаев «Шынықсын денеміз» өлеңі Сабақтың мақсаты



Дата25.01.2020
өлшемі58,59 Kb.
#56484
түріСабақ
Байланысты:
Sarbalina Anargul

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Әдебиеттік оқу



Мұғалім

Cарбалина Анаргүл Жасұланқызы

Мектеп, сынып

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Үстірт орта мектеп» КММ.

2Б-сыныбы



Сабақ тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев «Шынықсын денеміз» өлеңі





Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, оқушыларды талдау, талқылау арқылы қорытынды жасауға үйрете отырып, шығармашылық қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын арттыру және оқушыларды автор туралы мәліметтер жинауға үйрету.

Сілтеме:

Оқулық, «Әдебиеттік оқу», 2-сынып, мазмұнды суреттер, білім беретін фильмдер, «Бердібек Соқпақбаев» бейнекөрсетілімі және осы бөлімдегі ойындар мен тест тапсырмалары.

https://imektep.kz/kz/berdibek-sokpakbaev



Сабақтың

әдіс-тәсілдері:

Интерактивті оқыту әдісі, тест «АКТ», «ОмОЖТ, Микрофон, Топтастыру, ЖАДА әдісі «Не білемін? Не білдім?» әдісі.

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Күтілетін нәтиже:


– оқушылар өлеңнің мазмұнын түсінеді;

­– сабаққа қызығушылықтары артады;

– тапсырмаларды белсенді орындайды;

– топтық жұмысқа дағдыланады.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру

Оқушылар сапқа тұрып, топқа бөлінеді.

Топтың атаулары қыс айлары:

«Желтоқсан», «Қаңтар», «Ақпан».


Оқушылар топқа бөлініп, топ басшысын тағайындайды.

Үй тапсырмасын тексеру


Көпір тапсырмасы


https://bilimland.kz/kk#lesson=18914

– Олимпиада сөзінің мағынасы?

– Ең алғашқы олимпиада қай елде өтті?

– Олипиада белгісі нені білдіреді?

– Содан бері міне, неше дүркін олимпиада болды.

– Ал біздің Бекзат қай олимпиада жеңімпазы?

– Бүгінгі олимпиада туралы не білеміз?

«Не білемін?» әдісі бойынша олимпиада чемпиондары туралы стикерге жазып, А3 форматына жапсыруларын сұраймын.


Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы, өткен сабақты естеріне түсіреді.

– «Олимп» тауы дегенді білдіреді.

– 1896 жылы Греция астанасы Афина қаласында өтті.

– Бес құрлықты білдіреді.

– Жазғы олимпиада ойындары 32 рет өтті.

2000 жылғы Сидней олимпиадасының чемпионы.

Оқушылар стикерлерге Бекзат, Ермахан Ыбрайымов, Илья Ильин тағы басқа олимпиада чемпиондары туралы білетіндерін жазады.


Жаңа тақырыпты ашу және меңгерту

Ой қозғау:

Жұмбақтар

Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым.
Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге.


Табанға қақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым.
– Бұл жұмбақтарды білесіңдер ме?

– Бір жерден оқыдыңдар ма?

– Демек, өздерің айтқандай, жаңа тақырып қандай екен?

– Дұрыс, авторы кім?

– Ескен Елубай туралы не білесіңдер?

http://kitap.kz/index.php/catalog/author/755-esken_elubaev

Ескен Елубаев

1960–1990 жылдардағы әдебиет

1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №29 теміржол орта мектебін бітірген. 1966 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін аяқтаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналында бас редактордың орынбасары болып қызмет істеген. Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жарияланды. Негізінде балалар жазушысы. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана – Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007–2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір – зейнеткер. Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кинофильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген. Шығармалары: Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984; Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984



«Бердібек Соқпақбаев» туралы бейнекөрсетілімін көрсету https://imektep.kz/kz/berdibek-sokpakbaev
Алдарыңда хат келіп тұр. Тапсырмаларды орындайық!
1-тапсырма

Бос орынды толтыр.


  1. Б. Соқпақбаев 1924 жылы... облысы қазіргі Нарыңқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келген.

  2. Ол қазіргі... атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

  3. Оның шығармаларының ішіндегі ең әйгілісі – ...повесі.

  4. «Менің атым Қожа» повесі... жылы жазылған.

  5. Б. Соқпақбаев шығармаларында адамды жаман немесе жақсы деп біліп, бір қырынан ғана ... .

Керекті сөздер:

«Менің атым Қожа», «Шал мен бала», Алматы, 1957 ж.

https://imektep.kz/kz/berdibek-sokpakbaev «Бос орынды толтыр» ойынын пайдаланамын

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Б. Соқпақбаевтың «Шынықсын денеміз»


Қыста қызық жұмыс бар
Бүркіт Ысқақов

«Қазақстанның ақын-жазушылары» топтамасының портретін үлестіру

4 және 6-тапсырма бойынша «Венн диаграммасын» құру


Қыста қызық жұмыс бар

Б. Ысқақов




Шынықсын денеміз

Б. Соқпақбаев



– Екі өлеңнің ұқсастығы неде?

– Айырмашылығын табайық ЖАДА бойынша бағыт беремін


Оқулықпен жұмыс жүргізеді;

Топтық жұмысқа қатысады, тапсырмаларды орындайды.


Оқушылар берілген жұмбақтың шешуін таба отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

– Ия,

– Оқулықтың 19-бетінде бар, апай!



– Шынықсын денеміз
– Ескен Елубай
Ескен Елубай туралы кластер қорғау

Топтық жұмыс жасайды


Алдарындағы хаттарды ашады. Тапсырмаларды орындайды.
Алматы

Абай

«Менің атым Қожа»
1957 жылы

көрсетпейді

Керекті сөздерін бос орынға бағыт сызығы арқылы белгілейді.


Хормен мәнерлеп оқиды және қимыл қозғалысын жасап, демонстрациялайды


Оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Кластер қорғайды


Оқушылар екі өлеңді салыстырады.


Айырмашылығын табады
Ұқсастығын табады

– Екеуі де қыс мезгіліне арналған

Қысқы ойындар


Бекіту

«Дұрыс/бұрыс» ойыны арқылы автор жайлы мағлұматтарын тексеру.

  1. Б. Соқпақбаев 1924 жылы Алтай өлкесінде дүниеге келген.

  2. Қазіргі «әл-Фараби» атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

  3. Б. Соқпақбдаевтың «Бұлақ» атты өлеңдер жинағы бар.

  4. Б. Соқпақбаев өз шығармаларында монологты сәтті қолданады.

  5. Монолог – әдеби шығармаларда кейіпкерлердің өзіне-өзі қарата айтқан сөзі немесе ішкі сырын білдіретін ойы.

https://imektep.kz/kz/berdibek-sokpakbaev «Дұрыс»«Бұрыс» ойынын пайдаланамын

Оқушылар «Дұрыс» немесе «Бұрыс» сөздерінің тиістісін хаттағы тапсырмаларға жазады.
«Дұрыс»

«Бұрыс»


Қорытынды

«Не білдім? » әдісі бойынша

«Микрофон» әдісі арқылы талдау.

1. Б.Соқпақбаев оқыған жоғары оқу орны

А) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ә) Абай атындағы ҚазҰПУ

Б) Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰПУ

В) Е.Букетов атындағы ҚарМУ
2. Б.Соқпақбаев шығармаларына тән ерекшелік

А) тек жағымды кейіпкерлерден тұрады

Ә) ылғи жағымсыз кейіпкерлерден тұрады

Б) оның кейіпкерлерінің жағымды да, жағымсыз да қасиеттері бар


3. Монолог дегеніміз – ...

А) екі адамның сөйлесуі

Ә) кейіпкердің өзіне-өзі қарата айтқан сөзі

Б) бірнеше адамның сөйлесуі

В) халық атынан айтылған сөз
4. Б.Соқпақбаевтың шығармасы

А) «Өлгендер қайтып келмейді»

Ә) «Ұшқан ұя»

Б) «Ақан сері»

В) «Алтын іздеген адам»
5. Фильм кімнің шығармашылығы туралы?

А) М. Әуезовтің

Ә) Б. Соқпақбаевтың

Б) М. Мақатаевтың

В) Қ. Мырза-Әлидің
6. Б. Соқпақбаевтың шығармасы

А) «Аққала – Ақбала»

Ә) «Менің атым – Қожа»

Б) «Күзгі таң»

В) «Шуағым менің»
7. Фильмде Дана не үшін өзін-өзі жазалағысы келді?

А) досын ренжіткен еді

Ә) өтірік айтқан еді

Б) сабаққа кешіккен еді

В) «4» деген баға алған еді
8. Б. Соқпақбаев туған ауылдың аты?

А) Қарасаз

Ә) Қостөбе

Б) Көлбастау

В) Қаратөбе
9. Б. Соқпақбаевтың туған жылы?

А) 1928


Ә) 1934

Б) 1924


В) 1926
https://imektep.kz/kz/berdibek-sokpakbaev реусурсынан «Тест» тапсырмасын пайдаланамын

Оқушылар өз ойларын айтады

Бағалау

Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалау

Оқушылар өздеріне баға қояды.

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта алған білімінің түсініктілігіне байланысты бағдаршам түсіне сәйкес пікірін жазады.

Сабақ бойы алған білімі туралы ойлана отырып, бағдаршамның қай түсіне сай екенін жазады.

Үй тапсырмасы

Екі өлеңнің өзіңе ұнаған біреуін жаттап ал.

21-бет


7-тапсырма

Күнделіктеріне түртіп алады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет