Пайдаланған құралдар: фарфор келі келсабымен, фильтр қағазы, таразы, қыздырғыш құралдар, бюретка, пипетка.
Жұмыстың барысы: Таразыда 1 г зерттелетін затты өлшеп алып, фарфор келіде келсабымен ұсақтайсыз. Ұсақталып дайындалған зерттелетін затқа 25 мл дистилденген суды ақырындап қоса отырып химиялық стақанға ауыстырасыз да стақанды қайнағанға дейін қыздырамыз. Кейіннен стақандағы затты 10минуттай суытып, фильтр қағазы арқылы сүзіп аласыз.
Титрлеу үшін стақандағы барлық сұйықтық алынады. Стақандағы сұйықтыққа 2-3 тамшы 10% тұз қышқылын тамызып үстіне 2 мл 1% крахмал ерітіндісін қосыңыз. Стақандағы сұйықтықты 0,01 н иод ерітіндісімен ақшыл-көк түсті ерітіндінің бояуы жойылмағанша титрлейді.
Есептеу: Аскорбин қышқылының молекулалық массасы -176, грамм-эквиваленті-88. Сондықтан 0,01 н иод ерітіндісінің 1 мл-де 0,088 мг. Аскорбин қышқылына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |