Зерттелетін зат: итмұрын ерітіндісі.
Реактивтер: Люгель реактиві, 0,05% аскорбин қышқылының ерітіндісі.
Пайдаланатын құралдар: пробиркалар.
Жұмыстың барысы: Пробиркаға 10 тамшы алдын ала 10 есе сұйылтылған Люгель реактивін алады, оған 5 тамшы 0,05% аскорбин қышқылының ерітіндісі немесе итмұрын езіндісін қосады. Пробиркадағы ерітінді түссізденеді.
Витаминдерге арналған реакциялар талқыланып төмендегі кестеге түсіріледі, қорытынды жасалады.
Берілген зат
|
Витамин атауы
|
Пайдаланған реактив
|
Ерітінді түсі
|
Реакцияның негізі
|
|
|
|
|
|
Жем-шөп пен дәрілік шөптердің, жеміс-жидектердің құрамындағы аскорбин қышқылының сандық мөлшерін анықтау.
Қолданыстағы түрлі дәрілік шөптер мен жеміс-жидектердің құрамындағы аскорбин қышқылы ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруына үлкен көмек көрсетеді.
Зерттелетін зат: дәрілік шөптер, жеміс-жидектер, көкөністер.
Реактивтер: 10% тұз қышқылы, 1% крахмал, 0,01 н иод ерітіндісі дистилденген су.
Достарыңызбен бөлісу: |