Сабақ тақырыбы: Етістік туралы білетінімді еске түсіремін Сынып: 3 «А» Күні



бет2/2
Дата16.02.2022
өлшемі404,37 Kb.
#132010
түріСабақ
1   2
Құндылықтарды дарыту

Құрманғазының шығармашылығын бағалай білуге баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Етістік туралы біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар



Сабақтың басы
3-минут

Ұйымдастыру
Шаттық шеңберін құру. «Бәріміз біріміз үшін, Біріміз бәріміз үшін!» Түймедақ гүлінің күлтешелерінде жазылған сөздер арқылы топқа бөліну. (Күлтешелерге әр түрлі сөз таптарына жататын сөздер жазу)
1-топ: Зат езім
2-топ: Сын есім
3-топ:Сан есім
4-топ: Етістік

Қосымша №1

Гүл күлтешелері



Сабақтың ортасы


5-минут

(Ұ.Ж) 1-тапсырма «Блум түймедағы» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіту.
-Зат есім дегеніміз не?
-Зат есімнің сұрақтары қандай?
-Зат есім нешеге бөлінеді?
-Заттың қимылын білдіретін сөздерді не деп атаймыз?
-Етістіктің сұрақтары қандай?
-Өткен сабақта қандай күйшілермен таныстық?
-Күй тыңдату
Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру

ҚБ: ауызша мадақтау арқылы «Сөздік» бағалау

Дыбыс күшейткіш


Презентация





5-минут

(Ұ.Ж) «Кім жылдам?» әдісі арқылы 1-тапсырманы орындау
Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер. Етістіктерді тап, оларды дара немесе күрделі екенін айт.
-Динаның ұстазы кім?
-Құрманғазы кім?
-Домбырашы болу үшін не істеу керек?
-Құрманғазының ақыл-кеңестері Динаға қалай әсер етті?
Керекті сөздер: Құрманғазы, күй атасы, дыбысты сүйе білу, ерінбеу, құлағынан кетпестей
ҚБ: ауызша мадақтау арқылы кері байланыс жасау






8-минут

(Ұ.Ж) «Бірлесіп жазу» әдісі бойынша 2- тапсырманы орындау.
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Күйші күй ... . Жыршы жыр ... . Ақын өлең ... . Дәрігер ауруларды ... . Мұғалім балаларды ... . Жылқышы жылқы ... .
ҚБ: ауызша мадақтау арқылы кері байланыс жасау

Оқулық
Жұмыс дәптері

3 минут

(Т.Ж) «Кім тапқыр?» әдісі бойынша тақтамен жұмыс .
3-тапсырма
Көп нүктенің орнына дара етістікті тауып жаз. Күрделі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.
... – келе жатыр, келе бастады.
... – тарта алады, тартып жатыр, тартып жүр.
... – тоқи алады, тоқып отыр, тоқи бастады.
... – барып кел, бара кел.
ҚБ: топта бірін-бірі «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау.
Сергіту сәті: «Еден», «Төбе», «Мұрын» қимыл арқылы жасату

Кеспе қағаздар

12 минут

(Т.Ж) 4-тапсырма

Суретке қарап, мәтіннің тақырыбын болжа. Мәтінді тыңдату .


-Менің атым Дина, - деді қызғалдақ.
-Мерейлі бол, Динажан, мен – кек күйшісі Құрманғазымын. Тәрбиешім Махамбет ақын – Исатай ердің серігі, халық үшін жан берген. Сол ерлердің ұраны, сол күрестің дабылы мынау егіз ішекте. Мұрамды саған тапсырдым, халыққа жеткіз күйімді! - деп, қария қызғалдаққа үкілі домбырасын ұсынды.
- Егер де маған, атажан, шынымен сеніп тапсырсаңыз, кек ұрандас күйіңізді халыққа ойнап беруге ант етем! – деп, қыз бала тізерлеп отырды да, домбыраны қолына ұстап, сүйіп-сүйіп алды.
Әбу. Сәрсенбаевтан
Мәтінге ат қой. Келесі беттегі жоспарды толықтыр. Жоспар бойынша мәтінді мазмұнда. Мәтіннен етістіктерді тауып, олардың дара және күрделі түрін ажырат.
Топтық тапсырмалар:
1-топ: «Дауыстап оқу» әдісі бойынша оқиды.
2-топ: «Рөлдік ойын» әдісі бойынша сахналайды
3-топ: «Граффити» әдісі бойынша сурет салады
4-топ: «Бір минуттық әңгіме» әдісі бойынша дара және күрделі етістіктерді тауып ажыратады.
«Жас тілші» әдісі бойынша мәтін мазмұның түйіндеу
ҚБ: топтардың бірін-бірі бағдаршам түстері арқылы бағалауы.

Оқулық

А-4 қағаздары


Суреттер, түрлі-түсті қағаздар, түрлі-түсті маркерлер

Микрофон



Қосымша тапсырма
2-минут

Уақыт өлшеміне қарай «Семантикалық картаны» толтыру

Семантикалық карта

Сабақтың соңы
2-минут

Рефлексия
Бағдаршам түстері


Үйге тапсырма

Бағдаршам түстері

Қосымша ақпарат

Саралау



Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
денсаулық пен қауіпсіздік


  • Кейбір тапсырманы орындау кезінде саралаудың «Диалогқа түсу» әдісі арқылы жетекші сұрақтар қою арқылы кейбір оқушыларға қолдау көрсетемін. Семантикалық картамен жұмыс жасағанда кейбір оқушылар саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша жылдам жұмыс жасайды

  • Бағдаршам түстері , ауызша мадақтау сөздері арқылы және сабақ соңында арнайы дайындалған алқа тағу арқылы бағалау ұйымдастырып отырамын

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия
Сабақ мақсатына жеттім бе?
Оқушылар не үйренді?
Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?
Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?
Жоспарланған уақытты ұстандым ба?
Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет