Сабақ Тақырыбы: Хайуанаттар бағы Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі56,16 Kb.
#5817
түріСабақ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Хайуанаттар бағы
Сабақтың мақсаты:

1.«Етістіктің болымсыз түрі» грамматикалық тақырыбын қайталау. Сөйлемдерді оқып, аудару. Өткен сабақта үйренген сөздерді қайталау. Оқушылардың сөз байлығын толықтыру, сөздермен сөйлем құрастыру.

2.Тіл дамыту.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

3. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Хайуанаттардың өміріне қызығушылық сезімін тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: магнитофон, суреттер, карточкалар, ребус, сөзжұмбақ
Әдіс- тәсілдер: сұрақ - жауап, ойын, көрсету, түсіндіру, әңгіме
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Әнұранды орындау

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру


ІІ. Үй жұмысын тексеру

«Оппы қар» ойыны

Өткен сөздерді қайталау

Әр бір топтан бір-бір оқушыдан шығады. Кезектесіп парақ алып, сөздерді аударады. Қайсы оқушы сөздерді аудара алса,сол оқушы оппы қардан шығады. Ал оқушы сөздерді аудара алмаса,сол оппы қардан шыға алмайды


ІІІ. Жаңа тақырып

1.Кіріспе.

Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 топ – піл тобы

2 топ – түлкі тобы

3 топ – жолбарыс тобы

2.Сөздік жұмысы

тау барысы – снежный барс

қамқорлық – забота

хайуанаттар бағы – зоопарк

Сөздермен сөйлем құрастыру

3.жұмбақтарды оқып, жауабын табыңдар

1 топ

Өзі айлакер, өзі бір қу,



Жүрген жері айқай да шу

2 топ


Жол- жол сызық тоны бар,

Кісі қорқар жөні бар

3 топ

Қалқиып ұзын құлағы,



Елеңдеп қорқып тұрады
ІV. Бекіту

1.Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер

... : - Сәлеметсің бе, ..., біздің қалаға Мәскеуден хайуанаттар бағы келіпті.

... : – Сәлем, .... Иә, мен де естідім.

... : ..., сен ертең барасың ба?

... : - Иә, мен барамын.

...: - Менің ағам барыпты, ол неше түрлі хайуанаттарды көріпті.

...: - Хайуанаттар бағында үлкен піл, қоңыр, ақ аюлар, арыстан, жолбарыс, маймылдар бар.

...: - ..., мен бұл хайуанаттар туралы қызық әңгімелер оқыдым.

...: - ..., сен білесің бе, бұл хайуанаттар бәрі Қызыл кітапқа енгізілген.

...: - Иә, ..., білемін. Ертең барамыз. Сені сағат екіде сол хайуанаттар бағының қасында күтемін.

...: - Жақсы. Сау бол.

...: - Сау бол!

2.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар

1 топ

В Казахстане существует 9 государственных заповедников. Многие животные и растения находятся под защитой государства.



2 топ

Среди них снежный барс и беркут. Снежный барс является символом города Алматы.

3 топ

Беркут изображен на государственном флаге Казахстана. В зоопарке есть большой слон.



3.Жаңылтпаштарды жылдам оқу

1 топ


Еліктер керіктерге еліктеді ме?

Керіктер еліктерге еліктемес.

2 топ

Арыстан Арысқа барса да,



Арыстан ары алысқа бара алмайды.

3 топ


Біл, бұл - піл,

Бұл – бір ірі піл.

4. Сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар

1топ – хайуанаттардың

2 топ – қасқырларды

3 топ – жолбарыстың

5.Ережені қайталау.Берілген етістіктерді болымсыз түрде жазыңдар

1 топ – қоректен, бол, қу

2 топ – қаш, ат, тірке

3 топ – қорға, күт, бер

Етістіктерді пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.

6. Ребусты шешу

1топ – түлкі

2 топ – жолбарыс

3 топ - арыстан

7. Сөзжұмбақ

Қасқыр

8. Тақпақтарды мәнерлеп оқу



1 топ

«Теңбіл бұғы»

Теңбіл – теңбіл түсі де,

Жарасады өзіне.

Тұрса нудың ішінде

Көрінбейді көзіңе.

Сүйіп самал тал бойын

Лақтай ойнақ салады.

Күнге тосып маңдайын.

Шауып - шауып алады.

2 топ

«Қоян»


Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы- қырлы жерлермен,

Ытқып – ытқып жүгірді.

Қарап еді артына.

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

3 топ

«Түлкі»


5сынып 87бет.

9.Қызығушылықты ояту.Ассоциация әдісі арқылы ой щақыру





V.Қорытынды

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Бүгінгі сабақтың жаңа сөздері қандай?

Алматы хайуанаттар бағында қандай жануарлар бар? Жануарлар туралы қандай жаңылтпаштар білесіңдер? Жануарлар туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?
Тақтаға ілінген таблицаны толтыру

Жұмыстар


І

ІІ

ІІІ

Жұмбақтар











Сөйлемдерді

аудару











Сөздерді сөз құрамына қарай талдау










Ережені қайталау











Жаңылтпаштарды

жылдам оқу












Ребусты шешу











Сөзжұмбақ











Тақпақтар










Таблицаны толтырғаннан кейін қай топ қалай жұмыс атқарғанын анықтауға болады


VІ.Үйге тапсырма 66 бет 3- тапсырма
Каталог: uploads -> doc -> 03c9
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03c9 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет