Сабақ тақырыбы: Химиялық өлшеуіш құралдармен танысу Сабақ мақсаты: Білімділік



бет2/2
Дата01.04.2017
өлшемі0,69 Mb.
#12877
түріСабақ
1   2
Сабақ түсіндіру сәті
Бүгінгі сабақта құрғақ заттың белгілі массасы бойынша өлшейміз, бірақ болашақта еріген заттың массасы мен көлемін формула бойынша есептеп, содан кейін өлшейміз.

Тәжірибе №1:

Енді таразы арқылы берілген заттың массасын өлшейміз. Ол үшін алдарыңызда берілген тұзды алып: І топ – 3 г тұз;

ІІ топ – 4 г тұз;

ІІІ топ – 5 г тұз өлшеу. Өлшеген соң қорытындылау.



Электронды таразымен заттың Техникалық таразымен заттың массасын өлшеу.

массасын өлшеу.




2. Күнделікті өмірде ерітінділердің қандай түрлерін білесіздер? Мысалы: қант пен су ерітіндісі, тұз бен су ертіндісі. Химия лабораториясында көбінесе тұздардың ерітінділері пайдаланылады. Ерітінділер тақырыбымен біздер кейінірек танысамыз. Бүгінгі сабағымызды ерітінділерді дайындау және алу үшін қандай өлшеуіш құралдары бар және олармен қалай жұмыс істеуге болатынына көз жеткіземіз. Ерітінділерді дайындау және алу үшін өлшеуіш цилиндр мен мензуркалар, тамызғыш (пипеткалар), бюреткалар, медициналық шприц, термометр, ареометр, бөлгіш воронкалар, GLX құралы, рН- метр немесе рН-зонд қолданылады.

Өлшеуіш цилиндрлер мен мензуркалар. Бұл құралдар концентрациялы ерітінділер даярлау үшін қолданылады. Өлшеуіш цилиндр мен мензурканың көлемі әртүрлі болады. Негізінен 10 мл-ден 500 мл-ге дейін болады.

Цилиндрлер Мензуркалар Пипеткалар

Тәжірибе №2
Өлшеуіш цилиндр мен мензурканы пайдаланып, сұйықты өлшеу.

І топ – 25 мл су;

ІІ топ- 30 мл;

ІІІ топ – 35 мл. Өлшеген соң жаңа стақанға өлшеп алынған тұзды салып, үстінен өлшенген сұйықты құямыз. Шыны таяқшамен араластырамыз. Не үшін араластырамыз?Ерітінді жақсы еру үшін. Қатты заттардың суда еруін қарастырып, ерітінді алдық.Ерітінді даярлаған соң қорытынды жасау.


Тамшуыр (Пипеткалар) Бұл көлемі шағын ерітінділерді өлшеп, екінші бір ыдысқа құю үшін қолданылады. Тамызғыштардың бөлікке бөлінген және бөлінбеген түрлері бар. Олардың көлемі әртүрлі. 1 мл-ден 50 мл-ге дейін болады. Бөлікке бөлінген тамызғыштардың сыйымдылықтары әр түрлі болады, мысалы, 1 мл-ден 50 мл-ге дейін бөліктернің аралығы 0,2-0,1 мл болады. Сұйықтарды сорып, тартқанда тамызғыштың ұшына резеңке баллондарды пайдалануға болады.
Тәжірибе № 3

Тамшуырдың көмегімен ерітінділерді құю

І топ – 3 мл;

ІІ топ – 5 мл;

ІІІ топ – 10 мл. Жұмыс соңында қорытынды жазу.

Колбалардың қандай түрлерін білеміз?


Сонымен қатар өлшеуіш колбалар арқылы ерітіндінің көлемін есептеуге

болады. Өлшеуіш колбалардың мойнында дөңгелек белгісі болады. Өлшеуіш колба дәл концентрациядағы ерітінділерді даярлау үшін қолданылады.



Оның мөлшері 25 мл-ден 2000 мл-ге дейін болатын түрлері бар.


Медициналық шприц – ерітінділерді аса дәлдікпен сорып алу үшін

қолданылады. Шприцтің көмегімен химиялық реакциялар кезінде бөлінген

газдың көлемін анықтауға болады. Ол, әсіресе сандық тәжірибелерге аса керек.

Шприцтердің көлемі 1 мл-ден 20 мл-ге дейінгі аралықта болады.






Бюреткалар – Бұлар қабырғасы 0,1 мл-ге дейінгі дәлдікте бөлікке

бөлінген, ұзынша келген шыны түтік. Бюретканың тамызғыш (пипетка) тәрізді

жіңішкерген ұшында су шүмегі (кран) болады. Бюреткаға құйылған

сұйықтықты толық жібермей реттеп тұру үшін, оның ұшына резеңке түтік

кигізіп, шыны бұршақпен бекітеді. Бюретка ерітіндінің көлемін дәл өлшеуге және көлемдік анализде

химиялық реакцияда заттың қанша көлемі жұмсалғанын анықтайды.



Тәжірибе №4. Бюретка арқылы нейтралдану реакциясын жүргізу

(демонстрациялау)




Термометрлер – Мектеп тәжірибесінде негізінен сұйықтық термометрі қолданылады. Олар

-200С-тан 2000С-қа дейінгі аралықты көрсетеді. Арнайы қорабы жоқ спиртті немесе сынапты термометрлерді сынып қалудан сақтау үшін, басына резеңке түтік кигізіп қояды. Термометрлер арнаулы қораптарда сақталады. Сұйықтардың температурасын сыртқы шкаласында көрсетілген бөлігі бар аралықта ғана өлшеуге болады. 2000С-тен жоғарырақ жылылықты өлшеу үшін арнаулы термопаралы, вольметрлі «хромалюмель» термометрі қолданылады.



Тәжірибе №5.

Берілген сұйықтың температурасын өлшеу.

І топ салқын су;

ІІ топ жылы су;

ІІІ топ ыстық су. Тәжірибе соңында қорытындылау.
GLX құралын пайдаланып, сұйықтықтың температурасын өлшеу. (Демонстрация көрсету)
Ареометрлер әр түрлі сұйықтықтардың тығыздығын өлшеу үшін қышқылдардың, сілті ерітінділерінің , тұздардың, спирттердің, сұйық көмірсутектердің қолданылады. Ареометрлердің әр түрлі шкаласы болады. Ареометрлер судан жеңіл және ауыр деп бөлінеді. Мектепте сұйықтықтар үшін тығыздық арасы кеңдеу ареометрлер қолданылады. Ареометрлерді жұмыстан кейін жуып, кептіріп, арнаулы қорабына салып сақтайды.
Бөлгіш воронка ерітінділерді (эмульсия) бөлу үшін қолданылады.

Эмульсиялар бір-бірінде ерімейтін сұйықтықтар. Мысалы: сұйық май мен суды шайқағанда түзіледі. Осы екі затты бөлу үшін бөлгіш воронка қолданылады.


Істелген жұмыстар бойынша дәптерлеріңе қорытынды жазу.
Пысықтау: Бүгінгі сабағымызда «Химиялық өлшеуіш құралдармен және олармен жұмыс істеумен» таныстық.

  1. Таразы қандай заттарды өлшеуге арналған?

  2. Таразының қандай түрлері бар, жұмыс істеу үшін қандай ережелер бар?

  3. Сұйық заттарды өлшеу үшін қандай өлшеуіш құралдар пайдаланылады?

  4. Өлшеуіш колба, медициналық шприцті қалай қолданамыз?

  5. Бюреткалар қайда қолданылады?

  6. Термометрлер мен ареометрлердің қандай пайдасы бар?

Қорытынды:

Химиялық өлшеуіш құралдар тек химияда (лабораторияларда) ғана емес, сонымен қатар басқа салаларда да медицинада, ауыл шаруашылығында, тұрмыста, өндірісте кеңінен қолданылады.


Медицинада Ауыл шаруашылығында

(дәрі-дәрмектер) көкөністерге қажетті минералды

тыңайтқыштарды алу үшін, т.б.

Химиялық өлшеуіш құралдар

Тұрмыста құрғақ, сұйық Өндірісте тонналық заттарды

заттарды өлшеу үшін; өлшеуде техникалық таразылар;



таразы техникалық т.б.
Үйге тапсырма: Өтілген материалды қайталау, есептер шығару.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет