Құндылықтарды дарыту:
|
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету болу құндылықтары дамытылады.
|
Басы
0-3 минут
4-6 мин
15-18 мин
19-32 мин
33-37 мин
|
Ұйымдастру кезеңі:
-Оқушыларды түгендеу.
-Оқушыларды топқа бөлу: үш түсті жапырықтар арқылы топқа бөлу. Сол арқылы жапырaқтар туралы білімімізді еске түсіреміз.
-Оқу жоспарына сәйкес жаңа тақырыптың мақсатын анықтау.
-Жетістік критерийлерімен таныстыру.
Миға шабуыл: Оқушылардан 70%-ды спиртті қолдарына жағып, әсерін «сезінуді» сұраймыз. Не болатынын талқылаймыз.
(T) Транспирация ұғымын талдау, тақырыпты түсіндіру.
Видеокөрсетілім
Зертханалық жұмыс №1 «Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу».
Жұмыстың мақсаты: Сыртқы орта факторларың транспирацияға әсерін зерттеу.
№1 жұмыс.
Оқушылардан микроскоп арқылы жапырақтардың көлденең кесіндісін қарастырыңыз және белгіленген суреттерді қолдану арқылы жасушалардың түрлерін анықтаңыз. Оқушылар әрбір түр жасушалары үлгілерін салыңыз.
№2 жұмыс. Демонстрация «Транспирация үдерісін зерттеу». Оқушыларға целлофанмен қапталған өсімдік орнатылым ұсынылады. Оқушылардан пакет ішіндегі су қалай пайда болғанын түсіндіріңіз.
№3 жұмыс.
1. Оқушыларға маш немесе қыша көшеттерін беріңіз. Оқушылар тамыр түктерін микроскоп арқылы зерттейді. Маш немесе қыша орнына бидайдың немесе асбұршақтың көктеген дәндерін пайдалануға болады.
2. Оқушылар тамыр түктерінің жасушаларын салуы және осмос үдерісінде су жасушаларға қалай түсетінін жазбаша түсіндіруі тиіс.
(І) Жеке жұмыс.
Суретке мұқият қараңыз.
Сурет 1.
А)Суретке сәйкес болып жатқан құбылысты атаңыз.
.................................................................................................................................................
Б)Өсімдікке әсер ететін факторларға сипаттама беріңіз (2).
................................................................................................................................................................................................................................................................................................
В)Мына ұғымдарға сипаттама беріңіз.
Мезофилл-
Кутикула-
Лептесік-
Жасымақшалар-
Лигнин-
Ксилема-
Флоэма-
|
Презентация
Транспирация https://www.youtube.com/watch?v=i0cbgP-JYY0
Жұмыс парағы
Алхоры немесе Күнбағыс жапырақтарын алуға болады
Құрал-жабдықтар мен материалдар:
өсімдік сабағы, суы бар колба, тренога, целлофанды пакет.
Құрал-жабдықтар мен материалдар:
маш/қыша немесе бидай не асбұршақ.
Тамыр құрылымы және тамыр түтіктері туралы орыс тіліндегі ресурс.
http://biouroki.ru/material/plants/koren.html
|