Сабақ тақырыбы Кіріспе сабақ : Ежелгі Қазақстанға саяхат



бет93/134
Дата22.11.2019
өлшемі7,85 Mb.
#52279
түріСабақ
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   134
Байланысты:
5 сынып ҚМЖ сатып алынған-2 (3)





САБАҚ:

Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:


СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.4.2.3 – Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру;

5.3.2.2 – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Тілдік құзіреттілік

Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Алдыңғы тақырып

Үйсіндер туралы жазба деректер


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.



Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут


«Қызыл гүлім-ай» би

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»



3-топ «Қызыл кәмпиттер»


Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Топтарға тапсырма:

(Мәтін бөліктерін тарату)

Қаңлы мәдениеті , шаруашылығы, жазу өнері, қол өнері, музыка және би өнері.


Шаруашылығы. Қаңлы мемлекеті алып жатқан жер табиғи климаттық және ландшафтық – географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің аңғарлары, кең байтақ дала кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесі мен, шаруашылық қызметке тартылуы мен шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленеді. Хорезмде, Арал өңірінде, Зерафран аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және алдынғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді.

Дәнді дақылдар дәндері мен астық қамбаларының табылғанына, еден сылағы мен камкесектен сабан – топан қалдықтарының болғанына дәнүккіштер мен астық сақтайтын құмдардың көп кездескеніне қарағанда, егіншілік мықтап дамыған тәрізді. Жерді тас кетпендермен өндеген, олар көрінген мекеннен табылады. Жер өңдеуге сүйектен жасалған құралдар да қолданған.

Б.з. алғашқы ғасырда егінді суғару шектеулі көлемде жүргізілген. Әдетте, суды пайдалануға еңбектің ең қарапайым әдістері қолданылады. Көкмардандағы жер суландыру ісін алдын-ала зерттеуден Арыстың опырылып құлап біткен көне арнасы мен тарамдарын бөгеп, олардың жарма, арықтар тартып, егін мен бақшаларды суарғанын көреміз.

Шаруашылықтың маңызды бір саласы – мал өсіру болған. Егіншілігі біраз дамыған ежелгі қоныстардан жылқы, қой, ешкі, сиыр сияқты үй жануарлары сүйектерінің көп кездесетіне қарап қаңлылар тіршілігінде мал шаруашылығы едәуір орын алғанын байқаймыз.

Қоныстанушылар өмірінде аң аулау ісі де үлкен орын алған. Қазбалардан еліктің, таутекенің, арқар мен ақбөкеннің сүйектері табылған. Арқар мен марал мүйіздері де жиі кездеседі. Ісмерлер олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Қаңлылар су құстары – үйректер мен қаздарды да, бірқазандарда аулаған. Балық қылтанақтары мен қабыршақтарының табылуын еске алсақ, олар балық аулаумен де айналысқан. Балықты шанышқымен түйреп, әртүрлі аулармен, қармақпен ұстаған.

Жабайы алма мен алмұрт, өрік пен долана, пісте жемістерін жинау да көп шаруаның мәнді бір түрі болған.

Сонымен б.з басталар кезде және б.з I-мыңжылдығының бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстігінде аса ірі және құдіретті Қаңлы мемлекеттік бірлестігі болып, өркен жайған ол Шығыс тарихында маңызды рөл атқарған. Оның халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналысқан. Қаңлының өз тұсындағы Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты мемлекеттермен саяси, экономикалық және мәдени байланысы мол болған.

Қаңлы тілі туралы ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген пікірлер бірыңғай емес, тіпті қаңлыларды иран тілдес тайпаларға жатқызатын ғалымдар да бар. Мысалы, қаңлылардың шығу тегі мен тілі туралы Б.Ғ.Ғафуров: «Этническая принадлежность кангюйцев вызывает споры ученых. Существует точка зрения, что они тюрки. Другие доказывают, чо кангюйцы пренадлежат к числу носителей тохарских языков. Вероятнее однако, что они были иранозычным, потомками и наследниками сырдарьинских саков», -деп жазады/37/.

Қалай болған да, мемлекет салтанатын құрып отырған көне қаңлы түркі әлеміне Қытай елшісі Цыма Цзянның алғаш жариялаған дәуірінде (б.д.д. II ғасырда) олар түркі тілдес тайпа болып саналған.

А.Н.Бернштам өзінің кангюй проблемасына бағыныштаған зерттеуінде б.ғ.б. қаңлы түркі тілдес тайпа болатын /38/ деп есептейді.

Сонымен қаңлы барша түркі әлемінде үйсін тайпасымен бірге шыққан ең көне әрі алғашқы түркі тілдес тайпалар екендігінде күмән болмауы керек.



Қаңлы тілінде жазу дәстүрі де болған. Алайда қаңлы атымен бүгінге жеткен жазба ескерткіштердің (оның жалпы саны 30 шақты) қайсысы оған жақын, қайсысы алыс екенің айту өте қиын. Ал қаңлы тілінде кезінде жазылған «Заң ережелері» (б.д.д. II ғасырда), «Қаңлы тілінің сөздігі» (XIV ғасыр) т.б. ресми жазба ескерткіштер бізге жетпей, тарихтың шаңына көміліп қалған.

Түркі әлемінде, соның ішінде әсіресе Алтай, Орталық, Орта Азия мен Қазақстан жерінде жасаған түркі тайпаларының бәріне ортақ Орхон, Енисей және Талас руникалық жазуында қалыптасқан түркі жазуы әдеби тілі сол кезде (V-VII ғ) Батыс түркі қағанатының құзырында болған қаңлылардың ұлан-ғайыр Еуразия жазығына қыпшақ қауымының үстемдігі жүріп «қыпшақ тілдерінің қауымдастығының» енген тілдердің өзіндік белгілері мен ерекшеліктері айқындала бастаған дәуірде (X-XII ғ) қаңлы тайпасының тілі де осы топтағы тілдердің бірі болып қалыптасқаны белгілі.

Қазақ халқы және оның жалпы халықтық һәм жазба әдеби тілі қалыптасқанда қаңлылар тілі оған ұйытқы болған қыпшақ компоненті ретінде қатысты.

Жазу өркениетті елге айналған тайпа ұлыстың, халықтың тіліне қажетті мәдени атрибут. Жазу бір халықта ерте, бір халықта кеш пайда болуы мүмкін. Адамзат қауымына тән жазу мәдениетінің тым ұзақ тарихы оның сан алуан түрлерін, қолдану әдіс тәсілдерің, шығу төркінін, қалыптастыру дәуірлерін жақсы білген.

Адамзат өркениетінің басқа саласын былай қойып, тек түркі әлеміне тән жазу дәстүрін қарастырсақ, оның өзі тасқа қашап, ойып жазатын, металл (алтын, күміс, қола, темір) бетіне сызып жазатын, күйдірген кірпіш бетіне батырып жазатын, иленген терінің бетіне тіліп, не бедерлеп жазатын, қайың қабығы тозға кесіп жазатын, матаның бетіне кестелеп жазатын, қағаздың бетіне сызып, суреттеп, бейнелеп жазатын т.б. сан алуан тәсілдерін білген екен. Өркениет деңгейіне қарай, әр алуан материалдарды да пайдаланған екен.

Қаңлы тайпасы да кезінде жазулардың біразын қолданған сияқты. Мәселен, б.д.д.II ғасырда Кангюй мемлекетіне барған Қытай елшісі Цыма Цзянь: «Патша ордасында оның заңдары мен жарлықтары ілулі тұрады екен»,- деп жазады.



Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі
Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.



Зерттеу сұрағы: Қаңлыларда қала мәдениетінің дамуы немен байланысты?


«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.



Сергіту сәті

2 минут


«Қыдырып қайтайық!»

би билеу



«Қыдырып қайтайық!» биі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет