Сабақ өткен сабақпен жалғаса қазақтың дəстүрлі музыкалық аспаптарының уақыт кезеңінен өте жаңар- ғаны жөніндегі тақырыпты қамтиды. Оқушылар танысатын аспап – жетіген аспабы.
(МК) Мұғалім жетіген аспабының шығуына байланысты аңызды баяндайды. Оқуықта аңыздың қысқа желісі берілген.
Қазақ халқы музыкалық аспаптарға бай. Солардың бірі – көнеден келе жатқан жетіген аспабы. Аспаптың пуыайда бол жайында аңыз да сақталған. «Ертеде бір қарияның жеті ұлы болған. Бір жылы қатты жұт болып, жеті баласы бірінен кейін бірі қаза болады. Əр баласы қаза болған сайын қария кепкен ағашқа бір ішектен тағып, оған тиек ретінде балаларының ойнаған асығын қойып, күйлер шығарады. Бұл күйлер бізге «Жетігеннің жетеуі» деген атпеннж. етке Аспап атауы да осы ұғымды береді. Жетіген – жеті əн».
(МК, Ұ) Аққудың бейнелілік сипаты күйде ерекше берілген жəне оны жетіген аспабында орындау да оқушылардың қызығушылығын арттыра түседі. Оқушыларға берілетін сұрақтар да осы қажеттіліктен туындаған.
Күйден алған əсеріңмен бөліс. Мұғалім алдын ала жетігеннің көне жəнеріжаңа тү бар бейнежазба немесе суреттер дайындайды. Оқулықта жетіген аспабының түрлері (көне, жаңа, жетілдірілген) көрсетілген.