Сабақ тақырыбы Менің отбасымның рухани құндылықтары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу



бет5/10
Дата17.12.2021
өлшемі41,79 Kb.
#101988
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
docx1547697460
Қазақ тілі және әдебиет 2-сынып 1-бөлім Өзім туралы Өзіме киім үгісін таңдаймын ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР, Русский язык, Урок 4 сестрицы ТА, о а сынып кітапша, 12 сабақ 5СЫНЫП Дүниежүзі тарихы, docx1547697460, 2020 master kaz
Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



«Мен ақылды баламын» ширату жаттығуы.


Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей

Кірлі көйлек кигізбей

Иісін жұпар аңқытқан (Ана)

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін олардың арқасында. (Әке)

Дегенімді жасайтын

Қалған тамағымды асайтын

Ертіп алып жетектеп

«Немерем» – деп атайтын (Әже)

Айтары мол ғұлама

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған (Ата)

Томпиған кішкентай балапан

– Жүреді жерде еңбектеп.

Сүп-сүйкімді балақай.

(Іні)


Мені де, ағамды да жақсы көреді

Бірақ сәнденгенді көбірек жақсы көреді.

Өте сәнқой қыз. (Сіңлісі немесе қарындасы)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Ой қозғау

Мұғалім: Кәне, бәріміз бір уақытта бір-бірімізбен қол ұстасайықшы! Міне, керемет болды! Бір-біріңнің алақандарыңды сезініңдер. Олар қандай? (жылы, жұмсақ, нәзік, берік). Қолдарыңды жіберместен, мына керемет әнді тыңдаңдар.


  • Ал енді қолдарыңды ажыратпастан, жоғары көтеріңдер. Не шықты? (үйлер, үйлердің шатырлары). Мұның бәрі кездейсоқ емес. Осы жайында біз сендермен әңгімелесетін боламыз, бірақ ол үшін өз орындарыңа отырып, ыңғайланып алуларың керек.

  • Қалай ойлайсыңдар, бүгін қандай тақырыпты сөз ететін боламыз? (балалардың жауаптары)

  • «Үй» сөзін естігенде сендерде қандай ассоциациялар пайда болады?

МАХАББАТ АДАЛДЫҚ АТА-АНА
ЖЫЛУЛЫҚ ҚҰРМЕТ ДОСТАР

КҮЛКІ ҚАМҚОРЛЫҚ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет