(Т) Парталарыңдағы қағазда «Түрлітүстіотбасы»деген ертегі берілген. Осы ертегіні аяқтауларың керек.
Бір қораптың ішінде өзге қарындаштармен бірге кішкентай қарындаш дүниеге келіпті. Үлкен қарындаштар – анасы, әкесі, әжесі, атасы – түрлі түсті қарындаштар болыпты. Әрқайсысының өз түсі бар екен. Ал кішкентай қарындашта әлі түс болған жоқ. Оған түрлі түсті болу әлі алда еді. Күн сайын көк түсті анасы оған көк түсті болуды үйретті. Қызыл түсті әкесі қызыл түсті болуды үйретті. Себебі қызыл түсті әдемі суреттер салғанда жиі таңдайтынын айтты. Сары түсті атасы барлығына сары түстің маңызды екенін айтып, олармен сөз таластырды. Ал жасыл түсті әжесі немересін қолынан алып жүретін болды. Кішкентай қарындаш кей кездерде жасыл түсті болып көрініп жүрді. Осылайша күн артынан күн өте берді. Бір күні ...
Жұмыстыорындау және таныстыру.
Қорытынды:Барлығың да отбасында өмір сүресіңдер. Сендердің де отбасыларың түрлі түсті қарындаштары бар қорап секілді. Ата-аналарың, отбасының басқа да мүшелері саған «өзінің түсін», яғни, өзінің құндылықтарын сенің бойыңа сіңдіргісі келеді. Осылайша жақын адамдарыңнан алған қасиеттер сенің бойыңда өмір сүреді. Отбасының бақыты махаббат, еңбек, мейірімділік, денсаулық секілді құндылықтарға байланысты.
Үйге тапсырма:
Мұғалім: Әр отбасында отбасылық фотосуреттер бар. Отбасылық альбомдарды құрастыру және оларды сақтау дәстүрі әр отбасында бар. Фотосуреттер қымбат адамдарымыз жайлы, өмірімізде болған оқиғалар жайлы естеліктерді мәңгі есте қалдырады.