Сабақ тақырыбы: Мәтін тақырыбын тиянақтау. Жаттығу жұмыстары



Дата25.01.2017
өлшемі55,25 Kb.
#7987
түріСабақ
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 2-сынып

Сабақ тақырыбы: Мәтін тақырыбын тиянақтау. Жаттығу жұмыстары

Сабақ мақсаты: 1. Мәтін туралы білімдерін тиянақтау, түрлерін ажырата

білуге баулу.

2. Талдау, жинақтау, ой қорытындысын жасауды игерту,

жазбаша сөйлеу, байланыстырып сөйлеу, сыни ойлау

дағдыларын, сауаттылығын дамыту.

3. Логикалық ойлау мәдениетіне, өз біліміне сыни көзбен

қарай білуге, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:білімді тиянақтау (жаттығу жұмыстары)

Сабақ әдістері: ой қозғау, қызықты грамматикалық тапсырмалар, Венн диаграммасы, семантикалық карта, жұппен, топпен жұмыс

Сабақтің көрнекі-құралдары: сабақ барысы бойынша дайындарған слайдтар, Венн диаграммасы, семантикалық карталар, суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару, психологиялық жағдай туғызу

1,2,3.


Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Мотивациялық – бағдарлау кезеңі.



1. Ой қозғау «Ия» - «Жоқ» сұрақ-жауап ойыны

  1. Біздің Отанымыз Қазақстан. (Ия)

  2. Біз 1-ші сыныпта оқимыз. (Жоқ)

  3. Қазақ тілінен есептер шығарамыз. (Жоқ)

  4. Сөйлем сөздерден құралады. (Ия)

  5. Мағына жағынан өзара байланысты сөйлемдерді мәтін дейміз. (Ия)

  6. Мәтінге ат қоюға болады. (Ия)

  7. Мен 2-сыныпта оқимын. Бізге Әсем апай сабақ береді. Бұл – сипаттау мәтіні. (Жоқ)

  8. Сипаттау мәтәнәнде қандай деген сұраққа жауап аламыз. (Ия)

  9. Б – ұяң дауыссыз дыбыс. (Ия)

  10. Мәтіннің бес түрі бар. (Жоқ)

2. Үй тапсырмасын тексеру.

148-жаттығу. Жоспар бойынша құрастырған мәтіндерін оқытамын

– Мәтін деп нені айтамыз?

- Мәтіннің қандай түрлері болады екен?

- Мәтін қандай бөліктерден тұрады?

ІІІ. Операциялық – орындаушылық кезең



- * Берілген реттік сандар бойынша жаңа сөз құрайық.

С А Б Ы Р

5 2 1 4 3 (Барыс)

149-жаттығудағы барыс туралы мәтінді оқу. (Әр бөлігін бір-бір оқушыға оқытамын)

- Мәтін неше бөліктен тұрады?

- Әр жол қандай жолдан бастап жазылған?

- Мәтіннің басқы бөлігін көшіріп жаз. (оқулықтан жазады) Барыс сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Барыс – 5 әріп, 5 дыбыс

2 буынды сөз: ба – рыс

1 жағдайда тасымалданады: Ба- рыс

Б – дауыссыз, ұяң;

А – жауысты, жуан;

Р – дауыссыз, үнді;

Ы – жауысты, жуан;

С – дауыссыз, қатаң.

- Мәтін сипаттау, әңгімелеу мәтіндерінен құралған.



- * Берілген сөздерді оқиық. Артық сөзді тап.

Қарлығаш, қыран, аю, сауысқан, аққу.



  • Келесі жаттығуда яғни аю туралы мәтінмен жұмыс болады. Берілгенін оқытамын.

150-жаттығу. Сөйлемдерді мазмұндық байланысына қарай реттеп жаз. (Интерактивті тақтада, ауызша)

- Берілген мәтін қандай мәтінге жатады? (Сипаттау)



- * Бұл ненің бөліктері? (шаңырақ, уық, кереге)

- Киіз үй туралы не білеміз? ( )

151-жаттығу. Мәтіндегі сөздердің жігін ажырат. Мәтінге ат қой.

Ата-бабамыз киіз үйде тұрған киіз үй көшіп-қонуға ыңғайлы үйдің бөлшектері: шаңырақ, кереге, уық, есік, терезесі – түндік белдеуі киіз үйдің белбеуі сияқты.

(Дәптерлеріне орындайды, ат қояды)

- Бұл – мәтіннің қай түріне жатады?



Сергіту сәті - клип

Өздірің орындаған 150 – 151 – жаттығулардағы мәтіндерді салыстырайық.



- * Ребусты шешейік

Лақ ’ Шыбын ’’’ ‘‘ Күн (Лашын)

- Лашын туралы 152-жаттығудан білетін боламыз.Сипаттау мәтіні екенін дәлелде.

Бұл – сипаттау мәтіні. Себебі, ..................................................................... .

ІҮ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

- Бүгінгі біздің сабағымызға арқау болған аңдар мен, лашын құсымыздың тапсырмалары бар екен, соны орындайық.

«Барыс» тапсырмасы – Жұптық жұмыс

Чайнвордтан 1 минуттың ішінде сөз тауып жаз. Қай жұп көп сөз жазар екен.





«Аю» тапсырмасы – Топтық жұмыс.

Топпен мәтіннің түрін ажырат

Күз келді. Күн суыта бастады. СИПАТТАУ МӘТІНІ

Құстар жылы жаққа ұшып барады.


Су сұйық, мөлдір, иіссіз, дәмсіз ПАЙЫМДАУ МӘТІНІ

болады. Су – еріткіш.


Балалардың бәрі сабақта, тек Арман ӘҢГІМЕЛЕУ МӘТІНІ

жоқ. Себебі, ол суық тиіп ауырып қалды.

«Лашын» тапсырмасы – Жеке жұмыс. Семантикалық карта

Тапсырмалар

Сөйлем

Сипаттау мәтіні

Әңгімелеу мәтіні

Пайымдау мәтіні

Менің Отаным - Қазақстан. Мен өз елімді жақсы көремін.













Ара- жәндік. Оқушы құстың суретін салды.













Біздің сыныбымыз– кең, терезелері үлкен, жарық. Төбесі биік, қабырғалары аппақ.













Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол – біздің екінші үйіміз. Мұны бәріміз жақсы түсінеміз.













Сабаққа қатыстып отырған оқушылар бағаланады.

Ү. Сабақты қорытындылау



ҮІ. Үйге тапсырма 153 – жаттығу. Өзің қалаған аң немесе құс туралы сипаттау мәтінін жазып келіңдер.
Каталог: uploads -> doc -> 07b9
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07b9 -> Сабақтың тақырыбы: Барыс септік Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет