А деңгейі: 7. Екі жұмысшы бірігіп бір жұмысты 4 күнде аяқтайды. Егер 1-ші күні екеуі бірігіп істесе, онда жұмыстың қалған бөлігін бірінші жұмысшы бір өзі 7 күнде аяқтайды. Бірінші жұмысшы жалғыз өзі істесе сол жұмысты неше күнде бітірер еді?
Жауабы: .
7. Маторлы қайық А дан В пунктіне дейін 2,4 сағ, ал қайтарда 4 сағ жолға жұмсады. Моторлы қайық жылдамдығы 16 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай?
A) 5 км/сағ; B) 3 км/сағ ; C) 4 км/сағ; D) 2 км/сағ; E) 6 км/сағ.
7. Бөлшектің мәні -ке тең. Егер берілген бөлшектің алымын 3-ке, ал бөлімін 2-ге арттырсақ, онда бөлшектің мәні -ке тең болады. Бастапқы бөлшектің алымы мен бөлімінің қосындысын табыңыз.
A) 28; B) 30; C) 32; D) 34; E) 36.
В деңгейі: 7. Күніне жылқыларға 96 кг шөп беретіндей етіп шөп қоры дайындалды. 2 жылқыны көрші колхозға өткізгендіктен, күніне әр жылқыға беретін тиісті мөлшерлі шөпті 4 кг-ға артық беруге тура келді. Әуелде қанша жылқы болып еді?
Жауабы: 8 жылқы.
7. Велосипедші А пунктінен 200 м қашықтағанда оның соңынан мотоциклші шықты. Мотоциклшінің жылдамдығы велосипедшінің жылдамдығынан 2 есе артық болса, мотоциклші велосипедшіні А пунктінен қандай қашықтықта қуып жетеді?
A) 350 м; B) 400 м; C) 450 м; D) 500 м; E) 550 м.
7. Бір натурал сан екіншісінен 3-ке артық, ал көбейтіндісі 180-ге тең. Осы натурал сандарды табыңыз.
A) 6 және 9; B) 9 және 12; C) 12 және 15;D) 15 және 18; E) 18 және 21.
С деңгейі: 7. Жолды жөңдеу үшін 15 адам жұмыс істеді және олар бұл жұмысты 12 күнде бітіруге тиіс еді. Бесінші күні таңертең тағы да бірнеше жұмысшы келді де, қалған жұмыс 6 күнде орындалды. Қосымша неше жұмысшы келгенін анықтаңыз.
Жауабы: 5 жұмысшы
7. Саяхатшы 105 км жолды күніне бірдей жол жүре отырып, бірнеше күнде жүріп өтті. Егер осы саяхатына тағы 2 күнді қосып алса, ол күніне 6 км аз жүрген болар еді. Саяхат неше күнге созылды?
А) 7 күн; В) 21 күн; С) 15 күн; D) 5 күн; E) 3 күн.