С деңгейі: 14. Турист өзен ағысымен 90 км-ді қайықпен жүзді де, қалған 10 км-ді жаяу жүріп өтті. Оның жаяу жүріп өткен уақытындай жаяу жүрсе, ал жаяу жүріп өткен уақытындай қайықпен жүзсе, онда олардың жүрген жолдары біріне-бірі тең болар еді. Турист қанша уақыт жаяу және қанша уақыт қайықпен жүзіп өтті?
Жауабы: 2 сағ; 6 сағ.
18.
Ұзындығы 60 м-ге тең шеңбер бойымен бір бағытта қозғалатын екі нүкте әрбір 1 минут өткенде кездесіп отырады. Олардың біреуі екіншісіне қарағанда шеңберді 5 с ерте айналып өтеді. Әрбір нүктенің жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 4 м/с; 5 м/с.
ІІІ. А деңгейі: 19. Цифрлары бірдей екі таңбалы сан берілген. Егер бұл санның үлкен разрядына 1-ді, ал кіші разрядына 2-ні қосып, оны берілген санға көбейткенде 2464-ке тең болатын екі таңбалы санды табыңыз.
Жауабы: 44.
20. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер бұл санның цифрларының орындарын ауыстырсақ, онда ізделінді саннан 18-ге артық болатын сан шығады. Осы санды табыңыз.
Жауабы: 57.
В деңгейі: 19. Қайсыбір екі таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысы осы цифрлардың екі еселенген көбейтіндісінен 4-ке артық. Осы санды оның цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді 4-ке және қалдық 9-ға тең болады. Ізделінді санды табыңыз.
Жауабы: 57.
20. Екі таңбалы санның цифрларының көбейтіндісі оның цифрларының қосындысынан 2 есе артық. Егер ізделінді саннан 27-ні шегерсек, сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Осы санды табыңыз.
Жауабы: 63.
С деңгейі: 19. Үш таңбалы сан х цифрымен аяқталады. Егер оны санның басына жазса, онда бастапқы берілген саннан 18-і артық болады. Осы санды табыңыз.
Жауабы: 202.
20. Қандай да бір екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 4 есе артық, ал көбейтіндісінен 3 есе артық. Осы санды табыңыз.
Жауабы: 24.