Бір бассейнде 200 м3 су бар да, ал екіншісінде 112 м3 су бар. Бассейндерді толтыру үшін крандарды ашық қойған. Егер екінші бассейнге, біріншіге қарағанда 22 м3 су артық құйылатын болса, неше сағаттан кейін екі бассейннің су мөлшері бірдей болады?
Жауабы: 4 сағ.
20.
Екі машина жиналған астықты 4 күнде басып бітіреді. Егер олардың біреуі барлық астықтың жартысын, ал одан кейін қалғанын екіншісі басатын болса, онда барлық жұмыс 9 күнде аяқталып бітеді. Барлық астықты әрбір машина неше күнде басып бітіреді?
Жауабы: 12 күн; 6 күн.
ІІ. А деңгейі: 47.
Екі пристанның ара қашықтығы 24 км-ге тең. Бұл аралықты катер төмен қарай өзен ағысымен жүргенде, кері бағытқа қарағанда 30 мин тез жүріп өтеді. Өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ болса, катердің меншікті (тынық судағы) жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 14км/сағ.
50. Ара қашықтығы 462 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі машина шықты. Біреуінің жылдамдығы 86 км/сағ, ал екіншісінікі 68 км/сағ болса, онда 2 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қанша болады?
Жауабы: 154 км.
В деңгейі: 27.
Моторлы қайық өзен ағысы бойымен 14 км, ал сонан соң ағысқа қарсы 9 км қашықтықты жүзіп өтуі үшін барлығы 5 сағ уақыт жұмсады. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 5 км/сағ деп алып, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 2 км/сағ.
30. Екі автобус бір уақытта бір қаладан екінші қалаға қарай шықты. Екі қаланың ара қашықтығы 36 км. Бірінші автобус, екіншіге қарағанда белгіленген уақыттан 15 мин бұрын келді. Егер бірінші автобустың жылдамдығы екіншіден 2 км/сағ артық болса, бірінші автобустың жылдамдығы қандай?
Жауабы: 18 км/сағ.