Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В.Натурал сандардың бөлінгіштігі
|
Мектеп:КММ МГ №95
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Купеева Жанар Балпановна
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.1.1.5- натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу
5.1.2.8 - натурал сандардың бөлгіштерін табу
5.1.2.9 - натурал сандардың еселіктерін табу
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Натурал санның бөлгіші мен еселігінің анықтамасын біледі. Сандардың бөлгіштері мен еселіктерін таба алады
Оқушылардың басым бөлігі: Натурал сандардың ортақ еселіктері мен бөлгіштерін ашып көрсете алады.
Кейбір оқушылар: Берілген натурал санның бөлгіштері жұптарының қасиетін біледі және есеп шығарғанда күрделі есептерде табуды біледі.
|
Бағалау критерийлері
|
- натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін анықтайды;
- сандардың ортақ бөлгіштерін табады;
- сандарды ортақ еселіктерін таба біледі;
|
Тілдік мақсаттар
|
Берілген тақырып бойынша анықтамаларды айта алады. Бір-біріне сұрақ қойып, жауап бергенде де дәлелдер келтіре алады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
«натурал сан», « бөлгіштер», «еселіктер», «натурал сандар тізбегі»
Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
«анықтамалар мен қасиеттерді дұрыс айта алады»,«есептерді талқылайды», «өз ойларын басқалармен бөлісе алады», «дәлелдейді» , «қорытыды жасай біледі».
Талқылауға арналған тармақтар: Қандай санды берілген а санының бөлгіші деп атаймыз? Қандай санды берілген а санының еселігі деп атаймыз? 2-ге, 5-ке, 10-ға, 3-ке, 9-ға бөлінгіштік қасиеттері қандай? Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Сіз неліктен ... 3-ке бөлінсе, онда ол сан ол сан да 3-ке бөлінетінін білесіз бе?. Сіз неліктен ... 9-ға бөлінсе, онда ол сан ол сан да 9-ға бөлінетінін білесіз бе?
Жазылым бойынша ұсыныстар: Есеп шығарғанда бөлінгіштік қасиеттерін білу керек, өйткені... Егер натурал сан ... аяқталса, онда ол ... бөлінеді ... санынын болгіштерін жаз ... санының алғашқы ... еселігін жаз
|
Құндылықтарды дарыту
|
жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болу. «денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету».
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қоғамдық гуманитарлық пәндер тіл дамыту
|
Алдыңғы білім
|
5.1А Натурал сандар және нөл саны.
5.2.3.1 - натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау;
5.2.3.2 - натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу;
5.2.3.3 - натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі :1.Психологиялық дайындық. Ынтымақтастық атмосфераны орнату. «Сәлемдесу» ойыны. Қатар тұрған оқушы бір-бірімен иықпен, қолмен,шынтақпен,баспен сәлемдеседі. Бұл ойын балалардың көңіл күйін көтеру үшін қажет. Шағын топтарға дыбыстау арқылы топтастырылады. Тақырыпқа байланысты оқушылар 2,3,4, ,,,,,, 6-дан топқа біріктіремін,(әр бөлінген сайын қалдықпен ,әлде қалдықсыз бөлінетіндігін анықтап сұраймын)
Ой қозғау.
Өзің оқитын сыныптың оқушыларын 2 топқа, 3топқа 4 топқа,5 топқа бөлуге бола ма? Неліктен?
Ендеше 4-топқа топтасамыз.
Тапсырма 1 Үй тапсырмасы «Ыстық орындық» страте-гиясы бойынша тексеріледі. Дәптерлер тексеруге жинап алынады
Мақсаты: өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру, кері байланыс
|
Топ атауы жазылған парақшалар,
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабаққа кіріспе: «Таныстырылым»,
Мақсаты: оқушылардың тақырыпты ашуы
16 саны қалдықсыз бөлінетін сандар............
16-ға қалдықсыз бөлінетін сандар............
Бөлгіштер- Еселіктер-
берілген сан берілген санға
қалдықсыз бөлінетін қалдықсыз бөлінетін
сандар сандар
Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады?
Бүгінгі алға қоятын мақсатымыз не?
Ой шақыру
1)24 тің бөлгіштері: 5-тің еселіктері
42 нің бөлгіштері: 7-нің еселіктері
2)Жалғастыр: 3;6;9,,,,,
11;22;33,,,,,,
3)25саны 75-ке еселік пе бөлгіш пе ?
«Түртіп алу» стратегиясы Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды. Мәтінді оқып, белгілейді:
Мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту
«V»-«білемін»
«-»-« мен үшін жаңа білім»
«+»-«білмеймін»
«?»-«мені таң қалдырды»;
Қорытындыны оқушылар өздері тұжырымдайды. ҚБ:
«Бас бармақ» әдісі арқылы жауап үлгісімен топтар бір - бірін бағалайды.
Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан – жақты әрі нақты қолдау көрсету. «Түртіп алу» стратегиясы арқылы тапсырма беріп, нәтижеге жетеледім. .
Сынып оқушыларын топқа бөлу (1,2,3,4 санау бойынша)
(Т)Тапсырмалар№1 мақсаты: санның бөлгішін, еселігін таба білу білімдерін есеп шығаруда қолдану
32 асықты асық саны өзара тең 2 үймеге, 3 үймеге, 4 үймеге 5 үймеге бөлу мүмкін бе? Тік төртбұрыштың ішіне тиісінше «болады», «болмайды» сөздерін жазыңдар.
2 үймеге
|
|
3 үймеге
|
|
4 үймеге
|
|
5 үймеге
|
| |
Достарыңызбен бөлісу: |