Ақмола облысы Есіл ауданының
№3 орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Манекей Шынар
Есіл қаласы №3 орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «О» дыбысы және әрпі
Өткізген: Манекей Шынар
2014жыл
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі;
Мақсаты: 1) О дыбысы мен әрпін таныту;
2) Балалардың ой өрісін дамыту, О әрпінің баспаша түрін жазуға үйрету, өтілген дауысты, дауыссыз дыбыстардың еске түсіру, қайталау, буын туралы түсінігін кеңейту, балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
3) Балаларды имандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд, суреттер, дидактикалық материалдар т.б;
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, дидактикалық ойын;
Сабақ түрі: аралас сабақ;
Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңі
Кәне балалар бүгін біздің топта қонақтар.
Қуыршақтың сиқырлы
Естіледі сыңғыры
Қолыңды бер дейді
Шеңберге кел дейді;
Шеңбер құру;
Сәлемдесу;
Балалар сендер қандай балаларсыңдар?
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
Өте жақсы балалар, олай болса орнымызға отырып талантымызды көрсетейік.
II Өткен сабақты қайталау;
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді, қалай аталады?
Әріп деп нені айтамыз?(дыбыстың таңбасы)
Әріптерді не істейміз?(көреміз жазамыз)
ә) Мына сурет бойынша аттарын ата;
«Қай дыбыстан басталады?» дидактикалық ойын;
Алма, телефон, шана, піл, нан, радио, лақ, йогурт, уық, ғарыш.
б) Соңғы өткен қай әріп? (й)
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
III Жаңа сабақ: «Бауырсақ» ертегісін білесіңдерме?
Әрине ертегіде бауырсақты түлкі қайтеді?
Әрине жеп қояды.
Ал бүгін біз, бауырсақты жегізбей құтқарып алуымыз керек. Олай болса тапсырмаларды орындаймыз.
Суретті слайд:
Балалар мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
Бұл үйде кімдер тұрады?
Әрине атай мен әжей, атай әжеге не пісіртті? Бауырсақ орманға қалай кетті?
Оған нелер көрінеді?
Иә аңдар. Олай болса біз бүгін осы аңдардан бауырсақты құтқарып алуымыз керек.
«Не артық?»
Заттарды атау; ойыншықтар және алма.
Не артық екен? – Әрине алма артық.
Қоян жаңа әріпті тану үшін бізге жұмбақтар әкеліпті. Ол мына сандық ішінде.
Оюда бармын
Допта бармын
Түнде жоқпын
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
О әрпі неге ұқсайды екен?
Әрине, дөңгелек, доп т.б.
Математикада қай цифрға ұқсайды? (О)
Қасқырдың тапсырмасы: «Орнын тап?»
О әрпі орнын табу үшін алдымен слайд суреттегі заттар атын атау, орнын тапқызу.
Ою, орындық, орамал, моншақ, доп, домбыра;
О-әрпі сөз басында ортасында кездеседі екен;
О әрпін айтып көрейік, қалай айтылады?
Әрине созылып айтылады, О дауысты дыбыс екен.
Аюдың тапсырмасы: Дәптермен жұмыс;
О-әрпін жазу; ауада жазу;
Дәптерде О, О әрпінің 2 жолын жазғызу.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Түлкінің тапсырмасы:
Дәптердегі оюды салу; тарақ, қошқар, мүйіз оюларының қайсысы тараққа ұқсайды?
Дәптерден тарақ оюын салу, бояту; Түлкі сендерге мына буынды оқу керек дейді.
Ой, той, ойна, ойла, ор, тол, т.б.
Өте жақсы балалар түлкіден бауырсақты құтқардыңдар. Енді бауырсақты үйіне апарайық
«Кім зерек?» ойыны.
А О У – Т П Н Г Р Л Й Ш
Қорытынды: - Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
О дыбысы қандай дыбыс екен?
Әріп таңбасы неге ұқсас?
О дыбысына байланысты « сөз ойла, тез ойла» ойнынын ойнаймыз.
Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |