Ширату тапсырмасы.Ойқозғау.
– Барлық әлемді байланыстыратын жүйе?
– Ғаламтордың пайдасы мен зияны қандай?
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
Дескриптор:
шығарма мазмұнын анықтайды.
шығарма мазмұнын бағалап, сұрақтар қоя алады.
шығарма мазмұны бойынша шығармашылыққа бағытталған сұрақтар қоя алады.
Әдібай Табылды 1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы «Жаңа тұрмыс» ауылында дүниеге келген. 1944–1968 жж. ауыл мектептерінде пионер вожатый, оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі (1944–1950), мектеп директоры (1950–1957), 1969–1980 жылдары «Қазақ совет энциклопедиясының» Бас редакциясында педагогика, тіл-әдебиет редакцияларының меңгерушісі, 1980 жылдан бері ҚазМҰУ-де жалпыпедагогика және этностық педагогика кафедрасында этнопедагогика, педагогика және оқыту-тәрбиелеу әдістемелері бойынша дәріс беріп келеді. 1959 жылы жарық көрген «Бөбекке сөз» кітабынан бастап 2001 жылғы «Қайырлы таң, балалар» атты таңдамалы жинағына дейін балаларға арналған 31 кітап шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |