Сабақ тақырыбы Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы



Дата05.11.2019
өлшемі243,17 Kb.
#51180
түріСабақ
Байланысты:
20. Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің а

Тексерілді:


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: Б. Қосынов мектебі

Күні: 23/10/2019ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Түктібаева А., Каражигитова К.Е.



Сынып: 6 «ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау

Сабақ

мақсаттары

Барлық оқушылар: рационал сандарды қосуды және азайту ережелерін біледі.

Басым бөлігі: Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын таба алады.

Кейбір оқушылар: Күрделі есептер шығаруда рационал сандарды қосуды және азайту ережелерін қолданады.

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • рационал сандарға амалдар орындайды.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарға қосу және азайту амалдарын орындауда түсінік береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • рационал сандар; координаталық түзу; бірлік кесінді; санақ басы;

оң бағыт; теріс бағыт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • таңбасы бірдей сандарды қосу үшін … керек;

  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін ... керек.

  • бір саннан екінші санды азайту үшін ...;

  • азайғыштың таңбасы сақталады, ал азайтқыштың таңбасы қарама – қарсы таңбаға көшеді.

Құндылықты

дарыту

  • құрмет

оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;

  • ынтымақтастық

жұптық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;

  • ашықтық

жұппен жұмыста өз пікірін ашық айту және құрдасының пікірін тыңдай білу;

  • еңбек және шығармашылық

берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау;

  • өмір бойы білім алу

таңбалары әр түрлі рационал сандардың қосындысын табуды үйрену арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу.

Пәнаралық

байланыстар

Қоршаған ортада кездесетін өлшемдері әртүрлі шамаларды есептеуде таңбалары әртүрлі сандарды қосу тақырыбында алған білімдерін қолданады. Таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу амалдарын қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды және физикада, химияда, биологияда, географияда пәндерінде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі.

Бастапқы білім

Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді және координаттық түзу көмегімен қосуды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин


3-6 мин

  1. Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  2. Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу.

  3. Сабақ тақырыбы: Таңбалары әр түрлі рационал сандарды азайту.

  4. Сабақтың мақсаты: Рационал сандарды қосуды және азайтуды орындайды.

  5. Бағалау критерийін оқушылармен бірге құрастыру

  6. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, бір-бірінің есебін тексереді. Өзара бағалау.




Сабақтың ортасы

11 мин

20 мин


Оқулықпен жұмыс

. Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. А нүктесіне -2,5 саны, В нүктесіне оған қарама – қарсы сан сәйкес келеді. АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.

Жауабы:5см

Оқушылар презентациямен жұмыс жасағандықтан, көз жаттығуын жасау қажет.



https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s
. Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. CD кесіндісінің ұзындығы 16 см. Кесіндінің ортасы координатасы -5 болатын нүктемен белгіленген. C және D нүктелерінің координаталарын табыңыз.

Жауабы:-13,3



. Таңба ережелерін қолданып,жақшаны ашып,есептеңіз

  1. (-14,35)-(-53,5)-(+21,3)-(-16)

  2. (-60)-(-15,9)-(+8,2)-(-23,3)

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.
Тапсырмаларды тарату







Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

Сөйлемді аяқта:



  • бүгін мен білдім .....

  • маған қызықты болды, ....

  • осы мәселе бойынша менің ойым ....

  • осы мәселені қаталасақ ....

  • тапсырмаларды орындау барысында маған көмектесті ...

Үй жұмысы: қайталау






Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.



Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .



Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Өрт дабылы немесе локдаун болған жағдайда кабинеттегі оқушылардың әрекетіне басшылық жасау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет