Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе



бет7/17
Дата13.02.2017
өлшемі2,88 Mb.
#9336
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Қорытынды:

1. Жылдық шеңбер дегеніміз не?___________________________________________________

_______________________________________________________________________________

2.      Жылдық шеңберден қандай құбалыстарды байқауға болады?________________________

_______________________________________________________________________________

3. Жылдық шеңбер қалай түзіледі?__________________________________________________

_______________________________________________________________________________

ІV. Бекіту.

Өсу нүктесі қайда болады, қай ұлпаға жатады, қандай қызмет атқарады?

Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?

Жылдық шеңбер қалай түзіледі? Одан қандай құбылыстарды байқауға болады?



Үй тапсырмасы. §13 оқып, тақырп соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.

 

 



 

Сабақ: 13

Тақырыбы: §14. Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы

§15. Сабақтың түрөзгерістері



Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдіктің вегетативті мүшесі – сабақ, оның бойымен қозғалатын органикалық және бейорганикалық заттардың мәнісін, сабақтың түрөзгеріс түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: плакаттар

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Өсу нүктесі қайда болады, қай ұлпаға жатады, қандай қызмет атқарады? Сабақтың ұшынан өсуін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер. Сабақтың бойлап өсуін тоқтатуға болама ма, болса қандай шаралар қолданылады?

.Шырпуды қай кезде, қандай мақсатта жүргізеді? Ағаш діңінің  сүрек қабаты басқа қабатына қарағанда қалың болу себебі неліктен? Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?

Жылдық шеңбер қалай түзіледі? Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды байқауға болады? Бұтақтарға жылу, ылғал  жетіспейтін себебі неде?



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


1. Сабақ бойымен су мен минералды тұздардың қозғалуы

2. Сабақ бойымен органикалық заттардың қозғалуы

3. Түрі өзгерген жер үсті сабақтар.

4. Түрі өзгерген жер асты өрендер

 

Су мен минералды тұздардың қозғалуы. Тамырдың топырақтан сорған минералды заттары тамырда қалып қоймай сабақ бойымен көтеріліп жер үсті мүшелеріне барады. Су мен минералды заттар сабақтың қай қабаты арқылы қозғалатынымен танысалық. Өткен сабақта берілген төртінші тапсырмадағы тәжірибені талдайық. Тәжірибеден боялған суға салынған өркеннің жапырағымен, гүлінің боялғандығын көреміз. Сабағын ұстарамен көлденеңінен және ұынынан теңдей екіге қақ жарып қараңдар (ұлғайтқыш әйнекті пайдаланыңдар). Қабық пен сүрек қабаты боялмай, тек сүрек қабатының боялғаны байқалады. Бұл тәжірибеден су мен минералды тұздар сабақтың сүрек қабатымен қозғалатынын білеміз.

Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы  әрқилы, кеде сағатына 20-30 см көтеріледі. Су мен минералды заттардың сүрекпен қозғалуын тағы да мынадай қарапайым тәжірибеден көөруге болады: кез келген ағаштың екі бұтағын алып, бірінің 5 см-дей етіп қабығын ғана сыдырады (суға салатын жағынан). Екінші бұтақ қабығының астыңдағы сүрегін (қабығы мен ортасындағы өзегін қалдырады) алып тастайды. Екеуін де ыдыстағы суға салып қояды. Көп ұзамай сүрегі жоқ бұтақтың қурап қалғаны байқалады. Сүрегі бар бұтақ көпке дейін қурамай, тұра береді.



Органикалық заттардың қозғалуы. Жарықта жапырақтағы крахмал суда ерімейтіндіктен, крахмал күйінде сабақ бойымен қозғалмайды. Крахмал қантқа айналуы керек. Қант суда жақсы еритіндіктен қабықтағы сүзгілі түтіктер арқылы өсімдіктің барлық мүшелеріне барады. Органикалық затар қабықтағы тін талшықтары (сүзгілі түтік) арқылы қозғалады.

Органикалық заттардың қозғалысын бақылауға арналған тәжірибеде 1 ай уақыт керек. Ұзындығы 15 см-дей 2 бұтақ алынады. Біріншісін төменгі ұшынан (суға салынатын жағы) 5 см жоғарырақ жерінен қабығын (енін 3 см-дей) сақиналап кеседі. Екінші бұтақты сақиналап кеспей сол күйінде ыдыстағы суға салып қояды. Қабығы кесілген бұтақта қосалқы тамырлар кесілген жерінің жоғарғы жағынан шығады. Кесілген жердің төменгі жағында тамырлар пайда болмайды. Қоректік зат кесілген жерден төмен қарай өте алмайды. Ал қабығы кесілмей салынған бұтақта қосалқы тамырлар бұтақтың ұшынан дамиды. Бұл органикалық заттар тек қабықпен қозғалатынын дәлелдейді.

Органикалық заттар өсімдіктің өсе бастаған жас мүшелерінің қорегіне жұмсалады. Қорекке ортақ етпей күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өрендерін жұлады. Жапырақ қолтығынан шыққан өрендерді де жұлып тастайды. Мұндай жағдайда жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болады.


























 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                                                                                                                 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ІV. Бекіту.

Өсімдік су мен онда еріген минералды заттарды қайдан алады және ол сабақтың қабатымен қозғалады?

Крахмалдың сабақ бойымен қозғалмайтын себебі және оргнаикалық заттар сабақтың қай қабатымен қозалады?

Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы

Тамырсабақ

Тамыр

1. Тамырсабақтың ұшында бүршік болады.

1. Тамыр ұшындай оймақшасы бар.

2. Буын және буынаралығынан тұрады.

2. Буын және буынаралықтары болмайды.

3. Жапырақтары қабыршақты, қоңыр түсті.

3. Жапырақ болмайды.

4. Қабыршақ қолтығында бүршіктер орналасады.

4. Бүршіктері жоқ

5. Бүршіктен дамиды.

5. Ұрық тамыршасынан дамиды.

6. Тек көпжылдық өсімдіктерде болады.

6. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында болады.

 

Түйнек пен тамырдың айырмашылығы

Түйнек

Тамыр

1. Түйнектің сыртында жапырақ іздері (көзшелері) бар.

1. Тамыр ешқашақ жапырақ шығармайды.

2. Бүршіктері кезектесіп орналасады, одан өркен дамиды.

2. Бүршіктері болмайды.

3. Жарық түссе, түйнек дереу жасыл түске боялады.

3. Қанша жарық түссе де тамырдың түсі өзгермейді.

 

Үй тапсырмасы.  Осы күнге дейін өтілген тақырыптардың барлығын қайталап келу, келесі сабақта тест жұмасы алынады.

 

 



Қайталау сабағы

Сабақ: 14

Сабақтың мақсаты: биология пәнінен осы күнге дейінгі, яғни §1-15 аралығында игерген білімдерін тексеру.

Тест жұмысы

І-нұсқа

1. 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған:



А) Роберт Гук

В) Н.В.Павлов

С) С.Г.Навашин

D) К.А.Тимирязев

Е) Яндерсендер

2. Микроскоптың көру түтігінің екі жағында ... орналасқан:

А) окуляр

В) айна


С) бұранда

D) тұтқа

Е) көру түтігі

3. Окулярда 20х, ал объективте 15х болса, затты неше есе үлкейтіп көрсететінін белгілеңіз:

А) 100

В) 200


С) 300

D) 400


Е) 600

4. Құрылысы қарапайым үлкейтіп көрсететін құрал:

А) телескоп

В) ұлғайтқыш әйнек

С) жарық көмегімен көрсететін микроскоп

D) электрондық микроскоп

Е) әйнек

5. Өсімдікке жасыл түс беретін пластид:

А) хлоропластар

В) хромопластар

С) лейкопластар

D) хромопластар мен лейкопластар

Е) хромопластар мен хлоропластар

6. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:

А) органоид

В) ұлпа

С) жасуша

D) мүше

Е) ағза


7. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтап қалатын ұлпа:

А) түзуші ұлпа



В) жабын ұлпа

С) фотосинтездеуші ұлпа

D) тірек ұлпа

Е) өткізгіш ұлпа

8. Цтоплазманың ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуыс:

А) ядро


В) пластид

С) қабықша

D) цтоплазма

Е) вакуоль

9. Су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін тығыз қабат қалай аталатынын белгілеңіз:



А) тоз

В) қыртыс

С) өң

D) тін


Е) қиыршық жасушалар

10. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі:

А) тамыр

В) мүше

С) сабақ

D) жапырақ

Е) ұлпа


11. Тамырлар шығу тегіне қарай бөлінеді:

А) негізгі, қосалқы, жанама

В) вегетативті, генеративті

С) кіндік және шашақ

D) қысқарған және жатаған

Е) тіреу және түйнек

12. Тамыр жүйесін құрайтын тамырлар: 1.негізгі; 2.қосалқы; 3.жанама; 4.бүйір; 5.шашыраңқы.

А) 1, 3, 5

В) 2, 4, 5



С) 1, 2, 3

D) 3, 4, 5

Е) 1,2,5

13. Шашақ тамыр жүйесі мына өсімдіктерде кездеседі: 1.асбұршақ; 2.асқабақ; 3.қауын; 4.бидай; 5.жүгері; 6.күріш.

А) 1, 3, 6

В) 2, 4, 6

С) 1, 3, 5

D) 1, 2, 3



Е) 4, 5, 6

14. Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады:



А) тамыр оймақшасы

В) бөліну

С) созылу

D) сору


Е) өткізгіш

15. Азоттың орамжапырақтың қай мүшесіне қажет екенін белгілеңіз:

А) жапырағына

В) жемісіне

С) түйнегіне

D) гүліне



Е) жапырағы мен сабағына

16. Жемтамырлы өсімдікке жатады:



А) сәбіз, қызылша

В) сұңғыла, арамсояу

С) Үнді фикусы

D) мангр ағашы, сауыр

Е) нарғызгүл, батат

17. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ қалай аталатынын анықтаңыз:

А) тал

В) өркен

С) шыбық

D) сояу

Е) сабақ

18. Бастапқы өркен:

А) бүршік

В) жапырақ

С) гүл

D) сояу


Е) сабақ

19. Жапырақ қолтығында орналасатын бүршік:



А) жанама бүршік

В) қосалқы бүршік

С) төбе бүршік

D) жанасқан бүршік

Е) бүйір бүршік

20. Өсімдіктердің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұрады:

А) тамыр

В) сабақ

С) жапырақ

D) сағақ

Е) өркен

21. Тік сабақты өсімдікке жатады:

А) жүгері, терек

В) қауын, қияр

С) құлмақ, шырмауық

D) асбұршақ, плюш

Е) жолжелкен, бақ-бақ

22. Сабақтың қабықтан кейінгі орналасқан қабаты:

А) өзек

В) сүрек



С) камбий

D) өң


Е) тоз

23. Негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралатын жүйкелеу қандай жүйкелеуге жататынын анықтаңыз:

А) доғалы жүйкелену

В) параллель жүйкелену

С) саусақ салалы жүйкелену

D) қауырсын тәрізді жүйкелену

Е) қауырсынды жүйкелену

24. Өсімдіктердің органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетінін дәлелдеді:

А) Ван Гельмонт



В) К.А.Тимирязев

С) Роберт Гук

D) С.Н.Навашин

Е) Е.В.Гвоздев

25. Бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру арқылы телу қандай телуге жататынын көрсетіңіз:

А) көзшелеп телу



В) кескінділеп телу

С) жанастыра телу

D) жабыстыра телу

Е) қабыстыра телу

26. Шырмалғыш сабақты өсімдікке жатады:

А) жүгері, терек

В) қауын, қияр

С) құлмақ, шырмауық

D) асбұршақ, плюш

Е) жолжелкен, бақ-бақ

27. Кіндік тамыр жүйесі мына өсімдіктерде кездеседі: 1.күнбағыс; 2.тары; 3.жоңышқа; 4.сұлы; 5.асқабақ; 6.сарымсақ

А) 1, 3, 6

В) 1, 3, 5

С) 2, 4, 6

D) 1, 2, 3

Е) 4, 5, 6

28. Жапырақта түзілген органикалық заттарды сабаққа, тамырға, жемісіне, тұқымға жеткізетін тірі жасушалар қалай аталатынын көрсетіңіз:

А) тамыр

В) устице

С) қуыс


D) сүзгілі түтіктер

Е) вакуоль

29. Параллель жүйкелену мына өсімдікке тән:

А) алма


В)  алмұрт

С)  емен



D)  бидай

Е) жолжелкен

30. Жасуша сұйықтығы:

А) ядро


В) цитоплазма

С) қабықша

D) пластид

Е) вакуоль

 

 

 



 

Тест жұмысы

ІІ-нұсқа

1. Тірі организмдердің тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі:

А) органоид

В) ұлпа


С) жасуша

D) мүше


Е) организм

2. Микроскоптың үлкейтіп көрсететін әйенектер орналасқан бөлімі:

А) заттық үстелше

В) айна


С) табан

D) тұтқа



Е) көру түтігі

3. Окулярда 15х, ал объективте 30 болса, заттың неше есе үлкейтіп көрсететінің белгілеңіз:

А) 150

В) 250


С) 350

D) 450

Е) 500


4. Үлкейтіп көрсететін құралға жатпайды:

А) телескоп

В) ұлғайтқыш әйнек

С) жарық көмегімен көрсететін мироскоп

D) электрондық микроскоп

Е) әйнек

5. Жасушаның сыртын қаптайды:

А) ядро

В) цитоплазма



С) қабықша

D) пластид

Е) вакуоль

6. Бір жасуша мен екінші жасуша арасындағы өзара, су, газ, зат алмасу не арқылы жүретінін анықтаңыз:

А) тесік арқылы

В) саңылау арқылы

С) жыртық арқылы

D) кеңістік арқылы

Е) бос орын арқылы

7. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешік:

А) ядро


В) цитоплазма

С) қабықша



D) пластид

Е) вакуоль

8. Өсімдіктің тұқымында, тамарында кездесетін түссіз пластид:

А) хлоропластар

В) хромопластар

С) лейкопластар

D) хемопластар

Е) зигопластар

9. Ұлпалардан не түзілетінін белгілеңіз:

А) органоид

В) ұлпа


С) жасуша

D) мүше

Е) организм

10. Өсімдіктің ұзарып, жуандап өсуі қай ұлпаға байланысты екенін белгілеңіз:

А) түзуші ұлпа

В) жабын ұлпа

С) фотосинтездеуші ұлпа

D) тірек ұлпа

Е) өткізгіш ұлпа

11. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттеп, сулы ортаны қалыптастырады:

А) ядро

В) цитоплазма

С) қабықша

D) пластид



Е) вакуоль

12. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді:

А) ядро

В) цитоплазма



С) қабықша

D) пластид

Е) вакуоль

13. Препарат дайындау үшін ең алдымен:

А) микроскопты орналастырамыз

В) жарық қабылдаймыз



С) заттық шыныға тамызғымен су тамызамыз

D) жабын шыныға тамызғымен су тамызамыз

Е) заттық шыныға су тамызамыз

14. Қауырсын тәрізді жүйкелену мына өсімдікке тән:

А) бидай

В) арпа


С) алма

D) жолжелкен

Е) алоэ

15. Өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буланудан, зақымдануынан қорғайды:

А) тоз

В) қыртыс



С) өң

D) тін


Е) қиыршық жасуша

16. Өсімдіктің генеративті мүшесі:



А) гүл

В) тамыр

С) сабақ

D) жапырақ

Е) өсімді мүшелері

17. Негізгі тамыр тұқымның ... дамиды



А) ұрық тамыршасынан

В) эндоспермнен

С) тұқым жарнағынан

D) ұрық сабақшасынан

Е) ұрық бүршікшесінен

18. Кіндік тамыр жүйесінде өте жақсы жетілген тамыр:

А) бүйір

В) қосалқы

С) жанама

D) негізгі

Е) шашыраңқы

19. Шашақ тамыр жүйесі мына өсімдікте кездеседі: 1.күнбағыс; 2.жоңышқа; 3.қауын; 4.тары; 5.сұлы; 6.арпа

А) 1, 3, 6

В) 2, 4, 6

С) 4, 5, 6

D) 1, 2, 3

Е) 1, 3, 5

20. Жасушалары үздіксіз бөлініп, тамырлардың басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр аймағы:

А) тамыр оймақшасы

В) бөліну

С) созылу

D) сору

Е) өткізгіш

21. Фосфор мен калий қызанақтың қай мүшесіне қажет екенін белгілеңіз:

А) жапырағына



В) жемісіне

С) түйнегіне

D) гүліне

Е) жапырағы мен сабағына

22. Емізік тамырлы өсімдікке жатады:

А) сәбіз, қызылша



В) соңғыла, арамсояу

С) Үнді фикусы

D) мангр ағашы, сауыр

Е) нарғызгүл, батат

23. Түйнек тамырлы өсімдікке жатады:

А) сәбіз, қызылша

В) соңғыла, арамсояу

С) Үнді фикусы

D) мангр ағашы, сауыр

Е) нарғызгүл, батат

24. Өркеннің негізгі орталық тірегі:

А) бүршік

В) жапырақ

С) гүл

D) сағақ



Е) сабақ

25. Кіндік тамыр жүйесі мына өсімдікте кездеседі: 1.асбұршақ; 2.асқабақ; 3.қауын; 4.бидай; 5.жүгері; 6.күріш.



А) 1, 2, 3

В) 2, 4, 6

С) 1, 3, 5

D) 4, 5, 6

Е) 1, 3, 6

26. Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен шығатын бүршік:

А) жанамы бүршік

В) қосалқы бүршік

С) төбе бүршік

D) жанасқан бүршік

Е) бүйір бүршік

27. Қысқарған сабақты өсімдіктерге жатады:

А) жүгері, терек

В) қауын, қияр

С) құлмақ, шырмауық

D) асбұршақ, плюш

Е) жолжелкен, бақ-бақ

28. Жатаған сабақты өсімдікке жатады:

А) жүгері, терек

В) қауын, қияр

С) құлмақ, шырмауық

D) асбұршақ, плюш

Е) жолжелкен, бақ-бақ

29. Сабақтың камбийден кейіңгі орнасқан қабаты:

А) өзек


В) сүрек

С) камбий

D) өң

Е) тоз


30. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған:

А) К.А.Тимирязев

В) Ван Гельмонт

С) Роберт Гук

D) С.Г.Навашин

Е) Е.В.Гвоздев

 

 



9-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Түрі өзгерген жер асты өркендермен танысу.

Мақсаты: Түрі өзгерген жер асты өркендердің түрлерімен танысып, өзіндік айырмашалықтарын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: Бидайық, інжугүл, құртқашаш (ирис) кеппешөптері (тамырсабағымен алынған), картоп түйнегі, қырыққабаттың қауданы, пиязшық (басты пияз), ұстара, ұлғайтқыш қол әйнек (лупа).

 Жұмыстың барысы:

1. Бидайық, інжугүл, құртқашаш өсімдіктерінің кеппешөптерінен тамырсабақтың жапырақ қабыршағын, бүршіктерін қосалқы тамырларын табу, тамырмен салыстырып суретін салу.

2. Картоп түйнегінің түбі мен жоғарғы жағының айырмашылықтарын қарап ажырату. Түйнектің көзшелері қай жағында көбірек орналасқандығына көңіл аудару.

3. Түйнекті көлденеңінен 2-ге бөліп, өркенге тән негізгі бөліктерін алдыңғы өткен сабақтың құрылысымен салыстыру.

4. Пияздың сыртқы түріне көңіл аударып, сыртқы, ішкі қабыршақтарының ерекшеліктерін, тамыр жүйесін қарау.

5. Пиязшықты ортасынан (тігінен) қақ жарып, түбіртегін (қысқарған сабағы) бүршіктерін қол әйнегімен қарап ажыратып оқулықтың суретімен салыстыру, суретін салу, аттарын жазу.

 Нәтижесі:  1) Кестелерді толтыр:



1.______________________

_______________________

2.______________________

_______________________



Тамырсабақ пен тамырдың айырмашалығы

Тамырсабақ

Тамыр

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________


__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________





Түйнек пен тамырдың айырмашалығы

Түйнек

Тамыр

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________


____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

___________________________


 




 1._____________________________

2._____________________________

3._____________________________

4._____________________________

5.________________________


 

Мына өсімдіктерде жер асты өркендердің қайсысы бар екендігін анықтап, тұсына әр өркеннің бас әрпін қойыңдар: тамырсабақты – «ТС», түйнекті – «Т», пиязшықты – «П»

1. Картоп __________               6. Құртқашаш ________

2. Қызғалдақ _________           7. Қазжуа ____________

3. Шыршай __________           8. Лалагүл ___________

4. Сарымсақ _________           9. Бидайық __________

5. Жералмұрты _______         10. Қамыс ___________

 

 

 



 


Каталог: 887344EE9999D2F9 -> 64f5f6a7f4190b4be5dd405767986b81
887344EE9999D2F9 -> «математикалық сандық» ойыны
887344EE9999D2F9 -> Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы «Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жұмыс жоспары 2014-2015 оқу жылы
887344EE9999D2F9 -> Сабақтың түрі: Сабақтың өту барысы: Аралас сабақ Оқушыларды ұйымдастыру
887344EE9999D2F9 -> Ата аналарға арналған сауалнама
887344EE9999D2F9 -> Орта мерзімді сабақ жоспары
887344EE9999D2F9 -> Педагогтың шығармашылық Өсу картасы
887344EE9999D2F9 -> 7 модуль бойынша білім беруді көздейді
887344EE9999D2F9 -> Бекітемін: Астрахан №1 орта мектебі директоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет