Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе



бет5/17
Дата13.02.2017
өлшемі2,88 Mb.
#9336
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қорытынды:

1. Тамыр дегеніміз не?___________________________________________________________

______________________________________________________________________________

2. Тамыр жүйесі дегеніміз не?_____________________________________________________

______________________________________________________________________________

3. Кіндік тамырдың шашақ тамырдан қандай айырмашалығы бар?______________________

______________________________________________________________________________

 

 



 

 

 



 

Сабақ: 7

Тақырыбы: §8. Тамыр бөлімдері

Сабақтың мақсаты: тамыр бөлімдерінің құрылысын, алып жатқан орнын, маңызын таныстыру және әр бөліктің атқаратын қызметіне толық тоқталу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – тамыр бөлімдерінің құрылысын және өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Тәрбиелілігі – оқушылардың ғылыми дүниетанымын байытып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі:  құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілей отырып, сабаққа дайындығын бақылау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады? Неліктен вегетативті мүшелер дейді? Вегетативті мүшелерді атаңдар. Вегетативті мүшелер өсімдіктерге не үшін қажет?

Тамырдың қызметін атаңдар. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді, олар қайдан пайда болады? Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? Олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады?

Қоректік заттарды қорға жинайтын тамырларды атаңдар. Жанама тамырлардың қызметі. Тамыр жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер, анықтамасын айтыңдар. Шашақ тамыр жүйесі деп неліктен аталған, шашақ тамырлы өсімдіктер мен кіндік тамырлы өсімдіктерге мысал келтіріңдер.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


  1. Өсімдіктің вегетативті мүшесі – тамырдың құрылысы

  2. Оның атқаратын қызметтері

Тамыр бөлімдері ұзындығы мен қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш аймақтары деп бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабығындағы жасушалары сыртқы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп, ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды қажалудан жеңілдетеді. Осылайша тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап тұрады.

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабытындаға клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалаптасуына себеп болады.

Өсу аймағының жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы аймақта түзіле бастайды.

Сору аймағы - өсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қыптап жатқан жұқа өң қабықшысының жасушаларының созылуынан пайда болады.

Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады.



Өткізу аймағы суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар көп болады.

Тамырдың сору мезанизмі

Сору күші – бұл осмостық және тургорлық қысымдардың арасындағы айырмашылық.

Осмостық қысым – цитоплазмадаға және клетка қабырғасына әсер ететін клетка шырыны ерітіндісінің қысымы.

Тургорлық қысым – жасуша қабырғасының клетка шырынының ерітіндісіне әсер ететін қысым. Топырақтағы ерітіндінің тамыр қабығының жасушалары арқылы қозғалысы олардың сору күші айырмашылығына байланысты, яғни соруы аз жасушалардан соруы күшті клеткаларға жүреді.

Тамыр қысымы – бұл барлық тамыр түктерінің сору күші.

Жапырақтардың сору күші – бұл су молекулаларының және тамыр қабырғаларының арасындағы іліну күші.

Тамырдың өсуі. Тамырлар өсімдіктер түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқынды өседі. Тамырлар өсу кезінде қоректік заттар мен суды бірқалыпты толық пайдаланады. Тамыр ұшынан төменге қарай өседі. Осында өсу қозғалысын біржақты әрекет тітіркендіргіштігі (ауырлық күші, жарық) болатын жағдайда  тропизм д.а. Негізгі тамыр үшін оң геотропизм (жер тартылысының әсерінен бір жақты өсу) тән. Ірі жанама тамырлар жер бетінен қатар өседі, ал ұсақ тамырларда геотропизм болмайды.

ІV. Бекіту.

р/с

Тамыр бөлімдері

Атқаратын қызметі

 

Тамыр оймақшасы

Түрлі кедергілерден қорғайды.

1

Бөліну аймағы

Атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабытындаға клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалаптасуына себеп болады.

2

Өсу аймағы

Жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы аймақта түзіле бастайды.

3

Сору аймағы

Өсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қыптап жатқан жұқа өң қабықшысының жасушаларының созылуынан пайда болады. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады. Тамырдың сору бөлігінде жабын ұлпа тамырға су мен онда еріген заттардың жеткізілуін қамтамасыз етеді.

4

Өткізу аймағы

Суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар көп болады.

 

Үй тапсырмасы. §8 оқып, 10-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

 

6-зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау.

Мақсаты: Тамыр бөлімдерін бір-бірінен ажыратып, өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: сабақтан 10-15 күн бұрын өсірілген асбұршақ пен бидай өскіндері, микроскоп, оған керекті жабдықтары, ұлғайтқыш қол әйнегі және т. б.

Жұмыстың барысы:

1. Сабақ өтерден 10-15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен бидайдың өскіндерінің жас тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне жататынын ажырату.

2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр бөлімдерін (аймақтарын) анықтау.

3. Тамыр түкшелері бар аймақты тауып, алып жатқан аумағын қарау.

4. Тамыр ұшынан препарат жасап, микроскоппен қарау, тамыр оймақшасы жасушаларының ерекшеліктеріне көңіл аудару, суретін салу, оқулықтың суретімен салыстыру.

Ескерту: Препарат жасау үшін жас тамырдың ең ұшынан 5 мм-дей кесіп, сол күйінде су тамызып, жабын шынымен жауып қарауға болады.

Нәтижесі:      

1) Берілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар.


1. Пияз

3. Сәбіз

5. Асқабақ

7. Ермен

9. Асбұршақ

2. Қауын

4. Жүгері

6. Күріш

8. Қамыс

10. Сұлы

 


Кіндік тамыр жүйесі

Шашақ тамыр жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 































 





 

2) Тамыр бөлімдерін атап, әрбір бөлімнің атқаратын қызметін жаз:

                                      1.____________________________________

                                       Қызметі: ____________________________________________________

____________________________________________________________                                      

                                       2.____________________________________

                                       Қызметі: ____________________________________________________

                                        ___________________________________________________________

                                       3._______________________________  

                                       Қызметі:    __________________________________________________

 

                                       4._______________________________  



                                       Қызметі: ____________________________________________________

                                       ____________________________________________________________

 

Қорытынды:

1. Тамыр бөліміне не кірмейді?_____________________________________________________

2. Тамыр оймақшасының атқаратын қызметі қандай?__________________________________

_______________________________________________________________________________

 

 

Сабақ: 8



Тақырыбы: §9. Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің тамыры арқылы қоректену фукциясын және ондағы тынайтқыш түрлері жайлы мағлұмат беру.

Құрал-жабдықтар: плакаттар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Тамыр жүйесі

кіндік

шашақ

Қауын

Пияз

Сәбіз

Жүгері

Асқабақ

Күріш

Ермен

Қамыс

Асбұршақ

Сұлы

 

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Өсімдіктердің минерелды қоректенуі

Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты.

Өсімдіктер топырақтан:

1)     макроэлементтер (калий, фосфор, азот және т.б);

2)     микроэлементтер (бор, кальций, магний, күкірт, кобальт және т.б.) алады.

Тынайтқыштар минералды және органикалық болып екі топқа бөлінеді:

Минералды тынайтқыштар былай сипатталады:

1. құрамында бір элементтің басымырақ болуы: калийлі (калий хлориді), фосфорлы (суперфосфат), азотты (селитра, несепнәр, аммоний сульфаты);



2. элементтердің толықтылығына байланысты: толық – құрамында азот, фосфор және калийдің болуы, толымсыз – құрамында осы элементтердің біреуінің болмауы.

Органикалық тынайтқыштар органикалық заттардан шыққан қарашірік, құс саңғырығы, көң, шымтезектен тұрады.

Түйіршікті тынайтқыштар шар тәрізді түйіршікті түрде дайындалған.

Үстеме қоректендіру - өсімдіктер өсіп келе жатқан кезде тыңайтқыш себу. Топыраққа күлді және қүрғақ минералды тынайтқыш себуді құрғақ үстеме қоректендіру деп, ал топырақта суда ерітілген немесе су қосылған тынайтқыштар қосуды сұйық үстеме қоректендіру деп атаайды.

Өсімдіктерді топырақсыз өсіру. Гидропоника -  өсімдіктерді организмнің қоректенуі үшін қажетті барлық элементтері бар сулы қоректік қоспада өсіру.

Минереалды қоректену - өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіру. Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітіндісі ретінде жеткізіледі. Топырақтан қоректенуде азоттың алатын орны ерекше. Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтарды дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі  жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі. Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікте фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді. Калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады. Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек.

ІV. Бекіту.

Өсімдік аты

Тыңайт-қыш

Қай мүшесіне қажет

Шашу мерзімі

Қандай күйде

Қырыққабат

азот

жапырағы мен сабағына

жаздың алғашқы айы

сұйық ерітінді

Қызанақ

фосфор, калий

жемісіне

жаздың екінші жартысы

құрғақ және ерітінді

Картоп

фосфор, калий

түйнегіне

жаздың екінші жартысы

ерітінді және құрғақ

Күздік дақылдар

калий

барлық мүшесін суыққа төзімді етуге

күзде, тұқым себер алдында

құрғақ

 

Үй тапсырмасы. §9 оқып келу.

 

 



 

 

Сабақ: 9



Тақырыбы: §10. Тамырдың түрөзгерістері  

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері жайлы қысқаша мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байлансты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, оқулықтағы суреттер

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

 

1 – карточка



1. Дұрыс жауап тұсына белгі қой

Өсімдіктің қоректену ерекшеліктері:



І. Өсімдікке азоттың жетіспегенін қалай білуге болады?

А) жапырақтары дамымайды;

В) түйнектері майда болады;

С) жемістері көпке дейін піспейді;

Д) жапырақтары бозарып кетеді;

Г) сабақтары әлсіз болып жатып қалады.



ІІ. Бөлмеде өсетін өсімдіктердің өсу нүктесі қурап қалса минералды тұздардың қай түрін көбірек пайдалану керек?

А) борды

В) азотты

С) калийді

Д) фосфорды

Е) кальцийді



ІІІ. Өсімдік тырбиып бойы аласа, сабағы әлсіз болып өссе топырақта қай элемент жетіспейді?

А) азот


В) калий

С) фосфор

Д) мыс

Е) кальций



2. Тізімдегі органикалық және минералды тынайтқыштарды бөліп кестеге толтыр.

Органикалық тынайтқыштар

Минералды тынайтқыштар

 

 

 

1.Азот селитрасы;      2.Құс саңғырығы;         3.Суперфосфат;      4.Күл;     5.Торф;           6.Қи;     7.Сүйек ұны;        8.Қарашірік;         9.Нитрагин;            10.Көмір.

 

2 – карточка

1. Төмендегі сипаттамалар тыңайтқыштардың қай түріне тән екенін тұсына рет санын қою арқылы анықта.

І.

Азотты

 

ІІ.

Фосфорлы

 

ІІІ

Калийлі

 

 

1. Жемістердің пісу мерзімін қысқартады;                2. Суыққа төзімділігін арттырады;    

3. Сабақ пен жапырағының өсуін күшейтеді;           4. Тамыр мен түйнектің өсуіне әсер етеді

 

2.  Дұрыс жауаптың тұсына белгі қою арқылы сұрақтарға жауап бер



І. Топырақтан қоректену кезінде қатысатын ұлпаларға қайсысы жатады?

1.Өткізгіш;   2.Түзуші;    3.Жабын;   4.Негізгі-фотосинтездеуші;   5.Тірек;   6.Негізгі-қоректік;  7.Бөліп шығарушы.



ІІ. Әсіресе қыста және көктемде бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының сарғаюы қандай элементтің жетіспеуінен деп ойлайсыздар?

1.фосфордың;    2.калийдің;     3.темірдің;      4.кальцийдің;    5.азоттың.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.

 














Каталог: 887344EE9999D2F9 -> 64f5f6a7f4190b4be5dd405767986b81
887344EE9999D2F9 -> «математикалық сандық» ойыны
887344EE9999D2F9 -> Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы «Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жұмыс жоспары 2014-2015 оқу жылы
887344EE9999D2F9 -> Сабақтың түрі: Сабақтың өту барысы: Аралас сабақ Оқушыларды ұйымдастыру
887344EE9999D2F9 -> Ата аналарға арналған сауалнама
887344EE9999D2F9 -> Орта мерзімді сабақ жоспары
887344EE9999D2F9 -> Педагогтың шығармашылық Өсу картасы
887344EE9999D2F9 -> 7 модуль бойынша білім беруді көздейді
887344EE9999D2F9 -> Бекітемін: Астрахан №1 орта мектебі директоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет