ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
ІV. Бекіту.
А
1. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады?
2. Олар неше топқа бөлінеді?
3. Шырынды жемістер неше түрге бөлінеді?
Б
1. Неліктен құрғақ жемістер деп аталады?
2. Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?
В
1. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.
2. Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен дәлелдеңдер.
№14-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Шырынды және құрғақ жемістермен танысу.
Мақсаты: Құрғақ және шырынды жемістердің құрылысын қарап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: өрік, шие, қияр, асқабақ, алма, алмұрт, таңқурай жемістері, картоп түйнегі, сәбіздің жемтамыры, шалғам (редиска), қырыққабат бұршаққыны, асбұршақ, үрмебұршақтың бұршаққабы, үйеңкінің қанатшасы, бидай дәнегі, күнбағыстың тұқымшасы, емен жаңғағы және т.б. (табылғандарын алу)
Жұмыстың барысы:
1. Үлестірілген жемістерден шырындысын бір бөлек, құрғақтарын жеке бөліп алу.
2. Шырынды жемістердің сүйектісін бір бөлек, жидектерін бір бөлек ажырату. Сүйекті шырынды жемісті ұстарамен екіге бөліп суретін салу.
3. Жидек жемістіде ортасынан жарып ішіндегі тұқымдарын санау, сүйекті жеміспен салыстыру.
4. Картоп түйнегі, сәбіз, қызылшаның жемтамырларын жарып көріп жеміспен салыстырып, жеміс еместігіне көз жеткізу.
5. Құрғақ жемістердің түрлерін оқулықтағы суретпен салыстырып бір-бірінен айырмашылықтарын қарап, ішіндегі тұқымдарын санау, жемістің құрғақ екенін байқау.
Нәтижесі: 1) Кестені толтыр:
Өсімдіктің
аты
|
Жемістер
|
Жеміс түрлері
|
Тұқым саны
|
|
құрғақ
|
шырынды
|
|
біреу
|
екеу
|
көп
|
Алма
|
|
|
|
|
|
|
Қарбыз
|
|
|
|
|
|
|
Мандарин
|
|
|
|
|
|
|
Өрік
|
|
|
|
|
|
|
Асбұршақ
|
|
|
|
|
|
|
Күнбағыс
|
|
|
|
|
|
|
Емен
|
|
|
|
|
|
|
Бидай
|
|
|
|
|
|
|
Үйеңкі
|
|
|
|
|
|
|
2) Берілген суретте қандай өсімдіктің жемісі бейнеленген? ____________________________
Бұл жеміс жемістердің қай тобына жатады, неліктен?
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
|
|
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Үй тапсырмасы. §26 оқу.
Сабақ: 25
Тақырыбы: §27. Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің генеративті мүшесі – тұқым, оның құрам бөліктерін, дара жарнақты және қос жарнақты тұқымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып оқыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік – тұқымның әрбір бөліктерінің қызметін, өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру;
Дамытушылық – өздігінен іздену, қосымша материалдарды пайдалану дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі: сарыстыра оқыту
Сабақтың көрнекілігі: «Тұқым» тақырыбында электрондық көрсетілімдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады (түзіледі), неше топқа бөлінеді?
Шырынды жемістер нешеге бөлінеді, әр түріне мысал келтіріңдер.
Неліктен құрғақ жеміс деп аталады?
Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?
Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.
Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен түсіндіріңдер.
Жұмбақтардың жауабын шешу:
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қырман толы дәні бар (бидай)
2. Аласа тал, тамаша тал,
Самсап тұр алмасы (қызанақ)
3. Біреуін жерге беріп
Күзде оны тереді (тұқым)
4. Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәмі бар (өрік)
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жаңа сабақты ертханалық жұмысты жасата отырып түсіндіру.
Қос жарнақты
|
Ұқсастығы
|
Дара жарнақты
|
1. Екі тұқым жарнағы бар
2. Қабығы суға жібіткенде тез сылынады
3. Қоректік зат тұқым жарнағында жиналады
|
1. Тұқым жарнағы бар
2. Қабығы тығыз
3. Ұрық:
- сабақша;
- тамырша
- бүршікше
|
1. Бір тұқым жарнағы бар
2. Қабығын суға жібіткенде ажырату қиын
3. Қоректік зат эндоспермде жиналады
|
№15-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы.
Мақсаты: Қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктердің тұқымдарының құрылысын қарай отырып айырмашалықтарын анықтау.
Құрал-жабдықтар: қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың жинақтамалары, алдын ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа) және т.б.
Жұмыстың барысы:
1. Құрғақ және суға жібітілген үрмебұршақ тұқымының пішінін, қабығының түсін, кіндігінің қай жерде орналасқандығын анықтап суретін салу.
2. Жібітілген тұқымның қабығын (қауызын) ептеп сылып, ішіндегі екі жарнағы мен ұрығының орналасуының суретін салу (оқулықтың суретімен салыстыру).
3. Ұрық бөлімшелерін ұлғайтқыш қол әйнекпен қарап, атын жазу.
4. Бидай тұқымының сыртқы құрылысын, пішінін, ұрық орналасқан бөлімі (үшкірлеу жағында) және жарнағының білеуленіп білінетінін қол әйнекпен қарау, суретін салу, атын жазу.
5. Ойыстау жағынан (сайынан) ұзынынан екіге (ұстарамен) бөліп ішкі бөлімдерін талдап, аттарын жазу. Қабығының (қауызының) ерекшелігіне көңіл аудару.
Нәтижесі: Әрбір тұқымның құрылысын жаз:
|
|
Қандай тұқым?_______________________
1._________________________________________2._________________________________________3._______________________________________'>1._______________________________________
2._______________________________________
3._______________________________________
4.______________________________________
5._______________________________________
|
Қандай тұқым?_______________________
1.__________________________________
2.__________________________________
3.__________________________________
4.__________________________________
5.__________________________________
6.___________________________________
|
Қорытынды:
1. Дара жарнақты тұқымның құрылысындағы ерекшеліктер қандай?_____________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2. Ұрық қажетті қорек заттарын қос жарнақты тұқым мен дара жарнақты тұқымның қай бөлігінен алады?____________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Үй тапсырмасы. §27 оқып, келесі сабаққа дейін тұқымды өндіріп келу.
Өсімдіктану бөлімін қорытындылау тапсырмалары
1. Төменде өсімдік мүшелері берілген:
1.1. тамыр
1.2. сабақ
1.3. жапырақ
1.4. гүл
1.5. жеміс
1.6. тұқым
2. Өсімдіктердің қандай мүшелеріне жатқызылады:
2.1. вегетативті (өсімді) мүшелері
2.2. генеративті (көбею)мүшелері
3. Төменде берілген қызмет қайсысына тиесілі:
3.1. оған бүршік, жапырақ, гүл бекінеді
3.2. өсімдік гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналықтың жатынынан пайда болады
3.3. өсімдікті топыраққа берік орналастырады
3.4. дара жарнақты, қос жарнақты болады
3.5. фотосинтез үрдісі жүреді
3.6. одан жеміс пен тұқым дамиды
4. Мұндай құрылысты өсімдік мүшелері:
4.1. қабағы, жарнағы, эндосперм, ұрығы бар
4.2. сыртқы қабаты шырынды болып келеді
4.3. оймақшасы бөліну аймағын қорғап тұрады
4.4. қабақ, камбий, сүрек, өзек қабаты деп бөлінеді
4.5. аналық ауызы, мойыны, жатыны болады
4.6. жасыл бағаналы және борпылдақ жасушалары бар
5. Метаморфоз түрлерін анықтаңыз:
5.1. ылғал жетіспегендіктен сояуға айналған
5.2. малға жем болмау үшін, суды буландыру үшін тікенекке айналған
5.3. тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы – тіреу тамырлар
5.4. тозаңдары майда, өте жеңіл
5.5. ол екеуіне бірдей жататын болғандықтан дәнек деп аталады
6. Бос орынды қандай сөзбен толтықтыруға болады?
6.1. Бір ғана тақтасы бар ... жай ... дейді.
6.2. Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны ... серігі дейді.
6.3. Барлық гүлді өсімдіктердің ... шырынды және құрғақ деп бөлінеді.
6.4. ... ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: бөліну, өсу, сору, өткізу деп бөлінеді
6.5. Ауада өне бастаған ... тыныс алуын күшейтеді.
6.6. Өзек – ... орталық бөлімі.
7. Өсімдік мүшелеріндегі пластид түрлері:
7.1. хлоропластар
7.2. лейкопластар
7.3. хромопластар
8. Тыңайтқыштар өсімдіктің қай мүшесіне аса қажет?
8.1. азот
8.2. фосфор
8.3. калий
9. Ненің суреті бейнеленген:
9.1. 9.2. 9.3.
9.4. 9.5. 9.6.
10. Көбеюдің түрлері қалай іске асады?
10.1. жануарлар арқылы тарайды
10.2. қосарлы ұрықтанады
10.3. пиязшық арқылы көбейеді
10.4. өсімдік қыстап шығып жыныссыз көбею үшін қажет
10.5. мұртшалар арқылы көбею
Өсмдік мүшелері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Тамыр
|
1
|
1
|
3
|
3
|
3
|
4
|
2
|
3
|
2
|
4
|
Сабақ
|
2
|
1
|
1
|
4
|
1
|
6
|
1
|
3
|
5
|
3
|
Жапырақ
|
3
|
1
|
5
|
6
|
2
|
1
|
1
|
1/3
|
6
|
5
|
Гүл
|
4
|
2
|
6
|
5
|
4
|
2
|
3
|
2/3
|
4
|
2
|
Жеміс
|
5
|
2
|
2
|
2
|
5
|
3
|
3
|
2/3
|
3
|
1
|
Тұқым
|
6
|
2
|
4
|
1
|
5
|
5
|
2
|
2/3
|
1
|
1
|
Сабақ: 29
Тақырыбы: ІІ бөлім. Жануарлар
§ 31. Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік.
Жануар ағзасының ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: жануарлар әлемінің ерекшелі жайлы, оларға тән қасиеттер туралы мағлұмат беріп, дене құрылысын ерекшеліктеріне сипаттама беру; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Сабақтың міндеттері:
Білімдік – табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп, меңгерту, танымдық қабілеттерін арттыру;
Дамытушылық – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру;
Тәрбиелік – табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру; эстетикалық сезімдеріне баулу.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырлған
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Тірі ағзаларға тән ортақ белгілер
2. Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы
3. Жануарлардың мекен ортасына бейімделуі
Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар:
Жануарлар дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни олар өз ағзасына қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май тәрізді заттарды өсімдіктен алады.
Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын ауыстырады (отырықшылары да бар). Мысалы, қанқыз бүгін бір жерден көрінсе, ертеңіне дәл сол жерден көрінбейді, себебі, ол бір орында тұрмайды, жорғалап не ұшып кетеді.
Өсімдік бір орында өседі. Оның тұқымдары ғана басқа жерлерге әр түрлі жолдармен орын ауыстырып таралады.
Жануарлардың көпшілігінде ас қорытуды, тыныс алуды, зәр шығаруды қамтамасыз ететін және сыртқы ортамен қарым-қатынасты жүзеге асыруды реттейтін арнайы мүшелері, мүшелер жүйесі болады.
Көптеген жануарлардың денесі екі жақты симметриялы болып келеді: дененің оң және сол жағындағы мүшелері жұп және бірдей қызмет атқарады.
Мұндай жануарлар алға, жан-жаққа жеңіл, еркін қозғалады. Қорегін ұстайтын, жауына шабуыл жасайтын, немесе олардан қорғанатын, айналаны бағдарлайтын негізгі мүшелері дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. Жануарлар жауынан қалай құтылатынын өздерің әңгімелеп, талқылаңдар. Өмірден білетін мысалдарды келтіріңдер.
Аз қозғалатын жануарлардың дене пішіні жұлдыз немесе шатыр, немесе өсімдік гүлі тәрізді болады. Мысалы, теңіз жұлдызының денесі сәулелі симметриялы: денесінің дәл ортасынан әр тармағына ойша сызық жүргізсе денесі бірдей бес бөлімге бөлінеді, әр бөлімдегі сәйкес мүшелер белгілі бір қызмет атқарады. Денесінің сәулелі симметриялы болуы баяу қозғалатын немесе су түбіндегі қатты нәрселерге жабысып тұратын жануарлардың өзіне қажетті қорегін, қай жағынан келсе де, сезініп, белсенді түрде ұстауына, немесе қауіпті жау болса, одан қорғануына мүмкіндік береді.
Теңіз жұлдызы.
Денесі сәулелі симметриялы жануар.
Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы
Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі тіршілік ортасы болып саналады. Мысалы, паразит құрттар мен кенелер жануарлардың денесінде (сыртқы, ішкі мүшелерінде) тіршілік етеді. Күйкентай орманды дала аймағында кездеседі (тіршілік ортасы). Бірақ орманға кірмейді; ашық, ағаштары сирек өскен жерлерді мекендейді. Ондай жерлер дала тышқандарын аулауға, ағаш басына ұя салуға қолайлы.
Өз тіршілігінде бір ортада ғана емес, екі түрлі ортада тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, безгек масасы, бақалар – суда да, құрлықта да; ал дала тышқандары топырақта да, жер үсті-ауа ортасында да тіршілік етеді. Іркінді суы бар батпақты жер безгек масасының мекен ортасы, мұнда оның көбеюіне қолайлы жағдайлар бар.
Жануарлар тіршілік ортасындағы өзінің тіршілік етуіне қолайлы жағдайлары бар нақтылы үлескілерді мекендейді. Олар қоныстанған осындай нақтылы бір үлескіні сол жануарлардың мекен ортасы дейді.
Мысалы, ормандағы қарағай, шырша көбірек өсетін аймақтары тиіннің мекен ортасы болады. Бұл мекенде тиіннің сүйікті азығы – бүр жеткілікті, саңырауқұлақ та көп; тоңса – паналайтын, қорықса – тығылатын, ағаш діңіндегі қуыстар – баспана болып табылады.
Әрбір мекен ортаны жануарлардың көптеген түрлері қоныстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |