Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе



бет6/17
Дата13.02.2017
өлшемі2,88 Mb.
#9336
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 

 

 



 

 

 



                                                                                                       

 

 



 

 

 



ІV. Бекіту.

Тамырдың түрөзгеріс-тері

 

Қысқаша сипаттамасы, атқаратын қызметі.

Жем-тамырлар

Әр түрлі органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасшуаларында қорға жиналады, жуандап түрін өзгертеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен  витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Екі жылдық өсімдіктер (редискадан басқасы).

Тіреу тамырлар

Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлпасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.

Емізік тамырлар

Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады

Түйнекті тамырлар

Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамыларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.

Ауа тамырлар

Сабақтан дамиды. Оттегі жоқ, батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады.

 

Үй тапсырмасы. §10 оқып келу, жалпы өсімдіктің вегетативті мүшесінің бірі – тамыр жайлы өтілген тақырыптарды қайталап келесіздер, келесі сабақта биологиялық тест жұмысы алынады.

 

 



 

Сабақ: 10

Тақырыбы: §11. Өркендер мен бүршіктер

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің вегетативті мүшелері - өркен, бүршік жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өркен, бүршіктің өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметі, олардың түрлері туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүнетанымын дамытуға баулу;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі: құрасырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Биологиялық тест

1. Тамырдың сабақтан қандай айрымашылығы бар? (буын және буынаралықтары болмайды, жапырағы жоқ)

2. Шығу тегіне қарай тамыр нешеге бөлінеді? (3-ке: негізгі, қосалқы, жанама)

3. Қосалқы тамырлар қай үлескіден өсіп шығады? (сабақ пен жапырақтан)

4. Негізгі тамыр қайдан пайда болады? (ұрық тамыршасынан)

5. Қосалқы тамырлар қандай қызмет атқарады, жақсы дамуы үшін қандай шаралар қолданылады? (берік орнығып, қоректенуін күшейтеді, тыңайтқыштар себу керек)

6. Тамыр жүйесі деген не, ол нешеге бөлінеді? (барлық тамырлардың жиынтығы, 2-ге бөлінеді: шашақ, кіндік)

7. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктерді ата. (астық тұқымдастар: бидай, арпа, тары, сұлы және т.б.)

8. Шашақ тамыр жүйесі деп неге аталған. Кіндік тамыр жүйесінен қандай айрмашылығы бар? Шашақ тамыр жүйесі бар өсімдіктерді мысалға келтір. (негізгі тамыр болмайды немесе өте нашар дамыған жуандығы жанама немесе қосалқы тамырлар сияқты шашаққа ұқсап топталып тұрады. Астық тұқымдастар: бидай, арпа, тары, сұлы, күріш және т.б )

9. Тамырда неше бөлік болады, әр бөлігін жеке-жеке атап көрсет. (4 бөлік: тамыр оймақшасы; 1) бөліну аймағы; 2)өсу аймағы; 3) сору; 4)өткізу аймағы)

10. Тамыр оймақшасы қай ұлпадан түзілген? (бөліп шығарушы ұлпа)

11. Бөліну бөлігі қай ұлпадан түзілген? (түзуші немесе меристема)

12. Сору бөлігі қай ұлпаға жатады? (жабын ұлпасы)

13. Тамырдың ұшынан өсуін қалай дәлелдейсің? (тамырдың ұшында түзуші ұлпа болады)

14. Тамыр өсімдікке не үшін қажет? (Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т.б.) синтездейді. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды; Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі; Вегетативтік көбеюге қатысады.)

15. Тыңайтқыштардың қандай түрлері бар, мысал келтір. (органикалық(құс саңғырығы, қи, қарашірік және т.б.) және минералды тыңайтқышар(Нитрагин, суперфосфат, азот силитрасы)



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және симподиалды.



Дихотомиялы бұтақтану кезінде өсу конусы екі еселенеді де, екі өркен береді, әрі қарай оның әрбіреуі тағы да екі өркеннен береді және т.с.с. Бұл – бұтақтанудың ежелгі тәсілі (плауындар, мүктер)

Моноподиалды бұтақтану кезінде бірінші реттің негізі білігінен жоғары қарай өсуі шектеусіз ұзақ болады, одан екінші ретті және қалған реттегі қысқа жанама біліктер өседі (шырша, самырсын және т.б. жалаңаштұқымдылар).

Симподиалды бұтақтану кезінде негізгі білігі өзінің өсуін ерте тоқтатады, бірақ оның жоғарғы жағының үстінен жанама бүршіктер шыға бастайды. Осы шыққан бүршіктер бірінші реттің білігін(осін) жалғастырған тәрізденеді. Бұлар өз кезегінде сол сияқты жоғары өсуін тоқтатады да, оның жанама бүршіктері шыға бастайды, онда үшінші реттік білік пайда болады т.с.с. (гүлді өсімдіктер).

Өркендерді жіктеу

Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды

Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.

Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.

Ұзарған өркеннің буанаралығы алыс орналасқан.

Қысқарған өреннің буанаралығы жақын орналасқан.

Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады.

Генеративтік өркен репродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.

Өркендердің түр өзгерістері

Тамыр сабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жер астында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).

Столон – ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.

Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендер дамиды.

Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т.б. жатады.

Түйнекті жуашық – сырттай қарағанда жуашыққа ұқсас өркен, бірақ қор заттары өсіп кеткен сабақ бөлігінеде жиналада, ал оның қабаршағы құрғақ (гладиолус, шафран).

Шөгір – түрі өзгерген өркен немесе оның бір бөлігі, төбесі (шырғанақ) немесе жапырағы (барбарис) қорғаныш қызметін атқарады.

Мұртшалар – түрі өзгерген өркендер (жүзім, қияр, асқабақ) немесе жапырақтар (бұршақ, асбұршақ), олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.

Бүршік. Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршік бастапқы өркен.

Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: вегетативті(өсу) және генеративті(көбею) бүршік.

Вегетативті бүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған өркенге ғана орналасады.

Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Егер бүршік өркеннің ең ұшында орналасса төбе бүршік, жапырақ қолтығында орналасса қолтық немесе жанама бүршік д.а. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында  бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Өсімдіктердің кез келген мүшесінің әр жерінен қосалқы бүршіктер шығады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т.б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарына дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлеме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жас өркендірдің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалы бүршіктер  ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш діңінің кесілген бұтақтары мен ағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.



Бүршіктің ішкі құрылысы. Көктемде кез келеген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзыннан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабышақтар қаптайды. Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1,2,3 және одан да көп болады. Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар.

Қабыршақтар құрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт түсті болады. Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың шоқып, зақымдануынан қорғайды. Әдетте бүршіктердің пішіндері мен қабыршақтарының ерекшеліктеріне қарап, өсімдік түрлерін оңай ажыратуға болады.

Бальзамды теректің бүршік қабыршақтары өзінен бальзам бөлетіндіктен жылтыр, өткір иісті, Қолмен ұстағанда саусаққа желім сияқты жабысады. Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті өсімдіктерге морт сыңғыш итшомыр жатады.

Ашық (қабыршағы жоқ) бүршіктердің сыртын бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы жауып тұрады.

Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасынан тығыз ақшыл-сары түсті бастапқы сабақты көреміз. Оның жан-жағынан бастапқы жапырақшалар көрініп тұрады. Бастапқы сабақтың ұшы өсу нүктесімен бітеді.

Бүршік көктмде өсімдіктің тамырында, сабағында жиналған қоректік заттар қорымен қоректеніп, ісінеді. Сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, ашылады. Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді дөңгелек із қалады. Сол ізден бастап өлшегенде өркеннің бір жылда қанша мөлшерде өскені анықталады. Әдетте ең ірі төбе бүршіктері мен жанама бүршіктер ғана ашылып, өркен дамиды.

Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігі және гүл бүршігі. Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады. Ұзынынан жарып қарағанда бастапқы сабақтың жан-жағына гүлшанақтар (ашылмаған гүлдер) бекиді. Гүлшанақ гүл шығарып, жеміс береді. Бірі - өсу, екіншісі – көбею бүршігі. Бүршік бастама сабақтан, бастама жапырақтан тұратындықтан, өркен дамиды.  

ІV. Бекіту.

Төбе

Қолтық

Қосалқы

Бұйыққан

2.Өркеннің ең ұшында орналасқан бүршік;

4.Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік.

3.Кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік;

1.Тыныштық күйге ауысқан бүршік;

 

Үй тапсырмасы. §11 оқып, 14-суретті салып келу.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сабақ: 11

Тақырыбы: §12. Сабақтың түрлері, құрылысы

Сабақтың мақсаты: сабақтың атқаратын қызметін, оның жалпы құрылысын оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызынғ атқаратын функциясын түсіндіру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі:  құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады, ішкі құрылысы бойынша дәлелдеп беріңдер. Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?

Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде, олар қандай қызмет атқарады? Өсу бүршігі мен гүл бүршіктерінің айырмашылықтарын талдаңдар.

Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды, қызметі қандай? Бүршіктер нешеге бөлінеді?



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


  1. Сабақ және оның түрлері

  2. Сабақтың ішкі құрылысы

 

Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұратын орталық тірек.

 

 



 

 

 



 

       


                                                                                                                                                              

Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы төрт қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.
















 

 

 



                                                                                                              

           

 

Сабақ мынадай қызметтер атқарады:



1) қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді;

2) сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;

3) көбеюге қатысады;

4) органикалық заттар қорға жиналады;

5) өсімдіктердің жоғары жағының аумағы бұтақтану арқылы артады;

6) вегетативтік көбею.



ІV. Бекіту.

Сабақ дегеніміз не? Оның қандай түрөзгерістері бар? Құрылысы қандай? Атқаратын қызметі ше?



Үй тапсырмасы. §12. оқу, 17-сурет салу.

 

7-зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Сабақтың ішкі құрылысымен танысу.

Мақсаты: Сабақтың ішкі құрылысын ұлғайтқыш қол әйнегімен қарап, оның қабаттарын бір-бірімен салыстырып зерттеу.

Құрал-жабдықтар: қарағаш, емен, терек ағаштарының 20 см ұзындықтағы жас өркендері, ұлғайтқыш қол әйнегі, ағаштың жуандау (2-3 жылдық) діңінің көлденең кесіндісі (қалыңдығы 5-8 см).

 

Жұмыстың барысы:

1. Әр түрлі ағаштардың (қарағаш, емен, қайың, терек, тал, т. б.) жас бұтақтарынан (ұзындығы 20 см) сыртқы қабығының түсіне, қабығын жарып бұртиып шыққан (шұбарланған) жасымықшаларына, оның пішініне көңіл аударып, лупамен қарап суретін салыңдар.

2. Кез келген ағаштың көлденең кесіндісінен сабақтың ішкі құрылысының қабаттарын ажырату. Әр қабаты қанша көлемді алып жатқандығын (калыңдығын) ажыратып, түсіне көңіл аудару. Өзек жасушаларының ерекшеліктерін бақылап көру.

3. Оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.

 

 Нәтижесі:   1) сурет бойынша                             2) Бос орындарды толтыр:



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

      


 

Қорытынды: Берілген сөйлемдерді зер салып оқып сабақтың қай қабатына тән екендігін анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар.

Қабық

Камбий

Сүрек

Өзек

 

 

 

 

 

1. Сабақты жуандатып өсіреді.   2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі.  3. Органикалық заттар қорға жиналады.  4. Су мен минералды заттар қозғалады.  5. Тін талшықтары орналасқан.  6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады.  7. Қабық пен сүректің арасында орналасады.  8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сабақ: 12

Тақырыбы: §13. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – сабақтың ұзынынан өсуіне себепші факторларды және оның жуандауына әсер ететін заттардың мәнісін түсіндіру;

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақ қандай қызмет атқарады? Сабақтың түрлерін атаңдар.

Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?

Өзек қандай қызмет атқарады? Қабық бөлімдерін, атқаратын қызметін талдаңдар.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі            

Сабақтың  бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан-жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байлансты.

Өсімдіктердің ішінде ең ұзын сабақ ротанг пальмасыныкі, биіктігі 200-300 м; шырша 60 м; қайың 30-35 м; үйеңкі 25 м; бамбук 20-25 м; банан 3-3,5 м; ең аласа сабақты өсімдіктерге  австралия орхидеясы (1-2 мм) мен вольфия (1-2 мм) жатады.

Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса (өсу нүктесі алынса), ұзарып өсуі тоқталады. Қолтық бүршіктерден бұтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс орындарындағы ағаштар мен бұталардың ұштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді. Жеміс ағаштарын гүлдейтін өркендері көбірек дамып, көп өнім беру үшін көктемде шырпиды. Бөлме өсімдіктерінің шырпу арқылы гүлдейтін өркендерін көбейтуге болады.

Сабақтың жуандап өсуі. Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір мауысымның ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді.

Ағаштағы бүршіктер мен жапырақтар зақымданбаса, камбий жасушалары да тез бөлінеді. Камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады. Ол жылдық шеңбер немесе жылдық қабат д.а.

Ағаш діңінің көлденең кесіндісіндегі жылдық жеңберден тіршілік жағдайының қолайлы немесе қолайсыз болғандығын аңғаруға болады: 1)жылына бір шеңбер түзілетіндіктен, жылдық щеңберге қарап өсімдіктің жасын анықтайды; 2)жылдық шеңбердің өсу қарқыны мен еніне жауын-шашын мөлшері, температура, жарық қатты әсер етеді. Егер жылдық шеңбердің ені жуан болса, ауа райы қолайлы, жіңішке болса қолайсыз болғанын көрсетеді; 3)кейде бір жылда түзілген жылдық шеңбердің жартысы жуан, жартысы жіңішке болады. Жылдық шеңберінің ені жарық мол түскен жағында жуан, аз түскен жағында жіңішке, 4)жылдық шеңберге қарап, оңтүстік пен солтүстікті анықтайды. Оңтүстікке қараған жағының шеңбері – жуан, солтүстік жағы жіңішке болып келеді.

Ағаштарда сабақ қалыптаса бастағанда-ақ тұтасқан камбийлі шеңбер түзіледі. Ағаш діңінің жуандауы камбий жасушаларының бөлінуіне байланысты.    

8-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Ағаш діңінің кесіндісіндегі жылдық шеңбермен жұмыс.

Мақсаты: Ағаш діңдерінің құрылысын қарап, жылдық шеңберлерін анықтап, олардың өсімдік үшін маңызын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.

Жұмыстың барысы:

1. Алдарыңда берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңдар. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңдар. Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын айырыңдар.

2. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңдер.

3. Көрген кесінділеріңді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңдар.

 Нәтижесі:

Cуретін сал



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Бір жылдық өсімдік

Екі жылдық өсімдік

Үш жылдық өсімдік

Көп жылдық өсімдік

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет