Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе


Жануарлардың мекен ортасына бейімделуі



бет11/17
Дата13.02.2017
өлшемі2,88 Mb.
#9336
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Жануарлардың мекен ортасына бейімделуі

 Барлық жануарлардың мекен ортасында қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік беретін, біртіндеп қалыптасып орныққан бейімділіктері болады. Мысалы, дүниетану пәнінен өздеріңе таныс көбелектердің бүркеніш реңі, қанқыздың сақтандырғыш реңі – олардың тіршілігін сақтайтын бейімділіктері.

Орта жағдайларына бейімделу жануарлардың құрылысынан да, тіршілік әрекетінен де анық көрінеді. Мысалы, жауы құйрығынан ұстағанда сұр кесірткенің құйрығы үзіліп қалады. Шоршып, жыбырлап жатқан құйрыққа жауы алданып, қайта ұмтылғанша кесіртке жасырынып та үлгіреді, әрі оның құйрығы біраз күнде қайта өсіп, қалыптасады.

Сол сияқты, тоқылдақтың үлкен басы, өткір, қашау тәрізді мықты тұмсығы ағаш діңін ұрғылап, қалың қабықтың астындағы зиянды бунақденелілердің (насекомдардың) дернәсілдерін тілімен алып жеуге бейімделген.

Жануарлар құрылысының мекен ортасы мен тіршілік әрекетіне сәйкес келетіндігі сонша, кейбіреуінің сыртқы түріне, бейнесіне қарап-ақ оның қандай ортада тіршілік ететінін, немен қоректенетінін, қалай қозғалатынын бірден біле аламыз

ІV. Бекіту.

Жануарлардың өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар?

Денесі екі жақты симметриялы жануарлардың денесі сәулелі симметриялы жануарлардан қандай артықшылығы бар?

Үй тапсырмасы. § 31 оқып, 58-суретті салып келу.

 

 



 

Сабақ: 30

Тақырыбы: ІV тарау. Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар

§ 32. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі



Сабақтың мақсаты: қарапайымдылардың тіршілік ету ортасы мен өзіндік ерекшеліктеріне жалпы сипаттама беру, олардың кейбір өкілдеріне тоқталып, бір-бірінің ұқсас және ерекше қасиеттерін атап көрсету; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасына жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі

Сабақтың әдісі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Жануарлардың өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар?

Денесі екі жақты симметриялы жануарлардың денесі сәулелі симметриялы жануарлардан қандай артықшылығы бар?

Жануарлардың тіршілік ортасы мен мекен ортасының арасындағы айырмашылықты мысалдар келтіріп түсіндіріңдер (суреттерді пайдалануға да болады).

Мекен ортасына бейімделудің жануар тіршілігінде қандай маңызы бар? (Мысал келтіріңдер.)

Бақаның аяқтары екі жұп. Артқы аяқтары ұзын, саусақтарының арасында жарғақ бар. Осы бейімділігіне қарап бақаның мекен ортасы туралы әңгімелеңдер.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


1.      Бір жасушалы жәндіктерге тән жалпы сипаттама

2.      Мекен ортасы және құрылысы

Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі.

Біржасушалы жәндіктер денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.

Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорыту, тынысалу, заталмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларында кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде (қанда, ішекте, бауырда және т. б.) паразиттік тіршілік ететіндері де бар. 

Жай көзге көрінбейтін қарапайым жәндіктердің бар екені ХVІІ ғасырға дейін ғылымда белгісіз болды. 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен голландиялық ғалым Антони ван Левенгук (1632-1723) аталық жыныс жасушасын зерттегеннен кейін ғана қарапайым жәндіктердің түрлері ашыла бастады.

Қазіргі кезеңде қарапайымдардың 70 мыңға жуық түрі белгілі.



Мекен ортасы және құрылысы. Ботаниктер біржасушалы өсімдіктерге, ал зоологтар біржасушалы жәндіктерге жатқызатын, өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік – жасыл эвглена. Эвглена денесі бір жасушадан тұратынын «біржасушалы» деген сөзден де аңғардыңдар. Ал жасушаның құрылысымен өсімдіктер бөлімде таныстыңдар. Дегенмен, эвглена жасушасының өзіндік ерекшеліктері бар: Жасуша цитоплазмасының сыртқы шет аймағы тығыздау болып өте жұқа жарғақша қабат түзеді. Осы жарғақша қабат цитоплазманың қалған сұйықтау ішкі бөлігін қоршап, оның жан-жаққа жайылып кетуіне мүмкіндік бермейтін қабық рөлін атқарады. Осымен байланысты жәндік денесінің пішіні өзгермейді, тұрақты болады. Жасушаның, яғни дененің артқы сүйірлеу жағында ядро жатады, ал алдыңғы доғал жағындағы ойыс – жұтқыншақтан цитоплазманың жіңішке созындысы – талшық шығып тұрады.

Эвглена жасушасының (денесінің) цитоплазмасында хлоропластар бар. Ал хлоропластарда жасыл пигмент – хлорофилл болады. Сондықтан жарықта жәндіктің түсі жасыл болады; жәндіктің жасыл эвглена атануы осыдан.

Жасушасында хлоропластар бар қарапайым жәндіктердің бірі – вольвокс.

Вольвокстар шағын тұщы суқоймаларда көбірек кездеседі. Жасыл эвгленадан ерекшелігі вольвокстың әрбір дарағы (особь) жеке емес шоғыр (колония) болып тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, вольвокстың бір түрінің шоғырында 500-1000 жасушаға дейін болады. Әр жасуша қабығының кілейгейленуінен қою іркілдек зат түзіліп, шоғырдың сыртын орайды. Мұның ең сыртқы қабаты тығыз тері қабатына айналып, шоғырдың ыдырамай берік болуын қамтамасыз етеді. Ал ішкі – орталық бөлігі онша тығыз емес, қоймалжың сұйық күйде болады. Жеке жасушалар сыртқы тері қабаты мен орталық сұйық бөліктің арасында бір-бірімен өте жіңішке цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысады. Шоғырдың пішіні шар тәрізді болады. Шоғырдағы әр жасушаның құрылысы жасыл эвгленаның құрылысымен ұқсас, ерекшелігі әрқайсысында екіден талшық болады. Бұл талшықтар шоғырдан сыртқа шығып тұрады.

Жасуша құрылысы бірдей және талшықтары болатындықтан эвглена мен вольвоксты талшықтылар деп те атайды.

Органикалық шіріндісі мол кішкентай жыралар мен шағын тұщы суқоймалардың түбінде еркін тіршілік ететін амебалар біржасушалылар ішіндегі құрылысы жағынан ең қарапайым жәндіктер.

Амеба протей– амебалардың ірі түрінің бірі. Қозғалып жүргенде дене тұрқы 0,5 миллиметрдей, жай көзге майда тамшыдай болып көрінеді. Микроскоппен қарағанда дененің (жасушаның) әр жерінде бірде пайда болып, бірде жоғалып тұратын өсінділер көзге түседі. 

Амеба денесін плазмолемма деп аталатын өте жұқа, серпімді жарғақша қабық (мембрана) қаптап тұрады. Жасуша ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалысы әсерінен жәндік денесінде ең алдымен іркілдек бүртік пайда болады. Ол бірте-бірте созылып, ұшы тұйық өскінге айналады. Бұл өскін жасушаның бір жерінде тұрақтамайды; ол жерден жоғалып, дененің басқа бір жерінде түзіліп, үнемі осылай өзгереді. Осымен байланысты амеба денесінің пішіні тұрақты болмайды, өзгеріп тұрады.

Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі – арцелла.

Арцелланың да төңкерілген тостағанша тәрізді бақалшағынан сыртқа шығатын дене бөлігі амеба тәрізді үнемі өзгереді. Біресе түзіліп, біресе жоғалып тұратын осы өсінділерді жалғанаяқтар дейді. Бұл аяқтардың пішіні өсімдік тамырына ұқсас болғандықтан, амеба мен арцелла тамыраяқтылар тобына біріктіріледі.

Кірпікшелі кебісшенің  пішіні кебіске ұқсайды. Дене тұрқы 0,2 миллиметрдей, алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір болады. Дене пішіні тұрақты. Сыртында жалпы саны 2000-2500-ге жуық ұсақ, қысқа кірпікшелер шығып тұрады.

Цитоплазмада жасуша дамуының әр түрлі кезеңдерінде белгілі бір қызмет атқаратын көптеген денешіктер (органоидтар) болады. Органоидтар – жасуша цитоплазмасының аса маңызды және тұрақты құрамдас бөлігі. Эвгленаның, вольвокстың талшығы, кебісшенің кірпікшелері осындай органоидтарға жатады.

Жасуша тіршілігін қамтамасыз ететін (мысалы, көбейіп жаңаруын, қуат шығаратын, нәруыз синтезін, т.б.) күрделі құрылысты басқа да органоидтар көп. Олармен жоғары сыныптарда танысасың дар.

Цитоплазмада тұрақсыз құрылымдар болады. Бұл тұрақсыз қосындылар – түйіршіктер (мысалы, пигменттер, нәруыз түйіршіктері) немесе сұйық түрінде (вакуольдер) болуы мүмкін. Бұл қосындылардың органоидтардан ерекшелігі, олар жасуша тіршілігі бойында бірде түзіліп, бірде жойылып жатады. Сондықтан оларды тұрақсыз қосындылар дейді.

Жасуша мембранасы жасушаны тек қаптап, қоршап, қорғап қана қоймайды, ішіндегі қажетті заттар мөлшерін реттеуге (сырттан ішке таңдап өткізу, артығын сыртқа шығару) және зиянды заттардан тазартуға қатысады.

Сонымен, мембрана жасуша бөліктерін біріктіріп ұстайды. Цитоплазма бүкіл тіршілік үрдістерін үйлестіріп, жасуша тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды орта болып табылады екен.



Қозғалуы. Эвгленаның талшығы өте жіңішке болғанымен, сырты цитоплазманың тығыз, жұмсақ, жұқа қабығымен қапталған. Іші цитоплазмаға толы және жасушадағы цитоплазмамен қатынасады. Ал цитоплазма іркілдек, үнемі қозғалыста болатындықтан, оның толқыны сатылап, талшық ішіндегі цитоплазманы да толқытады. Осы толқыннан бүкіл талшық ирелеңдеп, кейде бұрғы тәрізді бұралып, үздіксіз қозғалыста болады. Талшықтың су ішіндегі осындай толқынды қозғалысы эвгленаның орын ауыстырып, әр түрлі бағытта жүзуін қамтамасыз етеді. Сонымен эвглена талшық арқылы қозғалады.

Амеба мен арцелла жасушасының әр жерінде уақытша пайда болатын жалғанаяқтары да осы жәндіктердің қозғалу мүшелері болып табылады.

Кірпікшелі кебісшенің кірпікшелері де денедегі цитоплазманың өсінділері екені айтылды. Бұл кірпікшелер цитоплазманың толқынды қозғалуынан біркелкі ырғақпен сәл қиыс толқиды. Олардың үйлесімді толқуы кірпікшелі кебісшенің ілгері, кейін, жан-жаққа бұрылып жылжуын қамтамасыз етеді.

Тітіркенгіштігі. Кез келген тіршілік иесі сияқты біржасушалы қарапайымдар сыртқы ортадан өз тіршілігіне қолайлы қажетті жағдайлардың немесе қолайсыз қауіпті жағдайлардың әсеріне белгілі бір әрекет арқылы жауап береді. Мысалы, пішен бактериялары көп жиналған сулы ортада суға ерітінді түрінде ерекше заттар бөледі. Осы маңайға таяп келген кірпікшелі кебісшеге сол ерітінді әсер етеді де, ол бактериялар көп жиналған жерді оңай табады. Кебісше пішен бактерияларымен қоректенеді.

Ғалымдар қарапайымдар өсірілген су тамшысын заттық шыныға және оның қасына таза тұщы су тамшысын тамызған. Қарапайымдары бар тамшының ішіне бір түйір ас тұзын салып, екі тамшының арасын су жолағымен қосқан. Ұлғайтқыш әйнекпен бақылағанда қарапайымдардың тұз салынған тамшыдан таза су тамшысына өтіп жатқанын байқаған.

Сөйтіп қарапайымдарға тұз ерітіндісі қауіпті болғандықтан, олар таза су тамшысына қаша бастаған.

Тек қарапайымдар ғана емес, кез келген жануардың сыртқы ортада болатын түрлі әсерге белгілі бір әрекет түрінде жауап беруін тітіркенгіштік дейді. Осы қасиеті арқылы қарапайымдар өз тіршілігін сақтай алады.

 

ІV. Бекіту.

Жәндіктердің денесі бір ғана жасушадан тұрады екен; яғни, бір жасуша – бір ағза. Жасушаның құрылымдық үш бөлігінің – жұқа жарғақ қабықшаның, оның ішіндегі іркілдек қоймалжың зат – цитоплазманың және ядроның – бір-бірімен тығыз байланыста үздіксіз жұмыс істеуі осы ағзаның (жасушаның) тіршілігін қамтамасыз етеді.

Біржасушалы қарапайымдар ғылымда қашан және қандай жағдайда белгілі болды?

Біржасушалылар табиғатта қай жерлерде көп таралған? Олардың қандай түрлері бар?

Біржасушалылар құрылысында, тіршілігінде бәріне ортақ қандай белгілері бар?

Біржасушалылар түрлерінің бір-бірінен ерекшеліктері қандай? Олар өз ішінде қандай топтарға жіктеледі?

Кірпікшелі кебісшенің тұзды ортадан қашуы нені көрсетеді?

16-зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуы

Мақсаты: Бір жасушалы жәндік – кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуын бақылау.

Құрал-жабдықтар: ішінде кірпікшелі кебісшелер бар сынауық, сапты үлкейткіш әйнек, микроскоп, тамызғы, заттық жабын шынылар, мақта.

Жұмыстың барысы:

1. Сынауықты алып, ішіндегі суды мұқият қараңдар. Кірпікшелі кебісшелер көріне ме? Көрінсе сынауықтың қай жағында олар көбірек?

2. Тамызғымен ішінде кебісшелер бар судан алып заттық шыныға бір тамшысын тамызыңдар да, үлкейткіш әйнектің үстелшесіне орналастырыңдар. Әйнекпен мұқият қарап, тамшыда қанша кебісше жүргенін, дене пішінін, қалай қозғалатынын, денесінің алдыңғы жағының артқы жағынан айырмашылығын анықтаңдар.

3. Заттық шыныдағы тамшыға 3-4 мақта талшығын салып, жабын шынымен жабыңдар. Микроскоптың үстелшесіне қойып, айнасымен жарық түсіріңдер. Кіші ұлғайтқышпен тамшыны зерделеңдер. Оқулықтағы суретті пайдаланып қандай органоидтарды көруге болатынын ойланып, соларды мұқият қарап іздеңдер. Нені көргендеріңді жазыңдар.

4. Заттық шыныдағы тамшыға мақта талшықтарын салғанда екі талшық арасында бір-екі кебісше жүрген жерді микроскоппен көретіндей етіп препаратты орналастырыңдар. Күштірек ұлғайтатын окуляр мен объективті қойып, бұрандалар арқылы анық көрінетін етіңдер. Қандай органоидтар қалай көрінді, қысқаша жазыңдар.

5. Көргендеріңнің суретін салып, әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңдер.

 Нәтижесі:    

Кірпікшелі кебісше

6

 




7

 




5

 




4

 




3

 




2

 




1

 




1.____________________________________

______________________________________

2.____________________________________

______________________________________

3.____________________________________

______________________________________

4.____________________________________

______________________________________

5.____________________________________

______________________________________

6.____________________________________

______________________________________

7.____________________________________

______________________________________



 

Қорытынды:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үй тапсырмасы. § 32 оқып, 63, 65-суреттері салу.

 

 



 

 

Сабақ: 31



Тақырыбы: § 33. Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері

Сабақтың мақсаты: біржасушалы ағзаларға тән: қоректеу, көбею, тыныс алу, сыртқа шығару қаситеттеріне сипатама бере отырып, өкілдеріндегі өзіндік ерекшеліктерін, сыртқы ортаға бейімделу дәрежесі жайлы білімдерін кеңейту; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасына жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Біржасушалы қарапайымдар ғылымда қашан және қандай жағдайда белгілі болды?

Біржасушалылар табиғатта қай жерлерде көп таралған? Олардың қандай түрлері бар?

Біржасушалылар құрылысында, тіршілігінде бәріне ортақ қандай белгілері бар?

Біржасушалылар түрлерінің бір-бірінен ерекшеліктері қандай? Олар өз ішінде қандай топтарға жіктеледі?

Біржасушалылар түрлерінің орын ауыстырып қозғалу ерекшеліктерін түсіндіріңдер.

Кірпікшелі кебісшенің тұзды ортадан қашуы нені көрсетеді?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


1.      Біржасушалылардың қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі

2.      Зиянды қалдық заттардың сыртқа шығарылуы

3.      Қарапайымдардың тіршілігін сақтауға бейімделуі.

 

Қоректенуі. Біржасушалылар негізінен дайын органикалық заттармен (нәруыз, көмірсулар және май тәрізді заттар) қоректенеді. Сондай-ақ олардың ішінде фотосинтез тәсілімен де қоректенетіндері бар.

Эвгленаның құрылысын тағы бір шолып, «Ол фотосинтез тәсілімен қоректене ала ма? Оны неден білуге болады?» деген сұраққа ойланып жауап беріңдер.

Жарық жоқ көлеңке немесе қараңғы жерлерде эвгленаның жасыл түсі жойылады. Ол жануар тәрізді дайын органикалық заттармен қоректенеді. Ол органикалық заттардың түйіршіктерін жұтпайды. Заттардың судағы ерітінділерін цитоплазманың сыртқы тығыздалған жарғақшасы арқылы сіңіреді.



Амеба жалған аяқтарымен қоректі (мысалы, бактерияларды) қоршап, орап алады. Одан соң қорек жасуша қабықшасы арқылы цитоплазмаға түседі. Цитоплазма оны қоршап алады. Сондықтан оны асқорыту вакуолі дейді. Ас осы көпіршік тәрізді қоршауда қорытылады. Себебі қоректің қорытылып, жасушаның өз затының жасалуы осы вакуольдің ішінде жүреді. Нәрлі зат жасуша цитоплазмасына тарап тіршілік қажетіне жұмсалады. Ал кірпікшелі кебісше денесінің алдыңғы жағында ортасына қарай аузы болады. Оған қысқа түтікше тәрізді жұтқыншақ жалғасады. Кебісшенің ауызы жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ғана ойық. Осы ойық арқылы қорек жасушаға тез өтеді. Сондықтан оны жасушалық ауыз дейді. Ауыз төңірегіндегі көптеген кірпікшелер үнемі қозғалып, су ағынын туғызады. Ағынмен келген қорек ауыз арқылы жұтқыншаққа түсіп, одан цитоплазмаға өтеді. Цитоплазмадан асқорыту сөлі бөлініп, қоректі қоршайды. Бұдан көпіршік түрінде асқорыту вакуолі түзіледі. Онда ас қорытылады.

Вакуольдің ішінде сөлдің әсерімен қоректің күрделі органикалық заттары (нәруыздар, майлар, көмірсулар) ыдырап, жай заттар пайда болады. Олардың ерітіндісі сорылып, қайтадан цитоплазмаға өтеді. Мұнда жәндік жасушасының өзіне тән нәруыз, май, көмірсулары тәрізді органикалық заттар түзіліп, ағзаның тіршілігіне жұмсалады.



Тыныс алуы. Біржасушалы қарапайымдар суда еріген оттегімен тыныс алады. Ол жасуша цитоплазмасына қабықша арқылы өтеді. Оттегінің әсерімен күрделі органикалық заттар (астың қорытылуы) жай заттарға ыдырайды. Мұның нәтижесінде қуат (энергия) бөлініп шығады. Ол ағзаның тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.

Зиянды қалдық заттардың сыртқа шығарылуы

Біржасушалы қарапайымдардың цитоплазмасында бір-екі жиырылғыш вакуольдер болады. Бұл вакуольдерде зиянды қалдық заттардың ерітіндісі жиналады. Вакуоль осындай ерітіндіге толған соң жасуша жарғақшасына жылжып келеді де жиырылады. Сол арқылы ішіндегі ерітінді сыртқа шығады. Біржасушалылардың қабықшасы арқылы цитоплазмаға сырттан үнемі өтіп келетін судың артық мөлшері де жиырылғыш вакуольдер арқылы сыртқа бөлінеді. Жасушада түзілген көмірқышқыл газы дененің қабықшасы арқылы тікелей сыртқа шығарылады.



Көбеюі. Біржасушалылардың көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею жәндік жасушасының екіге тең бөлінуі арқылы жүреді. Мысалы, эвглена мен амебада ядро екіге бөлінеді. Бөлінгеннен пайда болған ядролар жасушаның екі жағына барып орналасады. Тек осыдан соң ғана жасуша бөліне бастайды. Эвгленаның бұрынғы талшығының қатарында екінші талшық өсіп шығады. Сөйтіп ұзынынан тік бөлінудің нәтижесінде екі жас эвглена пайда болады. Амеба да дәл осылай бөлінеді. Тек онда бөліну процесі көлденеңінен жүреді. 

Кірпікшелі кебісше (инфузория-туфелька) жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюге кіші ядро қатысады. Ең алдымен кіші ядро бөлініп, дененің алдыңғы және артқы жағына ажырап орналасады. Одан соң үлкен ядро бөлінеді. Соңында жасуша ортасынан бунақталып, екіге ажырайды да, екі жас кебісше пайда болады.

Пайда болған екі жас кірпікшелі кебісшенің әрқайсысында жетіспейтін органоидтары, яғни аузы, кірпікшелердің біраз бөлігі жиырылғыш вакуольдің біреуі және тағы басқалары жаңадан түзіледі.

Кірпікшелі кебісше жынысты жолмен көбейгенде екі кірпікшелі кебісше ауыз саңылауы жағымен түйісіп, біраз жүреді. Осы кезеңде әр кебісшенің кіші ядросы екіге бөлініп, екі кіші ядро түзеді. Үлкен ядро еріп, жойылып кетеді. Бір кебісшенің жаңадан пайда болған кіші ядролар сыңары екіншісінің кіші ядросының сыңарымен қосылып, осы кебісше цитоплазмасында, ал қалған сыңарлары қосылған күйі екінші кебісшенің цитоплазмасында қалады. Екі кебісше осылай кіші ядроларын алмастырған соң айырылады. Әрқайсысының денесінде үлкен ядро қайта түзіледі. Ядроның жаңаруы кебісшенің тіршілігін жалғастыра түсуге мүмкіндік береді.

Қарапайымдардың тіршілігін сақтауға бейімделуі. Судың температурасы төмендеген немесе су қоймасының суы кеуіп, құрғап кеткен жағдайларда эвглена талшығын тастап, амеба мен кебісше қозғалысын тоқтатады да денелері жұмырланады. Сыртын қалың қабық қаптайды, сөйтіп тыныштық күйге көшеді. Қолайсыз жағдайлардан қорғайтын бұл қабықшаны циста дейді (грекше: «цистис» – қаптама). Цистаға оранып жатқан кезде олар желмен ұшып немесе басқа жануарлардың денесіне жабысып таралады. Қолайлы жағдай туғанда жәндік цистадан шығып, тіршілігін одан әрі жалғастырады.

Сонымен, біржасушалы қарапайымдар құрылысы, тіршілігі жағынан өсімдік жасушасынан гөрі күрделірек боп дамыған тіршілік иелері екен. Бұған жәндік жасушасындағы (денесіндегі) асқорыту вакуольдері, қорек өткізетін, оны жұтатын ауыз, жұтқыншақ (мысалы, кебісшеде), арнайы қозғалу органоидтары (жалғанаяқтар, талшықтар, кірпікшелер), т.с.с. түзілімдердің болуы дәлел. Ал өсімдіктердің қалай қозғалып, қоректенетінін өздерің еске түсіріп, салыстырыңдар.

Дегенмен, жасушаның негізгі құрам бөліктері (мембрана, цитоплазма, ядро, т.б.) өсімдік жасушасына да, жәндік жасушасына да тән; тіпті кейбір жәндіктердің жасушасында хлоропластар болып, жасыл өсімдікше қоректенуі бұл ағзалардың тектестігін көрсетеді. Мысалы, жасыл балдырлар мен жасыл эвглена, вольвокстың жақындағы сондай, кейде ғалымдарға оларды айырып, «Мынау – өсімдік», «Мынау – жануар» деп анықтау едәуір қиын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет