Оқушылар сабақтың соңында: сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты (=, >, <) анықтауды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін
анықтау мақсатында мынадай сұрақтарды қойыңыз:
— өрнектерді салыстыру нәтижесін қалай жазуға болады? (Теңдік немесе теңсіздік түрінде.)
— Санды өрнектердің мәнін салыстыр және оның түрін анықта:
6 + 8 * 9 + 4;
17 – 3 * 14 + 2;
28 – 4 * 20 + 4.
— Кәмила бір пакетке 2 кг алмұрт және 3 кг өрік, ал екіншісіне 4 кг алма және 1 кг шие салды. Қай пакет ауыр?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша өзін-өзі бағалатыңыз.
|