Сабақ тақырыбы: Шамалар. Уақытты бағдарлау Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру Мектеп


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру



бет14/57
Дата01.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130437
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Байланысты:
null-1

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларды тірек сөздерді есте сақтауға жаттықтыру үшін ойын ұйымдастырыңыз. Сынып оқушыларын төрт не алты адамнан тұратын топқа бөліңіз. Жүргізушінің “Теңдіктер!” деген бұйрығы бойынша оқушылар бірдей топтарға бөлінуі керек. Мысалы, сыныптағы оқушылардың санына байланысты 2 және 2 немесе 3 және 3 деп бөлініп тұруын ұсыныңыз. Жүргізушінің “Теңсіздіктер!” деген бұйрығы бойынша оқушылар саны әртүрлі топтарға бөлінуі керек. Мысалы, егер топта 4 адам­ нан болса, оқушылар 1 және 3 адамнан бөлінеді­. Егер топта 6 адамнан болса, онда 2 және 4, 1 және 5 адамнан бөлінеді.

Cуреттен теңдіктерді тап. Оқушылар тең­ сіздіктер бейнеленген суретті таңдап алып, суреттің жанындағы дөңгелектерді кез келген түспен бояйды. Теңдік болатын суреттің жанына тиісті теңдіктерді жазу керек.
Жауабы:
а) теңдік 2 = 2; ә) теңсіздік 3 ≠ 4; б) теңдік 4 = 4.
Белгілерді қой. Тапсыр­маның­ мақсаты — а) және ә) көлемді фигуралар тобының жұптарын салыстыру. Олардың­ арасына теңдік немесе теңсіздік белгілерін қою. Суреттің астына тиісті өрнекті жазады­.
б) және в) тапсырмасының екінші бөлігі деңгейлік­ тапсырмаға жатады. Білім деңгейі жоғары оқушылар теңдік пен теңсіздікті кеңестік фигуралардың­ көмегі­­ мен өз бетінше құрастыру керек. Фигуралар тобының­ арасына теңдік немесе теңсіздік белгілері­нің­ тиістісін қойып жазу көзделеді.
Жауабы:
а) 8 = 8; ә) 5 ≠ 6.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында теңдік пен теңсіздікті ажыратып үйренеді.

Оқушылардың берілген тақырып бойынша алған білімінің деңгейін анықтау мақсатында оларға төмен­ дегі сұрақтарды қойыңыз:

— теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? (“=”)

— Теңсіздікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз?­ (“≠”)

— Азаматтың 3 қызыл мәшинесі, ал Серіктің 4 жасыл мәшинесі бар. Теңсіздік құрып жаз. (Теңсіздік: 3≠4.)

— Гүлмираның жануарлар туралы 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар.

Берілген деректерге сүйеніп теңдік немесе теңсіздік құрастыр. (Теңдік: 5 = 5.)

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өзін-өзі бағалатыңыз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет