Сабақ тақырыбы: Шамалар. Уақытты бағдарлау Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру Мектеп


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру



бет10/57
Дата01.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130437
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Байланысты:
null-1

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Апта күндерінің атауын есте сақтап қалуы үшін оқушылармен “Үндемес” ойынын жүргізіңіз. Алдымен­ оқушыларға ойынның шартын түсін­ діріңіз. Ойынды бастамас бұрын 1-ден 7-ге дейінгі­ аралықтағы сандар жазылған парақшаларды тақтаға­ іліп қойыңыз немесе интерактивті тақтада көр­ сетіңіз. Әрбір сан апта күндерінің ретін білдіретінін айтыңыз. Мысалы: 1 — аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбі. 2 — аптаның екінші күні, яғни сейсенбі. 3 — аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбі. 4 — аптаның төртінші күні, яғни бейсенбі. 5 — аптаның бесінші күні, яғни жұма. 6 — аптаның алтыншы күні, яғни сенбі. 7 — аптаның жетінші күні, яғни жексенбі. Кез келген 1-ден 7-ге дейінгі санның біреуін көрсетесіз. Олар сол санға сәйкес келетін күн атауын атайды.

Мозаика құрастыр. Бұл тапсырма қалыптас­­ тырушы­ бағалау мен жаңа сабақ тақырыбын меңге­ру­ деңгейін анықтауға арналған. Оқушылар пазлдарда апта күндерінің атауын жазып, күндердің ретін жалғастыру керек: жексенбіден кейін — бір бағытта; дүйсенбіге дейін — басқа бағытта.

Сен қай күні қандай үйірмеге қатысасың?
Оқушылар кестеге өздері апта ішінде қатысатын үйірме­ аттарын жазып толтырады. Берілген тап­ сырманы саралау бағытында дамыту үшін тек қана үйірме аттарын жазып қоймай, басталатын уақытын да жазуды сұраңыз. Толтырылған үйірме кестесін жұмыс дәптерінен кесіп алып, өз бөлмесіне іліп қоюына болады.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:апта 7 тәуліктен тұратын уақыт аралығы екенін түсінеді;апта күндерінің ретін біледі.

Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру­ деңгейін тексеру үшін сұрақтар қоюыңызға болады:

— бір аптада неше күн бар?

— Бүгін аптаның қай күні?

— Сендер аптаның қай күнінде сабаққа келе­сің­ дер?

— Сейсенбі аптаның нешінші күні?

— Дүйсенбіден кейін қай күн келеді?

— Жексенбінің алдында қай күн?

— Арғы күн қай күн болады?

— Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай іс-әрекет­­ тердің ұзақтығын тәулікпен емес, аптамен өлшеуге­ болады? Неге?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.


Оқу ісінің меңгерушісі: ___________






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет