Оқушылар сабақ соңында:сағатқа қарап уақытты анықтауды және оны сағат тілдерімен көрсетуді үйренеді;
іс-әрекеттің минут немесе сағат жағынан ұзақ тығын анықтауды үйренеді;
сағат пен минут арасындағы қатынасты біледі.
Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру дәреже сін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоюыңызға болады:
— уақытты не үшін өлшейміз?
— Уақытты қандай құралдардың көмегімен өлшеуге болады? Олар неден тұрады?
— Сендер қалай ойлайсыңдар, сағатсыз уақытты анықтауға бола ма? Қалай?
— Кейде анаң: “Бір минут күте тұр”, — деп айтады. Қалай ойлайсыңдар, анаң нені айтпақшы болды?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын ша өзін-өзі бағалатыңыз.
|