Тірек сөздер арқылы оқушылардың матема тикалық тілді сауатты қолдануын тексеретін ойын ойнатыңыз. Ол үшін оқушыларды кілем үстіне айналдыра отырғызыңыз. Ойынға барлығы қаты сады. Оқушылар 1 минут ішінде түймелерді санап, оларды бір құмырадан екінші құмыраға салуы тиіс. Ойынды барлық оқушы бір уақытта бастайды. Сіз қоңырау соғып, уақыттың басталғанын айтыңыз. Ал әр оқушы 1 минуттың өткенін шамалап тапсырманы аяқтауы шарт. Оқушылар аяқтаған соң қолын жоғары көтереді, ал сіз әр оқушының уақытын жазып отырасыз. Осылайша барлығы орындап біткенше күтесіз. Содан соң оқушылардың қайсысының дұрыс орындағанын айтасыз. Осы жұмыстан соң тірек сөздер жазылған парақшаларды “Сөздер тақтасына” орналастырыңыз.
|
Өзіңді тексер. Оқушылар 1 минутта жұмыс дәптеріндегі гүлдер мен доптардың нешеуін бояп шығатынын анықтайды. Қыздар гүлдерді, ал ұлдар доптарды таңдап алуы мүмкін. Осы тапсырманы орын дай отырып, оқушылар минут — белгілі бір уақыт аралығы деген түсінікті бекіте алады, яғни минуттың ұзақтығын сезіне алады. Бұл тапсырма оқушыларды ұқыптылыққа және жылдам орындауға баулиды. Тапсырманы орындап болған соң нәтижесін білу үшін оқушыларға сұрақтар қойыңыз:
— 1 минутта неше гүлді (допты) бояй алдың?
— Қалай ойлайсың, егер көлемі үлкен болса, сен гүлдер мен доптарды көбірек бояй аласың ба? Неге?
|