Апта — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. “Апта” сөзі парсы тілінен аударғанда “жеті” деген мағына береді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданады.
Кіріспе тапсырма. Сабақтың бас кезінде оқушылардың тақырып туралы қандай білімдері бар екенін анықтап алу қажет. Бұл тақырыпты әрі қарай дамыту үшін керек. Әңгімелесу барысында оқушылардың апта күндерінің атауы мен ретін білетінін анықтап алыңыз. Содан соң апта күндерінің ретін (егер оқушылар білмесе) айтыңыз немесе (егер оқушылар білсе) қайталатыңыз. Ол үшін мынадай ойын өткізіңіз. Оқушыларды ортаға шығарып, үлкен бір шеңберге тұрғызыңыз. Оқушыларға апта күндерінің атаулары жазылған парақшаларды таратып шығыңыз. Содан соң оқушылардан жеті-жетіден топқа (сөздер қайталанбайтындай етіп) бөлінуін сұраңыз. Осы жеті күнді бір сөзбен апта деп атайтынын айтыңыз. Әр күннің өз атауы бар. Өз топтарында оқушылардың ретімен тұруын сұраңыз: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Апта күндерінің атауын ретімен бірнеше рет қайталап, әр айтқан сайын алдыңғысынан тезірек айтуын сұраңыз. Апта
күндерінің атауын және ретін есте сақтағаннан кейін бір апта келесі аптаны ауыстыратындай етіп, бір шеңберге тұруын сұраңыз. Апта күндерінің атауы бойынша жеті оқушыны тұрғызғаннан кейін сұрақ қойыңыз: “Жексенбіден кейін қай күн келеді?” . Содан кейін келесі аптаны тұрғызыңыз. Осылайша, барлық топпен жұмыс жасаңыз. Шын өмірде уақыт тың бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста бола тынын, тәуліктен кейін тәулік келетінін, олардың апта құрайтынын, аптадан кейін апта келетінін түсіндіріңіз. Егер сыныптағы оқушылардың саны жетіге жетпесе, онда басқа топтың оқушыларымен ауыстырып, оларға апта күндерінің атауы жазылған парақшаларды үлестіріп беруге болады. Сабақтың тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалармен бекітіңіз.
Бәйге. Бұл тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы сабақтың басында жалпы лама түрде немесе сабақтың соңында оқушыларды жұптастырып орындатуыңызға болады.
Жауабы:
7 күн.
Сабақ кестесіне байланысты.
Бейсенбі.
Жеті күн, яғни 1 апта.
Үш күн өткен соң.
Шығарып көр. Тапсырманы жұппен оқи отырып, апта күндерінің ретін еске түсіреді. Күндерді қоса отырып, өзіне қажетті апта күнін тауып үйре неді. Әркімнің сабақтан тыс қандай үйірмелерге қатысатыны туралы сұраңыз.
Жауабы:
домбыра үйірмесі бейсенбі күні болады.
|
Отбасылық демалыс. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы талдау және орындау барысында 1 аптада 7 күн бар деген қорытынды жасайды.
Жауабы:
14 күн.
Орындап көр. Тапсырмада оқушылар дүкен ге бару кестесін құрады. Шарты: дүкенге күнара бару керек. Жұмысты 4 оқушыдан тұратын топпен ұйымдастырыңыз. Оқушылар еш қиындықсыз кесте құра алады. Бірақ тапсырманы орындау барысында апта күндерінің саны тақ екенін түсінуі, сондықтан бір аптаның кестесі келесі аптаға сәйкес келмейді деген тұжырымға келуі тиіс. Егер сынып дайын болса, онда оларға 3-4 аптаға дейін жалғастыруды ұсыныңыз. Осылайша оқушылардың дүкенге бару кестесі бір аптадан кейін қайталанады деген тұжырымға келу мүмкіндігі пайда болады, яғни бірінші аптаның кестесі үшінші, бесінші және т. б. аптаға сәйкес келеді. Екінші аптаның кестесі төртінші, алтыншы және т.б. аптаға сәйкес келеді. Неге бұлай болып жатқанын түсіндіріп беруді сұраңыз. Оқушылар екі аптада 14 күн барын ойлап табуы мүмкін, ал бұл — жұп сан.
Ертегілер оқу. Берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыныңыз. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді.
Ойлан. Бұл тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындатуыңызға болады. Бұл апта күндерінің ретін, атауын еске сақтауға және 1 апта ішіндегі уақытты тәулікпен санау дағдысын бекітеді.
Жауабы:
жексенбі.
|