Сабаққа қатысты деректі материалдар
Математикада “=” таңбасы мәні бірдей өрнек тердің немесе сандардың арасында қойылады. “≠” таңбасы, яғни теңсіздік белгісі мәні тең емес теңдіктерді белгілеуде қолданылады.
— Оны қалай жазуға болады?
Тепе-теңдік математикада “теңдік” деп атала тынын айтыңыз. Теңдікті жазу үшін “ = ” (тең) математикалық белгісі пайдаланылады. Нәтижесі 3 = 3 түрінде жазылады да, оқуда “үш тең үш” деп оқылады. Көрсетілімді жалғастырыңыз. Енді таразының бір табақшасына үш монета салыңыз. Оқушылардың біреуіне қапшықтан бір уыс монета алып, таразының екінші табақшасына салуын сұраңыз. Содан кейін оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Сендер не байқадыңдар?
— Таразы басы тең бе?
— Таразының бір табақшасы екіншісінен неге тө мен түсті?
— Қалай ойлайсыңдар? Осы көріністі қалай жа зып көрсетуге болады?
Оқушылардың жауабын тыңдап, теңдік болмайтын жағдайды математикада “теңсіздік” деп атайтынын хабарлаңыз. Теңсіздікті жазу үшін “≠” (тең емес) белгісі пайдаланылады. Нәтижесі былай жазылады: 3 ≠ 5 және “3 тең емес 5-ке” деп оқылады.
Қораптағы кәмпит санын салыстыр. Оқу шыларға суреттің әр қорабындағы кәмпит санын салыстыруды ұсыныңыз. Ол үшін бірге бір сәйкес тендіру әдісін пайдаланыңыз. Оқушылардан екі қораптағы кәмпиттер санының тең әлде тең емес екенін анықтауға ұсыныс жасаңыз. Оқушылардан неге олай ойлайтынын сұраңыз. Оларға теңсіздіктерді ламинатталған парақтарға жазып, жұмыс нәтижесін сыныпқа көрсетуді ұсыныңыз.
Жауабы:
5 ≠ 7.
Теңдік пе, әлде теңсіздік пе? Жұптық жұмыс. Оқушылардан ауызша жауабын ламинатталған қа ғазға жазып көрсетуді сұраңыз. Олар жазған жауа бын жоғары көтеріп, мұғалімге көрсетеді. Мұғалім осылайша кімге көмек қажет екенін анықтай алады.
Кіріспе тапсырма. Топтағы зерттеу жұмысы. Әр топта табақшалы таразы және құны және массасы бірдей тиындар болуы шарт. Егер әр топты таразымен қамтамасыз ету мүмкін болмаса, көрсетіліммен шектеліңіз.
Таразының әр табақшасына үш монетадан салы ңыз. Оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:
— Таразы қандай жағдайда тұр? Жауабы:
а) 5 = 5; ә) 6 ≠ 9.
|