Оқу мақсаты:
|
теңдікті және теңсіздікті, теңдеуді біледі; тура және тура емес теңдікті ажырата алады;
“=”, “≠”, “>”, “<”, “+”, “-” таңбаларын қолдана алады.
|
Ортасында қандай белгі тұрғанына байланысты санды теңсіздіктердің мәнін екі түрде көрсетуге болады. Егер екі санды өрнектің бірінің мәні екін шісінен артық немесе кем болса, берілген өрнек теңсіздік болады да, олардың арасына “>” немесе “<” таңбасы қойылады. Егер екі өрнектің мәндері бірдей болса, онда олар теңдік деп аталып, өрнектердің ара сына “=” таңбасы қойылады. “≠” таңбасын теңсіздіктің екі бөлігін салыстыруға пайдалануға болады, бірақ біз нақтырақ нәтиже алу үшін “>” немесе “<” таңбалары арқылы салыстырып түрлендіреміз.
Кіріспе тапсырма. Оқушыларды топқа бөліңіз. Оларға мынадай ойын ұсыныңыз. Санды өрнектер және салыстыру белгілері бар парақшаларды дайын дап қойыңыз. Санды өрнектер жазылған парақша ларды шеңбер бойымен орналастырыңыз. Шеңбердің ортасына нұсқар тілді орнатыңыз. Оқушылар нұсқар тілді 2 рет айналдырып, қандай санды өрнектерді салыстыратынын анықтап алады. Олар осы мақсатта салыстыру белгілері бар парақшаларды пайдаланады Мысалы, егер оқушыларға 17 + 2; 18 – 4 парақшалары түссе, ол мына үлгіде салыстырылады: 17 + 2 > 18 – 4.
Егер 15 – 3; 10 + 2 өрнектері бар парақшалар түссе, олар былай салыстырып жазады: 15 – 3 = 10 + 2.
Барлық оқушылар өрнектері бар парақша жұп тарын алып, салыстырған соң бір-бірінің жұмыстарын тексереді.
Құрастырған өрнектердің қалай аталатынын сұра ңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Өрнектерді салыстыру нәтижесін теңдік немесе теңсіздік түрінде жазуға болады.
Оқушыларға құрастырған өрнектерін қайтадан оқып, олардың теңдік не теңсіздік екенін анықтауды сұраңыз.
Саябақта. Оқулықта бейнеленген сурет бойын ша велосипедтегі және шанадағы балалардың санын анықтап салыстыруды тапсырыңыз. Оқушылар тек балалардың санын ғана салыстырып қоймай, бөліктермен қоса санайды. Мысалы, үш бала болды, тағы төрт бала келді немесе жеті бала болды, төрт бала кетіп қалды. Оқушыларға сурет бойынша шағын мәтін құрастыруды тапсырыңыз. Бұл жұмыс түрі есеп шығаруға дайындық болады. Оқушыларға санды теңсіздіктерді салыстырып, оларды ажыраттырыңыз.
Жауабы:
а) 1 + 4 < 3 + 4 — бұл теңсіздік; ә) 5 – 2 < 7 – 3 — бұл теңсіздік; б) 5 – 3 = 7 – 5 — бұл теңдік.
|
Шығарып көр. Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Санды өрнектерді салыстырып, оларды қандай 3 топқа бөлуге болатынын сұраңыз.
Оқушыларға бұл тапсырманы қалай орындайтынын айтуға мүмкіндік беріңіз. Мысалы, олар оны бірінен кейін бірі жалғастырып орындауы немесе барлық тапсырманы жеке орындауы мүмкін. Өзара тексеру жасауға мүмкіндік беріңіз.
Жауабы:
үш қате:
20 + 40 = 70 – 30;
15 – 3 ≠ 16 – 4;
11 + 0 = 14 – 0.
Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Сурет бойынша саябақ жолдарының сызбасы қан дай геометриялық фигуралар беретінін айту керек. Санды теңсіздік құрастырып, берілген жолдардың ұзындығын салыстыруды тапсырыңыз.
Жауабы:
20 дм + 20 дм + 20 дм + 20 дм< 30 дм + 30 дм+ + 30 дм; 80 дм < 90 дм.
Ойлан. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Бірнеше амалдармен берілген санды өрнектерді салыстыру тәсілін табуды ұсыныңыз. Оқушылардың топта ақылдасуына мүмкіндік беріңіз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз.
Екі амалмен берілген санды өрнектердің мәнін есептеу міндетті емес. Салыстыратын өрнектердің құрамындағы бірдей сандарды сызып тастап, қалған сандарды салыстыруға болады. Мысалы,
1 + 2 + 3 * 1 + 2 + 4; 3 < 4, яғни 1 + 2 + 3 < 1 + 2 + 4.
Жауабы:
10 + 20 + 40 * 10 + 20 + 50, 40 < 50, яғни 10 + 20 + 40 < 10 + 20 + 50.
|