Сабақ тақырыбы: Шамалар. Уақытты бағдарлау Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру Мектеп



бет23/57
Дата01.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130437
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57
Байланысты:
null-1

Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнектегі әріптің мәні

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

әріпті символдардың берілген мәні бойынша бір әрпі бар өрнектің мәнін табады;

“+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды,

(□) белгісіз сан символын қолданады.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парағы;

1 маркер.

Тірек сөздер

Әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты:

Әріпті өрнектегі әріптің мәнін таңдап алу дағ­ дысын қалыптастыру, әріпті өрнектегі әріптің орны­на сан мәнін қою жолымен алынған теңдіктерді шешу дағдысын жетілдіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушылар бұл сабақта әріптің орнына санды қойып және нәтижесін есептеп санды өрнек алады, әріпті өрнектің сан мәнін анықтайды. Есептеуде
әріптің орнын ауыстыратын санды әріпті өрнектегі әріптің мәні деп атайды. Оқушылар әріптің орнына
түрлі сандар, кей жағдайда кез келген сандарды қоюға болатынын білетін болады. “Айнымалы” атауы енгізілмейді.

Кіріспе тапсырма. Сабақты сыныппен жалпы жұмыс істеуден бастаңыз. Оқушыларға “=” таңбасының бір жағында әріпті өрнектің тұрғанын көрсетіңіз.

Мысалы, 6 + а = 18. Оқушыларға тура теңдік шығу үшін әріптің орнына қоятын санды табуды ұсыныңыз­. Іріктеу тәсілі арқылы санды анықтатыңыз. Жауабын

тапқан соң 18 саны шығу үшін 6 + а әріпті өрнегіндегі әріптің мәні 12 саны екенін айтыңыз.

Егер әріптің мәнін өзгертсеңіз, одан кейін қосындыны табуды ұсыныңыз. Мысалы, а = 14. Оқушылар­дан­ 6 + 14 өрнегін есептеуді сұраңыз. Шыққан 20 саны

а = 14 жағдайындағы 6 + а әріпті өрнегінің сан мәні екенін хабарлаңыз.

Әріпті өрнектегі әріптің орнына түрлі сан тұра­ тынына оқушылардың назарын аударыңыз. Әріптің мәніне әріпті өрнектің сан мәні тәуелді.

“Құпия код” ойыны. Сабақтың тақырыбын пысықтау үшін топтық ойын ұйымдастырыңыз­. Мысал келтіре отырып сыныпқа ойын­ның шартын түсіндіріңіз. Әрпі бар теңдікті ұсыныңыз. Мысалы, 8 – х = 5. Әріптің мәнін табуды сұраңыз, бірақ дауыстап айтуға болмайтынын ескертіңіз. Оқушы­ әріптің мәнін тапқанын білдіретін­ белгі беруі тиіс. Енді оған осы әріптің мәнін қолданып­ басқа­ теңдік құруды ұсыныңыз. Мысалы,­ ол мынадай х + 4 = 7 теңдігін құрады, осылай ол “құпия кодты” тапқанын­ дәлелдеп көрсетеді. Келесі­ оқушы үшінші теңдікті­ берілген “кодпен” құрады­ да, оны шешуге ұсы­нады. Осылайша, топтағы барлық­ оқушылар әрпі бар бір-бір теңдіктен құрап бітпейінше,­ “құпия кодты” таба алмайды.



Әр үйде қанша қонақ бар? Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Егер әріптің мәні белгілі болса, онда әріпті өрнектің сан мәнін табуды ұсыныңыз­. Тапсырманы орындау үшін топпен жұмыс ұйым­ дастырыңыз. Тапсырманы бірінші болып орын­­ даған топ өз жауабын айтады, ал қалған топ­ өз жауаптарын тексереді. Тапсырма ламинатталған­ қағаздарда орындалады. Тексеру кезінде алынған санды өрнектерді үйлердің шаты­рының түстерімен ажыратуға болады. Мысалы, “Сары шатырлы үйде … қонақ бар”.
Жауабы:
сары шатырлы үйде 3 қонақ; жасыл шатырлы үйде 9 қонақ; ал қызыл шатырлы үйде 4 қонақ; қоңыр шатырлы үйде 6 қонақ; көк шатырлы үйде 10 қонақ; қызыл шатырлы үйде 8 қонақ; күлгін шатырлы үйде 5 қонақ;
ашық қоңыр түсті шатырлы үйде 7 қонақ бар.
Шығарып көр. Бұл тапсырманы жұпта орын­ датыңыз. Шелек қозғалғанда алынатын әріпті өрнек­ тердегі әріптің мәнін табуды ұсыныңыз. Шелек құдыққа түсіп, одан кейін қайта көтерілген кезде шелектегі х саны құдықтың қабырғасында жазыл­ ған теңдіктердегі бос торкөзге қойылады. Мысалы, 4 + = 7 теңдігіндегі “бос торкөзді” шелек­пен ауыстырғанда 4 + х = 7 теңдігіне ауысады да, оқу­ шылар теңдіктегі х-тің мәндерін таңдап ала алады­. Олар тапсырманы ламинатталған қағаз парақтарында­ орындайды.
Жауабы:

а) х = 3; ә) х = 5.


Орындап көр. Тапсырманы жалпы сыныппен орындатыңыз. Әңгіме жүргізіңіз.
— а – 0 өрнегіндегі а-ның орнына қандай санды қоюға болады?
— Қане, тексеріп көрейік, барлық сандар сәйкес келе ме?
Бірнеше оқушыдан кез келген санды атап және есептеп беруді өтініңіз. Сонымен қатар а – 0 өрнегіне кез келген санды қойып көріңіз. Оқушылар екінші тоқсанда оқыған 0 санының қасиеті туралы білімдерін естеріне түсіреді.

— Қандай тұжырым жасауға болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет