Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу.
Аксиома және теорема сияқты ұғымдарды еске түсіру. (ауызша)
1.Аксиома, теорема дегеніміз не?
2.Планиметрияның қандай аксиомаларын білесіңдер?
-кез келген екі нүкте арқылы түзу жүргізуге болады және ол тек біреу ғана.
-түзуде жатқан үш нүктенің тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады.
Сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен бірге анықтау.
Жаңа материалды меңгеру( презентацияның көмегімен проблемалық диалог түрінде өткізіледі, негізгі сәттерді оқушылар жұмыс дәптерлеріне жазады).
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1. Планиметрия дегеніміз не? (Планиметрия - фигуралардың қасиеттерін жазықтықта зерттейтін геометрияның бөлімі )
2. Қалай ойлайсыңдар, стереометрия дегеніміз не? (Стереометрия – фигуралардың қасиеттерін кеңістікте зерттейтін геометрияның бөлімі).
3. Жазықтықтағы негізгі фигураларды атаңдар. Тағы қандай фигураларды
планиметрия курсында оқыдыңдар?
4. Қалай ойлайсыңдар, стереометрияда қандай фигуралар негізгі болады? Неліктен?
5. Жазықтықта нүктелер мен түзулерді қалай белгілейді?
6. «А нүктесі а түзуіне тиісті» деген сөйлемді қандай символдардың көмегімен жазады? ( )
7. Сіздер грек алфавитімен таныссыздар ма? Жазықтықтарды грек әріптерімен белгілеу, суретте параллелограмм түрінде кескіндеу келісілген.
8. «А нүктесі жазықтығында жатады» сөйлемі түрінде жазылады, ал « а түзуі жазықтығында жатады» сөйлемі түрінде жазылады.
9. 7 слайдта көріп тұрған кейбір фигуралардың қасиеттерімен кейінірек таныс боласыздар. Стереометрияны білу және түсіну ғылым мен техниканың салаларында да қажет болады.
10. Нүкте, түзу және жазықтықтардың өзара орналасуына қатысты негізгі қасиеттері аксиомалар арқылы тұжырымдалған: