Тұсаукесер
|
Жоспар:
1.Үстеу.Үстеудің тұлғалық түрлері.
2.Үстеудің мағыналық түрлері.
3.Үстеудің сөйлемдегі қызметі.
4. Үстеудің емлесі.
1.Заттың қимылы мен ісінің мезгілін, жай-күйін, мекенін және сынның белгілерін күшейтіп көрсететін сөз табын үстеу деп атайды.
Басқа да сөз таптары секілді үстеудің мағынасында да, тұлғасында да , сөйлемде атқаратын қызметінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.
Үстеулер – басқа сөз таптарынан қосымшалар арқылы немесе сөздердің бірігуі арқылы немесе қосарлану, тіркесу арқылы пайда болып, жаңа бір мағынаға ие болған сөздер тобы. Тіліміздегі үстеу сөздер тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: негізгі үстеулер және туынды үстеулер.
Қазіргі кезде құрамындағы негіз бен қосымшалардың жігі бөлінбейтін, яғни бөлшектеуге келмейтін үстеулерді негізгі үстеулер деп атаймыз. Мысалы: әрең,тым,тіпті, әдейі, жорта, жоғарғы, ілгері, төмен, әрі, әрмен, ерте, кеш, нақ,дәл, нағыз, сәл, дере, ең, төтенше, ерекше, т.б.
Қалай жасалғаны, яғни олардың жұрнақ, жалғау жалғану арқылы немесе сөздердің қосарлануы, бірігуі және тіркесу арқылы жасалғаны белгілі үстеулерді туынды үстеу деп атаймыз.
2. Үстеулер мағынасына қарай:
- Мезгіл үстеу.
- Мекен үстеу.
- Сын - бейне үстеу.
- Мөлшер үстеу.
- Күшейіткіш үстеу.
- Себеп – салдар үстеу.
- Мақсат үстеу.
Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді.Қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, бүрсігүні, жаздыгүні, биыл, былтыр, анда –санда, оқта –текте, т.б.
Мекен үстеулері қимыл іс –әрекеттің орнын, мекенін білдіреді. Қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ілгері, мұнда, сонда, т.б.
Сын бейне үстеулер: қимыл іс әрекеттің алуан түрлі сапасын білдіреді. Қалай?қалайша? деген сұрақтарға жауап береді.Оларға: әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, құр, түгел, ауызша, осылай, бірге, зорға, аздап, т.б.
Мөлшер үстеулері түрлі қатынастарды жалпылап,, я шамалап немесе қимылдың және сынның кемдік, я теңдік дәрежесін көрсетеді. Қанша? қаншалық? нешелеп? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: сонша, соншлық, онша, мұнша, мұндайлық, сондайлық, бірталай, недәуір, неғұрлым, бірен-саран, азды—көпті, т.б.
Күшейткіш үстеулері заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерді, көлемді аса күшейтіп немесе аса солғындатып көрсетеді.Қалай?қайтіп? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: аса, нағыз, ең, тым, тіпті, кілең, небір, өңкей, әбден, т.б.
Мақсат үстеулері қимылдың жасалу мақсатын білдіреді. Не үшін? неге? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: әдейі, жорта, қасақана, әдейлеп, т.б.
Себеп-салдар үстеулері қимылдың, амал-әрекеттің жасалу себебін я салдарын, нәтижесін білдіреді. Неліктен? не себепті? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: бекерге, амалсыздан, босқа, текке, лажсыздан, шарасыздан, амалсыздан, құр босқа, әншейін, т.б.
3.- Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым. (Абай) (пысықтауыш.)
- Әрең, әдейі – үстеулері (бастауыш).
- Елдің бәрі –осында (баяндауыш).
- Үйге қайтатын күнім ертең (баяндауыш).
- Кейбір үстеулер жіктеліп, баяндауыш та болады. Мысалы: Мен мұндамын.(Ғ.Мұст).
4. Үстеулердің жазылу емлесі үш салаға бөлінеді: 1) Бірге жазылатын үстеулер; 2) Дефис арқылы жазылатын устеулер; 3) Бөлек жазылатын үстеулер;
1. Бірге жазылатын үстеулерге негізгі үстеулерге жалғау, жұрнақ жалғану арқылы және сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулер жатады. Мысалы: қапыда, абайсызда, тікелей, мұнша, оншалық, қыстыгүні, ендігәрі, әлдеқашан.
2. Дефис арқылы жазылатын үстеулерге қосарлану арқылы жасалған үстеулер жатады. Мысалы: жоғары-төмен, ілгері-кейін, күні-түні, т.б.
3. Бөлек жазылатын үстеулерге тіркес арқылы жасалған үстеулер жатады. Мысалы: ертеден қара кешке дейін, бір күні, кей күні, ала жаздай, т.б
|
1. Үстеулер сөйлемде басқа сөздермен, көбіне, етістікпен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады. Ол негізінен пысықтауыш қызметінде жұмсалады.
Үстеу семантикалық сипатына сәйкес қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі сын-сипаты, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола алады.
|
Мысалы, Аңшылық өмірінде талай қыранды көріп өткен. Тұра қаштым жалма-жан. Ерекше бір азап дүниесінен келгендей.
|
2.Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысықтайды
Кейбір үстеулер жіктеліп, баяндауыш та болады.
|
Бозбаламын мен де енді (Жамбыл). Бүгінгі колхозшылар шетінен сауатты (Ғ.М.) деген сөйлемдерде енді үстеуі бозбаламын деген баяндауышты, шетінен үстеуі сауатты деген баяндауышты пысықтап тұр.
Мен мұндамын (Ғ.М.); Мен сенімен біргемін (Ғ.С.)
|
3.Кейбірі атау септігінде тұрып, субстантивтеніп, бастауыш болады:
|
Еріншектің ертеңі бітпес.
|
4.Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп келіп, кейде анықтауыш қызметін атқарады:
|
Бірталай уақыт өтті, бірен-саран адам көрінеді.
|
|